kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Күз ерекшелігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Арнаулы түзеу сыныбына арналған ашық сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Күз ерекшелігі»



Сабақтың тақырыбы: «Күздің кереметі».
Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушылардың күзгі табиғат туралы білімдерін кеңейте түсу, күз байлықтарын - астық, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру.
Дамытушылық мақсаты: Ойын арқылы түстерді, жемістер мен көкөністерді ажыратуға және атай білуге, зерттеу жүргізу, іздестіру әрекеттерін орындау қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Еңбекті, қоршаған ортаны зерттей отырып, табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Күз бейнесі» көрме, АКТ, слайд.
Үй жұмысын тексеру. Жапырақтардың артында сұрақтар беріледі.
Сол сұрақтарға жауап беру арқылы үй жұмысы талданады.

- Жел қатты соғып, мынандай жапырақтарды ұшырып әкеліпті. Бұл жапырақтар сиқырлы екен, әрбіреуінде тапсырмалар бар. 

Барысы:

Жылулық шеңбер.

-Қане балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.

-Балалар, мынау ненің суреті? (күннің)

-Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.

Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?

Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.

-Қайырлы таң, көздерім, сендер ояныңдар!!!

-Қайырлы таң, құлақтарым, сендер ояныңдар!!!

-Қайырлы таң, саусақтарым, сендер ояныңдар!!!

Көздерін, құлақтарын уқалайды.
Ойын «Мен саған, сен маған» :

1. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Қазір жылдың күз мезгілі)
2. Күз мезгілінде неше ай бар? (үш ай)

Қандай атап беріңдерші

(қыркүйек, қазан, қараша)

3. Күз мезгіліндегі ауа райы қалай суреттелген? ( Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбырда жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда - санда таңертең салқын болып қояды.)

4. Жер бетіндегі ағаштардың көрінісі қандай?
(Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп, шөптерде де қурап қалған).

Бозарып дала, 
Тоңады бала. 
Астығы піскен, 
Жапырағы түскен. 
Бұл қай мезгіл? 
Оқушылар: -Күз мезгілі. 

Ойын «Ойлан, тап!»

Жапырақтардағы сөздердің орнын дұрыс тапсақ, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығадлы.

Дефектолог: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Күз кереметі». Ал, енді көзімізді жұмып күз мезгілін елестетейікші. (Осы кезде әдемі әуен қосылады)

Ой қозғау

Балалардан не елестеткендері туралы сұрау.

Өздерінің ойларын айтады.

Дефектолог: Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен. Мен сендерге тағы да бір жұмбақ жасырайын деп тұрмын.

Ағайынды бәрі, 
Жазда жасыл, 
Күзде сары. 
Ол не? 
-Жапырақ. 
(Осы кезде желдің дыбысы естіледі). 
-Бұл ненің дыбысы? 
-Желдің дыбысы. 
-Жел соққанда жапырақтардың қандай күйде болатынын білесіңдер ме? 
-Жапырықтар ұшып жерге түседі, қалқиды, домалайды. 
-Қане, олай болса, жапырақтардың қандай күйде болатынын тыныс алу жаттығуы арқылы жасап көрейік. 

Тыныс алу жаттығуы
Алдыларындағы ақ параққа қоңыр түсті майлы бояуға қылқылымды матырып, саусақпен қысамыз, дайын бояуды түтікшемен үрлейміз. Түтікше арқылы үрлегенде мұрынмен дем алып ауызбен ауаны шығарамыз.Қандай сурет пайда болды? Суретіміздегі ағаштың бұтақтарына саусақпен күзгі жапырақты бастырамыз.

Интерактивті тақтамен жұмыс.
Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі:
- Ендеше, күз дегеніміз, біріншіден, байлық, молшылық: мол астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма, өрік, жүзім. Осының бәрі күзде әбден пісіп - жетіледі. Әне қараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да - бәрі де сап - сары. Сондықтан күзді «алтын күз» дейді. Екіншіден, күз - ет пен май. Малда да аң да, құс та күзге дейін әбден семіріп болады. Күз - қауырт жұмыстың кезі. Қылышын сүйреп келе жатқан қысқа дайындалатын кез. «Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды». Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың. Қысқа адам да, аң да, барлық жан - жануарлар да дайындалады. Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады, сөйтіп олар да қыстан аман шығуға әрекет жасайды. Күзде күн қысқарып, түн ұзарады, жауын - шашын көбейеді. Міне, сондықтан да күздің осындай әрбір ашық күнін пайдаланып, мол өнімді тез жиып алу керек.


  1. Күздің кереметі неде?

  2. Күзде қандай жемістер піседі?

  3. «Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды» деп неліктен айтылған?


- Көкөністер мен жемістердің адамға деген пайдасы зор. 
–Қане, кім біледі қандай пайдасы бар? 
Жемістер қайда өседі? (Жемістер бақта өседі) 

-Көкөністер қайда өседі? (Көкөністер бақшада өседі) 
-Жемістер мен көкөністерден не жасауға болады? 
(Тосап, компот, салаттар жасауға болады). 


Дөп – дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай. (Қарбыз)


Күн көргенде пісем дейді,
Піскен бойдан түсем дейді. (Алма)


Жетпіс қабат жейдесі,
Тамақ бізге кейде осы. ( Орамжапырақ )

Сергіту сәті

Жел соқты, жел қатты-қатты соқты, 
Жаңбыр жауды, жаңбыр қатты-қатты жауды, 
Күн шықты, күн шықты, 
Жел тына қалды. 
(Шеңберге тұрады, бір-біріне теріс қарап, арқаларына массаж жасайды). 



Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге.... келді.
................. жинауға,
Шақырады біздерді.
............ қайтты ән салып,
.......... торлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Н. Әлімқұлов
Ұшты талдан...........
Сары........... секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы........ секірді.
Барын беріп халыққа,
Жұмыстан соң қалжырап,
........... ұқсайды алыпқа.
Дамыл алған маужырап.
М. Әлімбаев.

Шығармашылық жұмыс. Майлы бояуды пайдаланып, алақандарын бастыру, саусақ ұшының көмегімен жапырақтарды бейнедеу.


Кері байланыс.

«Сиқырлы жапырақ» балалар қолдарына жапырақты алып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Окружающий мир

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Күз ерекшелігі

Автор: Кайрамбаева Жумагайша Бельгибаевна

Дата: 24.10.2017

Номер свидетельства: 434212

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) ""БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ" мақала"
    ["seo_title"] => string(73) "bastauysh_synyp_ok_ushylarynyn_psikhologiialyk_ieriekshieliktieri_mak_ala"
    ["file_id"] => string(6) "437886"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1510209077"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Баяндама "Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту""
    ["seo_title"] => string(64) "baiandama_ok_ushylardy_zhas_ieriekshieliktierinie_s_ikies_ok_ytu"
    ["file_id"] => string(6) "462489"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1521425422"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "Республикамызда а?ашты м?нерлеп ??деуді? т?рлері мен ерекшеліктері "
    ["seo_title"] => string(80) "riespublikamyzda-ag-ashty-m-nierliep-on-dieudin-turlieri-mien-ieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "240396"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445008465"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "Саба?ты? та?ырыбы  ??старды?    ??рылысы  мен  тіршілік  ерекшеліктері"
    ["seo_title"] => string(64) "sabaktyntakyrybykustardynkurylysymientirshilikieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "269858"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450937388"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Саба?ты? та?ырыбы:   ?лулар типіне жататын ж?ндіктерді? негізгі ерекшеліктері"
    ["seo_title"] => string(78) "sabaktyntakyrybyululartipiniezhatatynzhndiktierdinnieghizghiieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "304151"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457674987"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства