Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты келіннің орнының ерекше екендігін, отбасының ұйытқысы екендігін ұғындыру. Келінге немесе болашақ анаға деген сыйластықты ояту,ананың өмірге деген маңыздылығын ұғындыру;
1-жүргізші:Наурыз тойы – мерекесі ұлтымның
Берекесі ырысы мен құтымның
Тәуелсіздік думанымен бірге келген
Ұлы күні, Ұлыс күні жұртымның
Наурыз - салт, Наурыз – дәстүр, Наурыз – дінің
Жыл басы,Ұлыс күні,жаңа жылың
Көктем көк көл-көсір боп жердің жүзі
Көк басар туған жердің бар адырын
2-жүргізуші:Армысың, жиылған жұрт, асыл халқым
Сақтаған ғасыр бойы дәстүр-салтын
Ынтымағын,елдігін биік ұстап,
Шығарған талай жерде қазақ атын
Армысың өнер сүйер алты Алашым
Қуанышың бүгінгідей тарқамасын
Алдарыңызға келген соң өрлі келін
Сіздерді көріп енді арқалансын.
1-жүргізуші:Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен қасиет бойынан табылған келіндер қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі ұлттық тағам түрлерін әзірлеу, көркем сөз оқу, ісмерлік пен қолөнер шеберліктерін қаншалықты меңгергендерін көру үшін «Келіні жақсының – керегесі алтын» атты мерекелік сайысымызды тамашалаңыздар!
2-жүргізуші: Ал, ендеше, сайысқа қатысушы келіндерімізбен таныс болыңыздар!
№1 Музыка пінінің мұғалімі Кульжанова Жанна Есенжолқызы
№2 Бастауыш сынып мұғалімі Нұрғалиева Ақмарал Танатқызы
№3 Психолог Нұрмағамбетова Раушан Ғалымжанқызы
№4 Математика пәнінің мұғалімі Мурзабаева Ақтолқын Рафитқызы
№5 Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Туретова Гәкку Айбекқызы
1-жүргізуші:Кім жеңеді сайыста? Үміт алда
Қобалжу бар,жүректе күдік барда
Әділ-қазы алқасы атыңды ақта
Жүректерге арман менен бақыт жолда
2-жүргізуші:Сайысқа әділ төрелігін жасайтын әділ-қазы алқалары:
1-жүргізуші:«Ұршық иіру» бойынша бағаларға назар салайық.
2-жүргізуші:Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой, тәрбие көзі қалдырған
Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған
1-жүргізуші:Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз
5-шартымыз Салт-дәстүрлерді көрсету.
2-жүргізуші:Салт-дәстүрлерді көрсетуге байланысты келіндеріміздің бағасына назар аударайық.
1-жүргізуші:Осындай болып жатты ұлы жиын
Жиынның мыңнан бірін айту қиын
Еті тау,қамыры көл деуге болар
Айтқанда тартыңқырап астың сыйын
2-жүргізуші:Иә,қазақтың өзге ұлттан ерекшеленетіндігінің бірі – ұлттық тағамдары.Бүгін келіндеріміз қазақтың қандай тағамдарын көрсетер екен? Ендеше, зер салайық.
1-жүргізуші:Сегіз қырлы – бір сырлы келіндеріміздің қолынан шыққан ұлттық тағамдарымызға бағасын берейік.
2-жүргізуші: Сымбатына өнері жарасатын
Аспандағы айменен таласатын
Өздеріне сай келіп тұрған жоқ па
Келіндерге қызығып қарасаң шын
1-жүрг. Келіндер қандай қазақтың ұлттық киімдерін таныстырмақшы. Ендеше,көрейік.
2-жүрг. «Қылығына сай екен киімдері-ай» шарты бойынша қазылар алқасының бағаларын білейік.
1-жүргізуші: Әділқазы алқалары бүгінгі, Әр келінді бағалайық өнерлі. Өнерпаздың барлығы да жеңімпаз Достық деген арттырайық ұғымды.
2-жүргізуші: Әділқазы, алқасына бір сәлем. Әділдікке бас иеді күллі әлем Жүйрік озар сайыстарда неше бір Сарапқа сал әділдікпен шеше біл
1-жүргізуші: Келесі сөз кезегін әділ-қазы алқаларына береміз.
2-жүргізуші:Күй:Нұрмағамбетова Раушан
1-жүргізуші: Келесі сөз кезегі мектеп директоры Е.Т.Шолтаевқа беріледі.
1-жүргізуші:Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір күрес,жеткізе ме мұратын
Жеңбедім,жеңілдім деп ренжімегін
Қатысу да бір жеңіс,болсаңыз егер ұғатын
2-жүргізуші:Келешекте әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар
Өнерлілер көбейсін күннен-күнге
Өмір-күрес,әлі талай жарыстырар
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Келіні жақсының-керегесі алтын»
Келіні жақсының- керегесі алтын