Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіз елім - Қазақстан"»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз елім - Қазақстан»
Мақсаты:
Білімділік - оқыта үйрету ойындары арқылы білімдерін толықтыру
Дамытушылық - сөйлеу тілдерін және танымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік - Отанды сүюге, достық пен татулықтың туын берік ұстауға тәрбиелеу.
Типі: сайыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, Қазақстан туралы буклеттер, асықтар, топ газеттері
Сайыс барысы: күй «Сарыарқа»
Жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты сайысымызды бастаймыз. Әділқазылар мүшелерімен таныстыру. Топ мүшелеріне сөз береді.
топтың топ басшысы бастайды. Біздің топ: Бейбітшілік құсы.
Біздің ұранымыз: Біз сүйеміз бейбіт күнді,
Бейбіт күнде туғанбыз.
Біздің өмір күндей нұрлы,
Бақыт құшқан ұланбыз.
Біздің әніміз: Оқушылар «Ақ көгершін» әнін орындайды
Жүргізуші: «Өлең- сөздің патшасы...» - деп Абай атамыз айтқандай, келесі сайысымыз өлеңді жатқа оқу. (3 оқушыдан шығып Қазақстан туралы өлеңдерін оқиды)
Жүргізуші:Жүргізуші: Мақал мен мәтел халық даналығының бір түрі. Олардың көлемі -шағын, тілі- көркем, мазмұнды, шешендік сөздің дәні. Олардың тақырыптары әр алуан болып келеді. Бүгін Отан туралы мақал- мәтелдерді жатқа айтасыздар.
Сөз кезегін 1- ші топқа берейік. (әділқазылар бағалайды.) 2-ші топ мүшелері де қалыс қалмайды.
Жүргізуші: Мың бұралып күйменен,
Биле, достым, биле сен!
Топ мүшелерін би сайысына шақырамыз. (әділқазылар бағалайды.)
Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Көсемдікке ұмтылу» деп аталады. Екі топқа он сұрақтан қоямын. Ойларыңызды жинақтаңыздар. Ал, бастайық.!
«Бейбітшілік құсы» тобына.
Сен қай республикада тұрасың?
Қазақстанда мемлекеттік тіл қай тіл?
Қазақстан халқының саны қанша?
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстанның неше астанасы болды?
Қазақстанның астанасы қай қала?
Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
Қазақстан қай елдермен шектесіп жатыр?
Қазақстан қай жылы өз тәуелсіздігін алды?
Биыл тәулсіздігімізге неше жыл толады?
«Қазақстан –мақтанышым» тобына қойылатын сұрақтар:
ҚР- ның Елбасы кім?
Қазақ тілі қай халықтың ана тілі?
Қазақстанда неше облыс бар?
Сендер қай облыста тұрасыңдар?
Алматы Қазақстанның нешінші астанасы?
Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейміз?
Ұлттық сусындарға нелер жатады?
Қазақстанның табиғаты қандай?
Қазақстандағы ең терең көлді білесің бе?
Шығыс Қазақстанның әкімі кім?
Жүргізуші: Топ мүшелерін сайысымыздың сахналық қойылым кезеңіне шақырамыз.
(әділқазылар бағалайды)
Жүргізуші:Ұлттық ойындар батылдыққа, ептілікке, логикалық ойлауға, жылдамдыққа, тату болуға тәрбиелейді. Келесі сайысымыз «Ұлттық ойындар»
1-ші топ «Қыз қуу», асық ойынын көрсетеді(асықты қылай аулау керек екендігін түсіндіру. Екі топтан бір оқушыдан шығып , асық аулайды.Кім асықты көп қағып алса сол жеңеді)
2-ші топ «Кім күшті» ойыны (екі топтан бір- бір баладан шығады. Білек күштерін сынайды).
«Теңге алу» ойыны Екі топтан бір- бір баладан шығады. Бір аяқтап музыка ырғағымен тиындарды жинайды.(әділқазылар бағалайды)
Әділқазылар жинаған ұпайларын есептегенше музыкалық тарту жасау.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Бақытты сәт» ойын – сайысымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдығандарыңызға көп рахмет. Келесі кездескенше сау –саламатта болыңыздар!