kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесіне арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні!"»

Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан көтеріліс болды. Желтоқсан оқиғасының шығу себебі: 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Д.Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбиннің «сайлануы» болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек- легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа- өз көсемі!» ,«Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен , «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты.Ұлт саясатын дұрыс жүргізуді,ұлттық тіл мәдениеттің дамуына қамқорлық жасауды,ұлттық саяси қайраткерлердің басшылық орындарында лайықты лауазымға ие болуына назар аударуды талап етті. Жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді айтып қалуға тырысты.

1986 жылғы 17 - 18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларды «Ұлтшыл, маскүнем» деген кінә тағылды.

Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фрунзеден - 100, Ташкенттен - 300, Челябіден - 203, Новосибирскіден - 203, Свердловскіден - 225, Тбилисиден 450 тартылған. Жастарға қарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс - шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған.

Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. Солардың ішінен атап кететін болсақ: Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол

Қайрат Рысқұлбеков жайлы мәлімет: 1966 жылы 13. 03 Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында малшы отбасында дүниеге келген. 1973 - 81 жылдары Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп - интернатта 8 - жылдық білім алған. 1981 - 83 жылдары Бірліктегі Киров атындағы орта мектепті бітіріп, 1984 - 86 әскери қатарға алынған. Мектепте белсенді комсомол мүшелерінің бірі болған. 1986 жылы жолдамамен Алматы сәулет - құрылыс институтына түседі. 1986 жылы 16 желтоқсанда бейбіт шеруге қатысады. Қайрат тұтқындалып 18 желтоқсанда сағат 11 бастап Мир және Сәтпаев көшелерінің қиылысында бейбастық жасап Савицскийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады деген айып тағылып 6 - ай жүрген Бесеудің соттың соңғы үкімін 1987 жылдың 16 маусымда мынандай үкім шығарды:

Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы 1966 жылы туған, Алматы сәулет - құрылыс институтының 1 - курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60 - бабы - 2 жылға, 65 - бап - 12 жылға, 173 - 1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтық ең ауыр - өлім жазасына кесілді

Асанова Ләззат Алтынайқызы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 ж. Алматыда П. Чайковский атынд. муз. уч - щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17 - 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп - төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты.

Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақмектеп аулының «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебін үздік бітіреді. Сол жылы облыс орталығы Өскемен қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түседі. 1986 жылғы 17 - 18 желтоқсанда Алматы қаласында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісін қуаттап 22 желтоқсанда Өскемен қаласында бірге оқитын студент жастармен бірге наразылыққа шығады. Студент қыздардың бұл әрекеттері барып тұрған ұлтшылдық деп бағаланып, сол күні кештен бастап партия, кеңес, комсомол, мемлекеттік қауіпсіздік, құқық қорғау орындары тарапынан тергеу, олардан жауап алу басталады. Нәтижесінде орынсыз қорлау мен жала жабу мен тергеуге шыдай алмаған Сәбира Мұхамеджанова барлығын ұйымдастырған мен деп мәлімдеп, жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, мерт болады. Сөйтіп ол Желтоқсан құрбаны, батырына айналды

Ербол Сыпатаев – Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын құтқару барысында алған соққыдан қайтыс болған жас қазақ жігіті. Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылы дүниеге келген. Желтоқсан көтерілісі уақытында Алматы қаласында энергетика институтының 2 курс студенті болған.

Слайд:Архивтен алынған сол кездегі бейне көріністерден үзінді.

Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр

Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген?

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,

Бізге оны ешкім аяп бермейді.

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

ІІІ. Видеоролик — Ән «Желтоқсан желі». «Желтоқсан желі» 1986 жылы жазылды. Мәтінін жазған Абдрахман Асылбеков, әні Әбиірбек Тінәлиевтікі. Желтоқсанның ащы шындығын айтатын бірнеше деректі фильмдер түсірілді.«Аллажар» деректі фильмінің режиссері Қалдыбай Абенов, «Аллажар» фильмін 1988 жылы түсіре бастаған, бірақ 1989 жылы КГБ түсіруді тоқтатқызған. Фильмді 1996 аяқтады.Талғат Теменовтың режиссерлығымен «Қызғыш құс» атты фильм өмірге келді.

IV- Семантикалық карта

1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.

1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш рет айналымға түсті.

1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.

1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.

1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.

1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.

1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.

1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.

2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.

2001 жылы 18мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.

2002 жылы – Денсаулық жылы.

2003-2005 жылдары Ауыл жылдары

2006жылы - Сыр елі өнер ордасы

2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.

2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.

Бекіту. «Кубизм» стратегиясы. Кубтың алты қырымен алты сұрақ беріледі.

1. 1986 жыл?

2. Оқиғаның басты себебі? /Басшылардың ауысуы/

3. Қозғаушы күші? /Қазақ жастары/

4. Қанша адам қатысқан? /8500/

5. Желтоқсан құрбандары кімдер? /Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира/

6. Оқиғаның тарихи маңызы? /Тәуелсіздік алуға жасалған алғашқы қадам/

«Желтоқсан желі» әдеби – сазды монтаж

V. Қорытынды:

Желтоқсан оқиғалары - Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды. Сондықтан да оның жүгі ауыр, шығыны көп болды.Желтоқсан оқиғалары арқылы Қазақстанның енді ғана қаз тұрып келе жатқан жас демократиясы мол тәжірибе жинақтады, тарихи сабақ алды. Бұл оқиғалар өзінен кейінгі кезеңде республикада жаңа бағыттың экономикалық реформалардың, әлеуметтік бетбұрыстардың соны қарқынмен өрістеуіне.

Тұрса да биік өр басын,

Қазаққа бақыт орнасын.

Сексен алтыншы жылғыдай,

Желтоқсан желі болмасын!

Күн кешіп лапылдаған жастарым,

Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.

Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін

Қорғау үшін көтерді олар бастарын






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні!"

Автор: Тарпамбай Әйгерім Сембайқызы

Дата: 30.04.2018

Номер свидетельства: 468107

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) "16 желто?сан-Т?уелсіздік к?ніне  "Ар намысым,?асіретім,ма?танышым Желто?сан" та?ырыбында ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(120) "16-zhieltok-san-t-uielsizdik-kuninie-ar-namysym-k-asirietim-mak-tanyshym-zhieltok-san-tak-yrybynda-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "142926"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1418392999"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Желтоқсан- тәуелсіздіктің бастауы"
    ["seo_title"] => string(36) "zhieltok_san_t_uielsizdiktin_bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "358993"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479156914"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Желто?сан-  т?уелсіздікті? т?п тамыры "
    ["seo_title"] => string(39) "zhieltok-san-t-uielsizdiktin-tup-tamyry"
    ["file_id"] => string(6) "149824"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420313392"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Внеурочная работа на тему: "Желто?сан – т?уелсіздік шежіресі""
    ["seo_title"] => string(68) "vnieurochnaia-rabota-na-tiemu-zhieltok-san-t-uielsizdik-shiezhiriesi"
    ["file_id"] => string(6) "272953"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452093440"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "16-желто?сан Т?уелсіздік мерекесіне "Т?уелсіздік - тірегім" танымды? са?аты"
    ["seo_title"] => string(72) "16zhieltoksantuielsizdikmieriekiesinietuielsizdiktirieghimtanymdyksagaty"
    ["file_id"] => string(6) "312069"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459279778"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства