Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған Қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері, барлық майданда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді. Кеңес қарулы күштері орасан зор қиыншылықты жеңе отырып төтеп берді. Өзіміздің Шығыс Қазақстан облысында 316-нші атқыштар дивизиясы құрылып, ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Москва үшін шайқаста генерал-майор Панфилов қолбасшылық еткен атқыштар полкын аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Олар- Отан үшін от кешкендер»
Ұлы жеңіске 73 жыл
Олар Отан үшін шайқасты.
Бес жылға созылған қанды майданда Отан үшін аянбай еңбек еткен қазақ батырларының ерлігі мәңгілік жадымызда. Оларды ұмытуға хақымызда жоқ. Осындан 70 жыл бұрын жауыз фашистерге қарсы соғысқан бабаларымыздың арқасында бүгінде біздер бейбіт ғұмыр кешудеміз. Батырлар жайлы бүгінгі жас ұрпақ біле жүрсін деген ниетпен, олардың өмір баяндарына сыр шертуді жөн көрдік. Ұлы Отан соғысында мыңдаған адам жаумен күресіп, ажал құшты. Соғыстан аман — есен оралған ардагерлерде азайып бара жатыр. Ұлы Отан соғысында елі жері үшін от кешкен батыр аталарымыздың ерлігі жадымыздан ешқашан өшпек емес. Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан қаһармандарымыз қаншама. Танысыңыз: Кенесбаев Қаирбай Мұхаметжанұлы. Ертіс ауданы Қайманачиха ауылының тумасы, 1 қыркүйек 1923 жылы туған. Бір отбасында алты бала тәрбиеленген. Қаирбай ең кішісі болған. Өзінен үлкен екі ағасы Құсайын мен Белял соғысқа кеткеннен бері, күні бүгінге дейін хабарсыз. Соғыс басталған кезде өзінің құрдастары сияқты сұранып соғысқа аттанды. 1941 жылы Ертіс әскери комиссириаты арқылы қыркүйек айында шақырылды. 18 жасынан бастап соғыстың сұрапыл жылдарын басынан кешті, өз өмірі отан үшін от — су кешті. Сапердің еңбегі күрделі, бұл жерде ең үлкен кіш жігермен, жауапкершілігімен өте төзімді, саперлар жергілікті жердегі жер асты миналарын тексеру. Әскерлер алға қарай жылжыған сайын ең басты міндет, мина жарылғыштар жерін қоршауға алады. Төрт жыл қатарынан аға старшина сапер әскери ротасында 44139 Кеңесбаев Қ.М. өзіне берілген жұмысты адал сеніммен орындап отырды. Бірнеше рет жараланды, ауыр жарақат алған кездеріде болды. Өз қатарынан қалмай, ауыр жарақатына қарамай өз әскерімен бірге жауға қарсы шыға білді. Қан майданда алған алғыстары әскери бөлім 44139 ең жоғарғы адал сеніммен әскери қолбасшы совет одағының маршалы И.В. Сталиннің бұйрығы 22 тамыз 1944 жылы алғыс жариялады. Бендера қаласының оң жағының қамалын бұзғаны үшін, №201 бұйрық бойынша 22 қазан 1944 жылы жақсы ерлігі үшін алғыс жарияланды. Югаславия астанасының Белград қаласын алу үшін өте жақсы ерлік көрсеткені үшін алғыс жарияланды. №334 бұйрық бойынша 13 сәуір 1945 жылы Австрия — Вена астанасын алу үшін алғыс жарияланды. Гвардия полковнигі Загребин қолымен қойылған алғыс жарияланды. Жазулардың астарында қаншама күрделі еңбекпен келген жұмыс жатыр, ойымызғада келмейді. 1945 жылы күзде рота старшина сапері Кеңесбаев елге оралды. Ерең ерлігі үшін, майданда көрсеткен жігерлігі үшін Ұлы Отан соғысында аянбай күш жігерін берген үшін Қаирбай Мұхаметжанұлы “Қызыл орденмен”, “За отвагу” екі медалімен, “За взятие Будапешта”, “За взятие Вены”, медалдарімен марапатталды. Соғыс туралы көп айтпайтын сирек еске түсіретін, майдандағы ерліктерін әңгімелегенді жаны жақсы көретін. Соғыс біткен соң Қаирбай Қайманачихаға қайтып оралды. Отбасын құрды. 1946 жылы Железинка ауданына қоңыс аударды. Бану апаймен тұрмыс құрып өмірлік серік етті. Бану апай сенімдіде ақылшы, шында ақылды жары бола білді. Отбасында екі ұл, бес қыз бала дүниеге келді. “Үш қызы бар әке жұмаққа барады” деген қазақ мақалы бар. Ол екі есе бақытты болды, бес әйбат сүйкімді қарапайым әрі жұмысқа алғыр қыздар өсті. Ұзақ жылдар бойы мектепте математика пәнінен ұстаз болып қызмет етті, мектеп директорының орынбасары қызметіне дейін көтерілді. «Память Кирова» (Урлютюбск) қазіргі Железинка ауданының колхозын басқарды. 1969 жылы сұрапыл майдан жылдары қайта қайталанды, майданда алған жарақаттары өз белгісін сездіре бастады. Алты жылдай қатты ауырды. Дәрігер қызы Дариға әкесіне қатты көмек көрсетті. Осы тұста адал жары Бану апай және өсіп келе жатқан балалары өмірін ұзартты. 1974 жылы 51 жасында дүниеден озды. Оған себеп болған майданда алған жарасы басылмады. Отбасына өте ауыр кезең туды. Бану апай төзімшілікке төзе біліп балаларын өсіріп ел қатырлы қылды, оқытты жоғарғы білім әперді. Жарына әрқашан адал болып қалды. Өмір бойына қайта тұрмыс құрмай балаларын жеткізді. Ұлын ұйяға қызық қияға қондырды. Сол жылдардағы қиыншылықтарға төзе білді, адал еңбегі арқасында 2005 жылы «Тылдағы еңбегі» үшін медалімен марапатталды. Бұл медалді маңдай терін төгіп күн түн демей егіс науқанында еңбек еткені үшін марапатталды. Анамыз Бану соғыс кезінде ауылда трактор айдап жұмыс істеді. 2008 жылы анамыз дүниеден өтті. Қаирбай Мұхаметжанұлы мен Бану апайдан ұрпағы, балалары жалғастарды. Үлкен қызы Кенесбаева Дариға Қаирбайқызы қазір Көкшетау қаласында тұрады, зейнеткер, ұлы Кенесбаев Болат Қаирбайұлы Екібастұз қаласында тұрады, милиция полковнигі отставкада, қызы Нұрахметова Жанат Қаирбайқызы (Кенесбаева) Солтүстік Қазақстан облысында тұрады, зейнеткерлікте, Калиева Сәуле Қаирбайқызы (Кенесбаева) Ақмола облысында тұрады, зейнеткерлікте, ұлы Кенесбаев Баянбек Қаирбайұлы Павлодар қаласында тұрады, Павлодар облыстық жылжымайтын мүлік орталығының қызметкері, қызы Шаухина Зәуреш Қаирбайқызы (Кенесбаева)«Ефремовка жалпы орта білім беру мектебінде ММ Павлодар ауданының» мектеп директоры. Жиырма немересі, отыз жеті шөбересі бар. Адамгершілігі мол, жүрегі жылы, қайырымдылығы, қарапайымдылығы, жанындағы адамдарға жылылық сыйлай білетін кең пейілді әке еді. Балаларының есінде, ұрпақ жақын туыстарының, оқушыларының ойында мәңгілік сезіммен сақталады біздің жерлес, рота старшина сапер Кенесбаев Қаирбай Мұхаметжанұлы Ұлы Отан соғысының ардагері.