"Ертегіші" сайыс саба?ы 5-сынып о?ушыларына ертегілер та?ырыбын ?дебиет саба?ынан ая?та?аннан кейін ?орытынды саба? ретінде ?олдану?а болады. ?орытынды саба? о?ушыларды? білімін ?ада?алап, ба?алау?а арнал?ан. сонымен ?атар о?ушыларды топта ж?мыс жасау?а ?йретеді. К?тілетін н?тиже: о?ушыларды? ?дебиет саба?ынан ал?ан білімдерін жетілдіру болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ертегіші" сайыс саба? 5-сынып»
Есжанов Рустам Тулегенович,
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы,
«Ильинка орта мектебінің» І санаттағы
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Әдебиеттен «Ертегіші» атты сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сабақта алған білімдерін тексеру, қадағалауғ бағалау мақсатында сайыс өткізу. Топтық жұмысқа баулу, өзара және өзін-өзі бағалауға үйрету
- Ең алдымен, оқушылар сайыс сабағымызды бастамас бұрын, сіздермен шағын сергіту сәтін өткізгім келіп тұр. Сергіту сәтіміз «Күннің көзі күлімдейді» деп аталады.
Сыныпты топқа бөлу. (Сынып топқа мақалдың екі жартысын қосу арқылы 3 топқа 4 адамнан бөлінеді)
Ендеше сайысымызды бастайық
1 тур «БӘЙГЕ»
Кезең шарты: Ертегі мазмұнына сәйкес қойылған сұрақтарға тез, жылдам және дұрыс жауап беру қажет. Әр дұрыс жауапқа топ 10 ұпай алады.
Ертегінің түрлері /қиял-ғажайып, хайуанаттар, шыншыл/
Мына сөзді жалғастыр: 8 қызым бір төбе ... /Кенжекейім бір төбе/
Бапы хан кім? /жер асты хандығы/
Перінің қызын ата /Бекторы/
Адамның жаманы /Жаман/
«Аяз би» ертегісінде жақұтқа не болды? /құрт жейді/
Тазша бала қай ертегінің кейіпкері? /Қырық өтірік/
Қойшы баланың әкесі /Мергенбай/
Ер Төстік жер астынан шыққанда кіммен төбелесті? /Шойынқұлақ/
Кезең шарты: Оқушылар «Аяз би» ертегісін мазмұнына сәйкес дұрыс орналастырулары қажет. Әр дұрыс сәйкестікке 10 ұпай беріледі
Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі. 2
Жаманның сертке берік болуы. 5
Жаманның Барсакелмеске баруы. 7
Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы. 1
Хан тағына отырған Жаман. 10
Ханның Жаманды уәзіретуі. 3
Меңдінің Жаманды таңдауы. 4
40 уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы. 6
Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға келуі. 8
Ханның Жаманды сағынуы. 9
Кезеңді қорытындылау
4 тур «Сандар құпиясы»
Кезең шарты: Оқушылар берілген сандарды ертегілермен байланыстырулары қажет. Дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.
40, 9, 8, 3
Кезеңді және түгел ойынды қорытындылау
Кері байланыс
- Ал енді, оқушылар, сайысымызды қорытынддылап болған кейін сіздерден бүгінгі ойын туралы пікірлеріңді білу мақсатында «Жеміс ағашы» атты кері байланыс жүргізгім келіп тұр. Пікірлеріңді еркін жеткізе қойыңдар.