Просмотр содержимого документа
««Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі»»
Тақырыбы:«Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Дамытушылық: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.
Тәрбиелік: Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, ұлттар арасындағы ынтымақты нығайту.
Барысы:
1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, достар!
2 жүргізуші: «Өнер алды – қызыл тіл» деп халқымыз баға берген мәңгілік еліміздің мәңгілік тілін құрметтеуді біз әрқашан даналардан үйренеміз (видео слайд «Даналардың ізімен»)
1 жүргізуші: Олай болса «Сөз мәдениеті, тіл мәдениеті» үйірмесі мүшелерінің мәңгілік тілді зерттеуі «Бабалар сөзі – ақылдың көзі» мақал – мәтелдер тарауына арналады.
(Ән «Сегіз аяқ»)
2 жүргізуші: Ия, достар, міне осылайша біз үйірменің әр танымдық сағатын бабалар тіліне арнайтын боламыз
1 жүргізуші: Олай болса, қане достар мына өлеңді бәріміз бірге мәнерлеп оқып, танымдық сағатымызды бастайық! (Бәрі, көрермендермен бірге)
Ана тілім - бабам тілі - өз тілім,
Ана тілім - анам тілі - өз тілім.
Ана тілім - далам тілі - өз тілім,
Ана тілім - адам тілі - өз тілім.
Ана тілде сыры терең жаным бар,
Ана тілде әнімменен сәнім бар.
Ана тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
2 жүргізуші: Рахмет, достар!
1 жүргізуші: Ендеше ортаға «Мақалшылар» мен «Зерттеушілер» тобын шақырайық. «Мақалшылар» олар біздің үйірме мүшелері, ал зерттеушілерге әр мектептен 1 оқушыдан шығып, айтылған мақалдардың мағынасын түсіндіруі керек. Кім көп талдаса, сол зерттеушілердің көшбасшысы болады. Келістік пе!
2 жүргізуші: Көп рахмет, бұл баспалдақта сүрінбей өткен көшбасшы кім екен, ортаға шығуларыңды өтінеміз.
1 жүргізуші: Ендігі зерттеуімізді интербелсенді тақта арқылы жалғастырамыз, келесі топ әр мектептен тағы да 6 оқушы шықсын, қалғандарымыз білсек те тыныш отырамыз, тіпті жауап болмаған жағдайда топ мүшелері көрермендерден көмек сұрауына болады.
“Жаңылмай жауап бер” ойыны
1. Ердің атағын кім сақтар?
2. Кім мыңды жығады?
3. Ырыс алды не?
4. Еріншектің ісі неше?
5. Кімнен үйрен, кімнен жирен?
Берілген мақалды жалғастыр
Еңбек түбі - береке, Өнерлі жігіт өрге озар,
Көптің түбі - . . .(мереке) Өнерсіз жігіт жер . . . . (соғар)
Берілген мақал – мәтелдердің сыңарын табу
Білім - от
Ой түбі – білім бұлағы
Оқу – аз сөйле
Көп біл - өмір шырағы
Ойын түбі – қызыл тіл
2 жүргізуші: Көп рахмет, бұл баспалдақта сүрінбей өткен көшбасшы кім екен, ортаға шығуларыңды өтінеміз.
1 жүргізуші: Ендігі зерттеуімізді орындау үшін келесі зерттеуші топты ортаға шақырамыз.
2 жүргізуші: Берілген мақал – мәтелдердің қазақ тіліндегі баламасын табу
1. Ештен кеш жақсы кто не работает, тот не ест
2. Ерте тұрғанның бір ісі артық берись дружно, не будет грустно
3. Ынтымақ түбі – игілік кто рано встает, тому бог дает
4. Еңбек етпеген, ішіп жемейді лучше поздно, чем никогда
5. Біреуге ор қазба, өзің түсерсің что посеешь, то и пожнешь
6. Еңбек етсең емерсің не рой другому яму, сам упадешь
7. Не ексең, соны орасың человека прославляет труд
1 жүргізуші: Келесі зерттеуіміз тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтуға арналады «Қысқа сөз – нұсқа сөз», әр мектептен тағы да 6 оқушы келсін.
2 жүргізуші: Мақал-мәтелдердің мағынасын біліп, бір сөзбен ғана жауап беру.
Үріп ауызға салғандай, тал бойында бір мін жоқ (сұлу)
Қол қусырып қарап отыр. (жалқау)
Жағың түспей жамандық көрме. (тілек)
Ана сүті аузынан кетпеген. (жас)
Аттың жалы, түйенің қомында. (асығу)
Жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаулап өсу (көбею)
Жұбың жазылмасын, бағың ашылсын. (бата)
Суығыңа тоңып, ыстығыңа күйдім (көмектесу)
Шыбынның ызыңы білінбеу (тыныштық)
1 жүргізуші: Құметті ұстаздар міне бүгін біз әр мектептің мақал – мәтел зерттеушілерінің көшбасшыларын айқындадық.
2 жүргізуші: Олай болса, көшбасшы - мақалшыларды құрметпен ортаға шақырамыз. (көшбасшылар ортаға шығады, марапатталады)
ІІІ. Қорытынды бөлім
1 жүргізуші: Танымдық сағатымыздың ІІІ бөлімі «Үш тіл емес, үш жүзді біл қаласаң» деген ұғымға арналып отыр.
2 жүргізуші:
Ия, достар үш тілді емес, үш жүзді біл қаласаң,
Шетелге шық, шетке шықпа жарасаң.
Ең тәуірі ана тілің емес пе...
Көзіңді ашып қарасаң.
1 жүргізуші:
Абай, Жамбыл ұмытылып тұлғасы,
Кейінгі ұрпақ төмен қарап тұрмасын.
Жас буыннан не деп тарих сұраймыз
«салам брат», «привет» деп тұрғасын.
1 жүргізуші: Қазір дүниежүзінде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қытай, һинді-ордо, ағылшын, испан, итальян тілдері 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.
2 жүргізуші: Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз. Сол қуанышымызды жақсы бір өлең шумақтарымен білдірейік достар.
(көрермендермен бірге)
Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
1 жүргізуші:
Сен арқылы қанып ішсем тұнықтан,
Сен арқылы дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе?
Ана тілім егер сені ұмытсам.
1 жүргізуші:
Бүгінгі танымдық сағатымызда көрермен қауым арасынан Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін кім жатқа айтып береді, соған сыйлығымыз бар.
2 жүргізуші:
Сонымен «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» тақырыбына арналған «Бабалар сөзі – ақылдың көзі» баспалдағы бойынша мақал – мәтелдерді талдауға арналған таным сағатымыз мәресіне жетті.
1 жүргізуші:
Келесі баспалдақ «Бабалар тілі шырайлы» деп аталып, шешендік сөздерге арналады.