Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Бекітілді: Күні:
Тақырыбы: Рухани байлық-игілік көзі
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік, әділеттілік
Мұғалім: Орахова Қарашаш Сыныбы: 10 Оқушы саны:
Мақсаты:
Оқушыларға қазақ халқының рухани байлығы мәдени құндылықтары туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Ресурстар
(құралдар, мәліметтер)
«Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше, ақ қағаз, маркер
Ресурстар:
(материалдар, дереккөздер)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым.
Үй тапсырмасын тексеру
Н.Айтұлы
Күлтегіннің көк тасы
Ескертулер
Сабақтың дәйексөзі. «Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі- заттық нәрсе емес, рухани дүние»
Платон
Шығармашылық жұмыс
«Туған тілім –рухани асыл қазынам» өлең құрастыру
Өз елім
Әні: Нұрғиса Тілендиев
Сөзі: Қадыр Мырзалиевтікі
Үй тапсырмасы
Т.Әбдірахманова
Даналарым
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт