kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарих?а т?н?ан даламыз.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:      ?аза? ханды?ыны?  ??рылу  тарихымен  таныстыру, ?з еліні?

?ткен тарихына  ??рметпен  ?арау, ынтыма??а, адамгершілікке т?рбиелеу. 

?з  Отанын, ту?ан жерін, ?лтын  жанындай  с?йетін, саналы да білімді, Отанына лайы?  азамат  болып  ?суге  ы?пал  ету, патриотты? сезімді, отанс?йгіштік  ?асиеттерді  ?алыптастыру.

Т?рі:   О?ырман конференциясы

Жауаптылар:  5«а», 5 «?» сынып  о?ушылары, сынып жетекшілері

 К?кенова Ж.А., Батеев ?.  кітапхана ?ызметкерлері.

К?рнекілігі:  кітап к?рмесі,  ?анатты с?здер,

Кітапханашы:      Армысыздар,  ??рметті о?ырмандар,  ?ріптестер!

    Биыл?ы  жылды?  елімізді? тарихында?ы  - тарихи  жадымызды  ?айта

жа??ыртып, ?аза?  мемлекеттігіні? ?алыптасуы  мен ?аза?  ханды?ыны?

??рыл?анына  - 550  жылды?ына  орай  «Тарих?а  т?н?ан даламыз» атты

о?ырман конференциясына   ?ош келді?іздер!

Ата-бабаларымызды?  а?  білекті?  к?ші,  а?  найзаны?  ?шымен  ?ор?а?ан

?ш?ан  ??сты?  ?анаты  талатын   ?лан  байта?  даламызда 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарих?а т?н?ан даламыз.»

Тарихқа тұнған даламыз.

Қазақ хандығының құрылуы, қазақ мемлекеттігінің

қалыптасуы - Қазақстан тарихының өзекті мәселесі.

Н.Ә.Назарбаев.

Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, өз елінің

өткен тарихына құрметпен қарау, ынтымаққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Өз Отанын, туған жерін, ұлтын жанындай сүйетін, саналы да білімді, Отанына лайық азамат болып өсуге ықпал ету, патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.

Түрі: Оқырман конференциясы

Жауаптылар: 5«а», 5 «ә» сынып оқушылары, сынып жетекшілері

Көкенова Ж.А., Батеев Қ. кітапхана қызметкерлері.

Көрнекілігі: кітап көрмесі, қанатты сөздер,

Кітапханашы: Армысыздар, құрметті оқырмандар, әріптестер!

Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы - тарихи жадымызды қайта

жаңғыртып, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен қазақ хандығының

құрылғанына - 550 жылдығына орай «Тарихқа тұнған даламыз» атты

оқырман конференциясына қош келдіңіздер!

Ата-бабаларымыздың ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғаған

ұшқан құстың қанаты талатын ұлан байтақ даламызда ел басқарған

хандар, қол бастаған батырлар мен сөз бастаған би-шешендер аз болған жоқ. Олардың елін, жерін қорғаудағы ерлік істерін дәріптеп, кейінгі ұрпаққа жеткізуші ақын, жыраулар ұлттың рухын асқақтатып отырған.

Қазақтар өздері шексіз сүйген атамекенін, ата-бабасы жатқан

жусанды даласын, асқар тауларын, ұлан- байтақ өлкесіне нәр берген айдын көлдерін, асау өзендерін қорғады. Сергелдеңге түсіп, сенделіп кеткен елді қайта намысқа шаптырып, басын біріктірген, күллі қазақ атаулыны тастүйін бірлікке әкелген, ханды да, қараны да, байды да, кедейді де жанпидаға апарған бір ғана қасиетті ұғым осы Атамекен болатын. Нақты оқиға желісіне құрылған батырлар жырлары мен қисса-толғауларды бойына сіңіріп өскен ұрпақтың бойында ұлттық намыс, ұлтқа тән мінез қалыптасады.

1 оқушы Амира: Қазақ мемлекеттігінің қалыптасу тарихында қазақ хандығының алар орны зор. Осы тарихи маңыздылыққа ерекше мән берген еліміз биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын кең көлемде атап өту туралы шешім қабылдады.

Біз болашаққа көз тігіп,тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат етеміз.

2 оқушы Данеля: Салтанат пенен сән құрған,

Елім бар бүгін жаңғырған.

Бақытым - атамекенім,

Тұлпарлар тұяқ шалдырып,

Сұңқарлар қанат талдырған.

Қазақты әлем таныды

Сәлемін жолдап сан қырдан.

3оқушы Еркебұлан: Қазақстан, көк байрақты нұрлы елім,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің қуанышым, бақытым,

Өзің менің тынысым да тірегім.

Ел құрадық шаттық құйып көңілге,

Жарқырайды Елтаңбаң да төріңде.

Ірге тасың жатыр берік қаланып,

Бетті бұрдың алға, жарқын өмірге!

4 оқушы Алмас: Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,

Тәтті үміті халқымның сан ғасырғы.

Көк байрақты,кемеңгер,кемел ойлы,

Келбетіңнен көремін жалғасымды

Көк бөрінің ұрпағына жұмақ мекен болған қазақ даласында ата-баба-

мыздың сан ғасырлық арман-тілегі мен асқақ мұратына кәрі тарих куә.

5 оқушы Үміт: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді?!

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге өрледі...

Көк тудың желбірегені 5 «ә» сыныбы ұлдары

6оқушы Жандос: Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан – бұл озат ел танысыңдар.

Көк байрағы,елтаңба,әнұраны,

Қазақ елі егеменді,сан ұлты бар.

Тәуелсіздік бабалардың ұраны,

Мәңгілікке бойға таққан тұмары.

7 оқушы Умар: Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр әнім,

Ел іргесі берік болсын, ұраным.

Тәуелсіздік өзіңді еркін сезіну,

Салт –дәстүрім қолдап тұрсын құралын.

Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?

Тәуелсіздік - ар-ұжданы кісілік.

Тәуелсіздік - менің байтақ Отаным,

Көк байрағым, Елтаңбам, Әнұраным.

8 оқушы Тұрысбеков: Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Керей мен Жәнібек хан Шу бойына тіккен хандықтың туы - Мәңгілік Елдің мұраты, ұрпағына қалдырған мәңгілік аманаты. Біздің тарихымыз бастауын сақ, ғұн, түркілерден алып, Керей мен Жәнібек хандардың Шу алабына көшіп, Қазақ хандығының туын көтеруімен жалғасады.

9 оқушы Дамир: 1459 жылы Қазақ хандығының іргесі қаланды.

1 хан 1465-1473 жылдары Керей хан, ал 1473-1480 жылдары Жәнібек хан хандық құрды.

1511 -1518 жылдары Қасым хан хандық құрды, ел басқаруда да Қасым хан көп жаңалықтар енгізген. «Қасым ханның қасқа жолы» атты заң ережелері Қазақ ордасының мемлекеттігін айқындайтын ерекше құжат болды. Бұлардан кейін ел билігінде Хақназар хан, Тәуекел хандар отырды. 10 оқушы Карина: Бұл – Жәнібек,Керей деген хан бабам,

Бола білген ұлысына мұрындық.

Бұл Асан-қайғы,Жерұйығын таңдаған,

Бұл қырық батыр,арғы тегі – қырымдық.

Бұл Қасым хан және дағы ер Есім,

«Ескі жолмен»еркін басып келесің.

«Жолдан» шығып жаңылыссаң,ертеңгі,

Ұрпағыңа қандай үлгі бересің.

11 оқушы Салтанат: Туған ағасы Тәуекел ханнан кейін ел билігін қолға алған Есім хан Қазақ ордасын 1582-1598 жылдары басқарды. Ел билеудегі жол-жобалар мен әдет-ғұрыптар туралы ережелер жинағы «Есім ханның ескі жолы» қазақ елінде ХХ ғасырға дейін сақталып,қызмет етті. Жәңгір хан, Тәуке хандар қызмет етті.

1771 жылы Абылай Түркістанда бүкіл Қазақ ордасының ханы ретінде

Ақ киізге көтерілді. Кенесары 1841 жылы бүкіл қазақ халқының мақұлдауымен хан көтерілген соңғы хан.

12-оқушы Ангелина: Бұл Кенесары азуын білеген аспанға,

Ұрансыз қазақ айқасқа өмірі басқан ба?

Ұран салды Кене хан бар дауысымен:

«Бостандық үшін ұмтыл,қазақ,жасқанба!

Сазайын тарттыр жеріңді алған жауыңның»,

Дейді емес пе:»Бір тосу - мың асқанға!»

13-оқушы Сезім Атамекен,туған жердің төсінде,

Болған жайлар,бәрі де ұрпақ есінде.

Сан ғасырлар елін,жерін қорғаған,

Ерлер өткен Қабанбай,Бөгенбайдай не сынды.

14-оқушы Ұлпан: Бұл -әз Тәуке,Абылай хан айбарлы,

Ұлтымыздың ұранына айналды.

Дара туған бас қолбасшы Қабанбай,

Малайсары,ер Бөгенбай,Саурықтар,

Ұрандатып жауға шапқан аянбай.

15-оқушы Аяулым: Туған жерінің тағдырына бір ғасырдан артық созылған соғыста араша болып,желкілдеген ту көтеріп,желекті найза ұстаған Қарасай, Ағынтай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек, Қойгелді, Жалаңтөс, Көкжал Барақ, Батыр Баян, Сыпатай, Балпық би, Ескелді би, Малайсары, Райымбек, Едіге, Өтеген, Саурық, Сұраншы, Шынқожа, Бердіқожа, Шормақ, Қылды, Елтінді, Көшек, Олжабай, Бөлек, Сатай сияқты баһадүр батырлар ел намысын қорғап, қазақтың бөрілі байрағын асқақтатты.

14-оқушы Жігер: Данасы мен батыры көп қазақпын,

Көрген талай қияметін азаптың.

Ар шыңдаймын көк туымды шалқытып,

Жасай берсін, Қазақстан 550 жылдығың!

15- оқушы Наргиз: Тарихты зерделеп қарасақ, қазақ ұлы халық. Біз қазақ болғанымызға мақтан ете алатын бақытты жандармыз. Сонау үйсін, қаңлы, найман, керей, дулат, қыпшақ, қимақ, түргеш сияқты тайпалық

мемлекеттерді былай қойғанда Түрік қағанаты, Жошы ұлысы, Алтын Орда, Көк Орда, Сібір хандығы, Қазақ хандығы сияқты мемлекет құрған, Күлтегін, Қорқыт, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Қайдар Дулати, Ыбырай, Шоқан, Құрманғазы, Абай, Шәкәрім, міне, осылай санай берсең саны жоқ ұлылардың ұясы.

16-оқушы Аруна: Қазақ хандығын құруда пайдалы кеңестер айтып, бұқара халықтың атынан сөйлеп, ел дауын шешуге араласып, ел басқару ісіне араласып, хандардың жанында өмір сүрген қаншама би, шешен, ақын, жыршы, жырауларды білеміз. Бұқар жырау Абылай ханның ақылшысы, Жиренше шешен Жәнібек ханның кеңесшісі, Марғасқа, Жиембет жыраулар Есім ханның қасында болып талай ісіне араласқан. Басқа да ұлыларымызды айтып өтсек- Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би, Ескелді би, Балпық би, Қадырғали Жалайыр би, Асан қайғы, Бекет ата тағы-тағылар.

Жаса, Қазағым Асханұлы Даниал 3 «а» сынып

Қорытынды:

Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы маңызды

оқиға болды. Іс-шараны қорыта келе, «Қазақстан деген мемлекет оп-оңай

тұрғыза салған үй емес немесе кеше ғана өмірге келген ел емес, оның да тамыры тереңде екенін әлем білуі керек. Ұлттық рухты асқақтату қажет. Мұның бәрі ұлтымыздың айбары мен абыройын асырып тұратын Қазақ мемлекеттілігі тарихының ескерткіш белгісіндей болып

ғасырларды ғасырларға жалғастырып тұрары хақ.

Салтанат Мырзабайқызы Раева,

№16орта мектеп гимназиясының кітапханашысы.

Талдықорған қаласы, Алматы облысы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Тарих?а т?н?ан даламыз.

Автор: Раева Салтанат Мырзабаевна

Дата: 23.01.2016

Номер свидетельства: 281372


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства