Просмотр содержимого документа
«Әскери патриоттық тәрбие беру әдістемесі»
Әскери –патриоттық тәрбие беру әдістемесі
Әскери-патриоттық тәрбиенің жалпы мәселелері
Әскери – патриоттық тәрбиенің /тақырыбы/ пәні, мақсаты және міндеттері.
Әскери-патриоттық тәрбиенің әдісі мен формасы
1. Әскери патриоттық тәрбие - жастардың әскери іске қызығушылығына, арнайы әскери мамандықты меңгеруге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарында борышын өтеуге дайындыққа тәрбиелеу. Әскери–патриоттық тәрбиенің өзегі отан қорғаушысы жас адамдардың адамгершілік – саяси және психологиялық сапасын қалыптастыруды құрайды.
Қазақстанның оқу орындарында оқушыларға этностық ерекшеліктердің, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай- ақ халықтың батыр ұл - қыздарының ерлік істерін назарға алу - бұның бәрі жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің көкейкестілігін арттыра түседі.
Сонымен бірге, патриоттық тәрбие аса күрделі міндеттер болып табылды. Соңғы жылдары қалыптасқан тәрбие жүйесі көпшілік жағдайда сөздік, мәліметтік сипатта болып, жоғары оқу орындарындағы студенттерді міндетті түрде қоғамдық - пайдалы іс - әрекетке қатысуын қарастырмады, олардың патриоттық бағытын дамытуды қиындатты.
Бұл қазіргі таңда көптеген мәселелерді қайта қаруды және студенттерді жалпы Отанның өткендегі ерлік істерін терең сезіммен ұғынуға баулитындай тәрбиенің ерекше тиімді формалары мен әдістерін қарастыруды талап етеді. Әсіресе бүгінгі таңда табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық көрсету қажет болып отырғанда аса маңызды.
Еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың айтқанындай, біздің алдымызда «бабаларының игі дәстүрлерін сақтайтын», «күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары» болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері тұр. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп - екшеп, бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің кезесіне жарату және рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу өзекті мәселелердің бірі болуда.
Патриотизм - мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани ізгі тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына отаны үшін жан қиярлықтай іске баратын патриоттық сезім қандай да болмасын ұлт пен мемлекеттің дамуы мен күн көруін қалыптастырып негіздейтін әлеуметтік құбылыс.
Патриотизмде - отанға деп жан қиятын, беріліп еңбек ететін барлық ұлттың ең жақсы әдет-ғұрып өрілген. Патриотизм бауырмалдылықпен тығыз байланыста болып, ұлтшылдық, сенаратистік, космополиттіктен алшақ. Патриотизм - бұл отанын сүйетін әр азаматтың өзін-өзі осы жолда паш етуі жөніндегі әлеуметтік мінез-құлқы, Ресей суверинитеті мен біртұтастығын сақтауы үшін қызмет етуі, елінің ұлттық қамсыздығын, бір қалыпта дамуын қадағалауы, әр адамның, әлеуметтік топтардың, қауымның әр саласындағы ортасында жүрген халықтың өз мүддесінен отанның мүддесін жоғары қоюы.
Басқа да зиялы мемлекеттердегідей Қазақстанда да отанды сүюдің өз ерекшеліктерібар.Тұжырымдамада ең басты гуманистік бағыттары: шыдамдылығы, заңға бағынушылығы мен жинақылығы деп атап көрсетеді.
Патриоттық тәрбие беру -жалпы тәрбие үрдістің бір тармағы бола тұра, мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Жалпы адамзаттық және отандық білім парадигмасындағы патриоттық тәрбие мәселесі басқа да тәрбиелермен өзара байланыста дами отыра, тұлғаны дамытуға үлкен ықпал ететін ғылыми зерттеу жұмыстары көптеп саналады. Солардың ішінде Ресей ғалымы Ю.С.Васютин саяси-идеялық тәрбие беру әскери-патриоттық тәрбиенің негізі екеніне, оқушылардың Отан қорғауға дайындық бағытында саяси-мораьдық, дене, әскери-техникалық және әскери дайындықтың өзара байланыстылығына, әскери-патриоттық тәрбиелеу ісінде ата-ана, қоғамдық және оқу, әскери орындардың міндеттеріне өз еңбектерінде кеңінен тоқталады.
Патриотық тәрбие, әсіресе әскери –патриоттық тәрбие мәселесі Ресей ғалымдарының еңбектерінде негізгі орын алады.
Патриоттық тәрбиені зерттеуші Ресей ғалымдарының бірі Ю.Н.Галанин «Патриоттық тәрбие – тұлға бойына негізгі рухани құндылықтарды қалыптастыру. Патриоттық сезімін тәрбиелеу, ерлік дәстүрлерге және әлемдік жаһандандыру үрдісіне Ресейдің ғылыми техникалық және мәдени тұрғыда қосқан үлесіне мақтаныш, әр түрлі әскери жағдайларда отанға шын берілген, отан үшін жанын қиюға дайын болу», – деген тұжырым жасай келе, патриоттық тәрбиенің негізгі бағыттарын айқындайды. Бұл: азаматтық тәрбие; азаматтық патриотық тәрбие; ұлттық патриоттық тәрбие; ерлік патриоттық тәрбие; әскери патриоттық тәрбие деп бөліп қарастырады.
Азаматтық тәрбие– азаматтық сезім, сана, тұлғаның азаматтық сапасын, нақты азаматтық бағытын, халқына саналы түрде, өз еркімен қызмет етуге дайын болу. Азаматтық тәрбие азаматтық, азаматтық мәдениет, азаматтық бағыт тұрғысынан сипатталады. Азаматтық, азаматтық мәдениет тұлғаның бойында мектептен, әсіресе бастауыш мектепте қалыптасады дейді.
Азаматтық – патриотық тәрбие – жастарға қажетті құқықтарын іс жүзінде қамтамасыз етуге, жастар мен мемлекет арасындағы құқықтарды қатынастарды қамтамасыз етуге бағытталады.
Ұлттық –патриоттық тәрбие – оқушылардың бойында кіші отанға деген сүйіспеншілік сезім, ұлттық дәстүр мен мәдениетке құрметпен қарау, өз халқына деген мақтаныш сезімінің қалыптасуы (аз халық болса да).
Дәстүрлі халықтық мәдениет ұлттық мәдениеттің негізгі бөлімі дей келе, халықтық дәтүрлер өмірді түсіну мен бағалауда негізгі орын алатынын еңбектерге талдаулар жасау арқылы нақтылайды.
Ерлік – патриоттық тәрбие – ата дәстүрлердегі ерлік құндылықтарды бағалай білу, оған деген мақтаныш сезім, әскери мамандықтарды, айрықша тарихи күндерді насихаттау. Тарихи күндерді насихаттау, ұлы адамдардың өмірін таныстыру арқылы оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыруда негізгі орын алады.
Әскери патриоттық тәрбие – ерлік–патриоттық тәрбиемен тығыз байланыста оқушылардың бойында терең патриоттық сананы қалыптастыру, отанға қызмет ету және оны қорғау идеясы, Ресейдің әскер тарихына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, әскер мамандықты менгеруге баулу, әскери дәстүрлерді сақтау және көбейтуге ат салысу.
Қазіргі таңда ТМД елдерінде саяси және қоғамдық саяси ұйымдар мен бірлестіктер құрылуда.
«Союз несовершеннолетних граждан» (Украина), «Саяси лицей» «Политический лицей» (Москва қаласы), қоғамдық-саяси орталық «Невада-Семей», жас парламентарий клубы (Москва қаласы).
Қоғамдық ұйым, бірлестіктер, қозғалыстарға материалдық көмек төмендегі көмек көздері арқылы жинақталған:
балалардың қол-өнер және техникалық шеберліктерінен түскен қаржылар; еңбек кооперативтерінде істеген жұмыстары үшін алған ақылары;
өздері шығарған газет-журналдарды сатудан түскен қаржылар;
мүшелік жарнадан (ұйым мен бірлестік мүшелерінің еңбекке жарамдылары төлейтін міндетті жарна, ал оқушы мен ата-аналар өз еріктерімен төлеген жарнадан түскен қаржы);
мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан түскен қаржылай көмек.
Көптеген елдердегі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстарға ғылыми-теориялық тұрғыда талдау жасау барысында түйгеніміз, қоғамдық ұйымдар оқушы-жастардың жеке тұлға ретінде дамуына, өз ойын еркін айта білуіне, отанын, елін, жерін сүйетін, қоғамдық қатынаста әртүрлі жағдайлардан шыға білуге баулитынын байқадық.
2. Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында жастардың алғашқы әскери дайындығын өткізу мен ұйымдастыру негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Алғашқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.
Алғашқы әскери сабақтарында оқып-үйрету процесінде алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушы – үйренуші жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігіне көз жеткізу, әскери қызметке жауапкершілкпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету міндеттерін шешеді. Сабақта жастардың әскери анттың рөлі мен мәнін жете түсінуіне ықпал ету қажет.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның жауынгерлік дәстүрлеріне, әскер салалары мен түрлеріндегі қызмет атқару ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылығын дамыту керек, әскери білім алуға ынталандыра отырып, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс-тіршілігін белгілейтін заңдар жинағы, сондай-ақ жарғы талаптарын орындау - әрбір әскери қызметшінің міндеті екендігі түсіндіреді.
Бүгінгі жаңа қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер алғашқы әскери дайындықтың дамуына жаңа ықпалдарды талап етеді, қалыптасқан әдіснама мен педагогика ғылымының парадигмаларын өзгертуді қажет деп санайды. Білім беруді дамыту концепциясы тек қана білімнің теориялық ұстанымдарынның жаңартылуына бағытталған, ал реформаның негізгі талаптарына жауап бере алмауда
Сол себеті Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдар аралығында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім берудің әрбір кезеңдеріне білім жүйелерінің жетілген жаңа үлгілерін енгізу міндеттелді, оның ішінде, алғашықы әскери дайындықтағы тәрбие парадигмасына айрықша назар аударылып отыр.
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында бұрынғы кеңестік жүйеде өмір сүрген барлық ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда алғашқы әскери дайындық теориясы мен практикасы мәселесі үлкен дағдарысқа ұшырағаны айқындалды. Ол дағдарыс: құндылық, мақсаттылық, мазмұндық, технологиялық, нәтижеліктің деңгейлерінің барлығында да көрініс тапты.
Осындай тарихи - қоғамдық формация жағдайында, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау жаңа қоғамдық формацияның даму және қалыптасу ерекшеліктеріне сәйкес Қазақстанның оқу орындарында оқушылардың көзқарасын қалыптастыру арқылы болашақ білмді азаматтарды тәрбиелеуде аса маңызды міндеттердің бірі екендігін көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының оқу орындарында, мектептерде алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту барысында жан-жақты зерттеу нәтижесінде оқушылардың көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыратын алғашқы әскери дайындық сабағын өткізудегі рухани-ізгіліктің элементтерін енгізу қажеттігі мен оларды оқу-тәрбие процесіне енгізу мүмкіндіктерінің арнайы зерттелмеуі алғашқы әскери сабақтарына ерекше көзқарас қалыптастыру мазмұнының ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделмеуі мен ондағы сабақ өткізудегі рухани-ізеттілік құндылықтарының кең қолданылмауы арасында түбегейлі қарама-қайшылықтар туындап отыр.
Бұл отанына шынайы берілген азаматтың жеке басын қалыптастырады, әрбір адамның өмірлік көзқарасын таңдауды алдын ала анықтайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы белсенді, мағыналы, салауатты өмір сүру тиіс деген түсінікке алып келеді.
Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігнің күзетінде» тарауын оқып білу кезінде студенттер мынаны білу тиіс:
Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылымын, Қазақстан Республикасы егемендігінің негізгі белгілерін;
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерін;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рөлі мен орнын;
Қазақстан Республикасынын мемлекеттік нышандарын және әскери бөлімнің жауынгерлік туының маңызын;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен салаларын, офицерлік және сержанттық құрамның әскери атақтарын әскери-патриоттық тәрбиенің мазмұнының бір–бірімен өзара тығыз байланысқан екі негізі компанентті бөліп көрсетуге болады.
Біріншісі кең негізделеді; өмірге деген позитивті көзқарас және негізі әлеуметтік, тарихи, саяси, әскери және басқа мәселелер бойынша позиция; жан-дүние, адамгершілік, іскерлік секілді маңызды сапалар (Отанға деген сүйіспеншілік, заңдылыққа мәртебе, Отанды және оның азаматтарын қорғаудағы конституциялық міндеттерді орындауға деген жауапгершілік).
Мазмұндық әлеуметтік-педагогикалық компоненті басты, және оның орталығы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жеке құрамын басқа да әскерлерді, әскери құрылым және органдарды кәсіби көшіру мәселелер шесіліп жатқан кезде әскери-патриоттық тәрбиенің мазмұнының рөлі әлдеқайда жоғарлайды.
Әскери – патриоттық тәрбиенің ерекше компоненті нақты жеке іскерлік бағытпен сипатталады. Бұл мазмұнның тәжірибелік орындалу әр–бір жас азаматтың Отанына қызмет етуде оның орнын терең түсінуінде.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, қызмет етуге қажетті негізгі сапалар, қасиет дағдыларды құруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Ерекше копоненттің негізгі мазмұны Отанға деген сүйспеншілік, азаматтық және әскери парызға сенімділік, батырлық, тұрақтылық,ерлік болып табылады.
Қазіргі жағдайда жастарды әскри-патриоттық тәрбиелеу мазмұндық басымдылқ сапасы болып, мына адамгершілік құндылықтар саналады азаматтылық, мемлекеттік маштаптарға жалпы ұлттылық жеке тұлғаға қоғамдық-мемлекеттік басымдылық патриоттылық;
өз Отанына шын берілу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жақсы дәстүрлерін сақтау және дамыту қиындықтарды жеңуге ұмтылу;
адамгершілік, өзін сыйлау құрметтеу сезімі әлеуметтік–белсенділік, жауапгершілік.
Шынайы патриотизм-жалпы адамзаттық құндылықтардың маңыздысы болғандықтан басқа халықтарға, ұлттар мен ұлыстарға сыйластықпен, ізгі ниетті адамгершілікпен қарауды көздейді. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен тұтас байып отырады.
Өйткені, халық деген ұғымға мемлекеттегі барлық адам, яғни ұлттар, ұлттық топтар сияды. Көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен ажырағысыз бірлікте қарастырылуға тиіс.
Мұның мәнісі алдымен, қоғамдағы патриотизмнің екі элементтен тұратынына байланысты. Олар жалпы яғни барлық ұлт өкілдерінің бойындағы жалпыұлттық патриотизм және ерекше, яғни жекелеген ұлттардың өкілдеріне тән ұлттық патриотизм.
Айталық, Қазақстан Республикасында патриотизм бірден жалпықазақстандық осында тұратын барша ұлттардың жалпыұлттық патриотизмі және қазақтардың, орыстардың, ұйғырлардың т.б. өзіне тән ерекше ұлттық патриотзмі түрінде көрінеді. Осылайша, жалпы қазақстандық патриотизмнің даму дәрежесі ұлтаралық патриотизмнің даму дәрежесі ұлтаралық қарым - қатынас мәдениетінің даму деңгейін сипаттайды. Ұлтаралық қатынастар мәдениеті халықтар, ұжымдар арасында және жеке адамдар арасында әртүрлі деңгейде көрініс береді. Көптеген адмдардың араласып, еңбектес, тағдырлас болуы бұл байланыстардың сапасын өзгертіп отырады.
«Алтау ала болса - ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса - төбедегі келеді» -деген халық даналығының астарында адамгершілік пен достық қатынастарыдың мәнін ашатын зор мағына жатыр.
Өзара ынтымақтастық, түсіністік пен татуластық - аса қуатты жасампаз күштердің негізі міне осында жатыр. Егемендік алып, көк байрағын көтергеннен бері Қазақстан мемлекеті әлемнің жүзден аса елімен ынтымақтастық шарттарын жасасты. Оның бәріне бір елдің екінші елдің байлығына, халқына көз алартпауы, шекара дауын туғызбау, адамгершілік ниетте қарым - қатынас жасау негіз болған.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мәңгілік достық және татуластық шартына қол қойылуының тарихи маңызы бар.
Әскери–патриоттық тәрбие–мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың жастарға жоғары патриоттық түйсікті Отанына шын берілу, өзінің азаматтық парызын орындауға дайын болуды құруға бағытталған көп жоспарлы, жүйелі, мақсатты іс- әрекет.
Әскери – патриоттық тәрбиенің мақсаты – жастарда азаматтық патриоттылықты дамыту. Олардың өмірдің әр саласында керекті белсенді көрінуін қалыптастыру. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі негізгі міндеттерді орындау талабы орын алады:
жастардың санасында және сезімінде патриоттық құндылықтарды және сенімдерді қазақстанның мәдени және тарихи өткеніне ілтипат, мемлекеттік әсіресе қызыметтік деңгейін көтеруді бекіту;
жастарда Отанға шын берілудің дамуын қамтамасыз ететін тиімді жеке әскери– патриоттық жүйе құру;
әскери – қызыметтік тәрбие жүйесін тұтас қызымет ету әсерін қамтамасыз ететін оның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарында қызмет етіп жатқандарда қамтамасыз ететін механизм құру.
Қоғам дамуының кейінгі жылдардағы студенттерге патриоттық тәрбие беру саласында жаңашыл өзгерістерді ұлттық ерлік дәстүр негізінде жүзеге асыру қазіргі білім мен тәрбие саласында аса маңызды. Осыған орай студенттерге патриоттық тәрбие беру және кәсіби әрекеттерге даярлаудың қажеттілігі туындайды.
Патриоттық тәрбие барысында саяси сенімділік Отанға сүйіспеншілік, тәуелсіз өмір сүріп жатқан мемлекетімізге ынтымақтастық, жалпы отандық намыскерлік, ел тағдыры, болашағы үшін жауапкершілік, еліміздің экономикалық даму қарқынын тездетуге үлес қосуға ниеттілік, ғылыми саяси - моральдық және туған жерін қорғау мақсатындағы әскери әзірлік Отанын саяси - идеологиялық қауіптерден сақтауға бағыттылық, арам ниеттегі ішкі және сыртқы жауларға төзбеушілік тәрізді патриоттық сезім қалыптасып дамиды.
Патриоттық тәрбие ұлттық ерлік дәстүр негіздеріне сүйене отырып тұлғалық болмысты дамытудың озық үлгілерін анықтауға жол ашады Сонымен қатар, аталған патриоттық тәрбие түрін таңдаудың қағидалары мен қажетті әдістер және патриоттық тәрбиені жүзеге асыру формалары мен түрлерін сұрыптауға мүмкіндік береді.
3. Патриоттық тәрбие ұлттық ерлік дәстүр негізінде Отан құндылығын құптаудың тікелей және жанама түріндегі көрінісінен байқалады. Патриоттық тәрбие жұмысы барысында біздің жүргізген зерттеулеріміздің маңыздылығы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ерекшеліктері, мемлекетіміздің ілгері саясаты мен Қорғаныс Күштерінің міндеттері терең ашылып, Отанды қорғаудың жолдары дәріптеліп, патриоттық тәрбиенің барлық жүйесі осы білімдерді пайдалануға бағытталуы қажет.
Патриоттық тәрбие, тәрбиенің барлық негізгі түрлері бағыттарында (саяси идея, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық, еңбек және т.б.) жүзеге асатыны белгілі. Осы орайда патриоттық тәрбие жүйесінің де өзбетімен дербес саяси - қоғамдық іс - әрекеттер жүйесіне байланысты күрделі міндеттерді меңгеретінін ескерген жөн.
Біріншіден, жоғарыда аталған патриотық тәрбие жүйесінің байланыстылығы мен элементтердің белгілі құрлымы бар.
Екіншіден, патриоттық тәрбие жүйесінде, оның орындалу іс-әрекетінде байқалатын өзіндік белсенділік болуы қажет.
Үшіншіден, патриоттық тәрбие өзін-өзі басқаратын жүйе. Ол өзіне тиісті обьекті мен субьектіні механизмді басқарады, амал-жолдар мен әдіс-тәсілдерді басшылыққа алады.
Төртіншіден, патриоттық тәрбиенің ұлттық ерлік дәстүр негізінде өзіне тән тарихы бар, кеңестік пен уақытқа байланысты дамитын жүйе.
Бесіншіден, оқушыларға патриоттық тәрбие беруді жүзеге асыру формалары мен әдістері табиғи және әлеуметтік жүйелермен тығыз байланысты жүзеге асырылады.
Тәрбиелеу әдістері деп оқушылардың түйсігін және түсінігін құру мақсатындағы педагогикалық тәсіл және әдістер жиынтығын түсінуге болады.
Әскери – патриоттық тәрбие әдістері мәні бойынша тәрбиелеудің жалпы әдістері секілді. Әдістерді қолдану жәй нәрсе емес. Ең бастысы әскери – ұйымдастырушы тәрбиелеудің белсенді әдістерінің қажеттілігін терең түсінуі керек. Әдістерін үйрету және дамыту қызыметімен қатар тәрбиелеуші ретінде де іске асырылады.
Әскери жетекші пән бағдарламасымен негізделген шеңберде сабақ мазмұнын анықтайды. Оқу және тәрбие міндеттерінің шешімін қамтамасыз ететін негізгі және қосымша фактілерді бөліп көрсетеді. Сабақ жүргізудің тәртібі, түрі және әдістемесін белгілейді.
Үйрету әдісі - әскери жетекшінің тікелей оқушы түсігіне, сезім, жігеріне әсер етіп, оқу, еңбек керек болған жағдайда ұрыс кезіндегі әрекетін құрудың негізгі әдісі.
Алғашқы әскери дайындық сабақтарында үйрету әдістері соғыс және оның мақсаттары, парыз, Отанды қорғаудағы жеке жауапкершілік, ұрыстағы жетістікке жету факторлары, әскери ғылым, патриотизм сияқты негізгі әлеуметтік – саяси түсініктерді меңгертуде кең қолданылады.
Оқыту әдісі – саналы әскери тәртіп негіздерін құру, халқының батырлық дәстүрлерін дамытуды тәрбиелеуге ұмтылуда да жетекші болып табылады. Оқыту түсіндіру, дәлелдеу, ақпарат, салыстыру, тәжрибелік көрсету, әдіс – тәсілдер көмегімен іске асады.
Түсіндіру, көрсету, мазмұны қиын сұрақтарды қарастырғанда әскери қызмет талаптарын және тәртіптерін қарастырғанда қолданылады.
Дәлелдеу әдісі - кезінде фактілер дәлелдер, мысалдар қолданылады. Бұл үлкен білімді өз ойын анық түсіндіруді сараптау салыстыра білуді талап етеді. Ақпарат қатаң ғылыми және нақты дәлелденген болуы керек. Ашық және дәл фактілермен оқушылардың ойлау қабілетін белсендіруге ұмтылу қажет.
Мысал әдісі - бұл әдістің ең алдымен адамдардың ол обырызға ұмтылуы жатыр. Оқушыға Отанды қорғау кезінде көрінетін интернационалдық парызды орындаудағы ерлік, батырлық мысалдарымен әсер ету өз өмірінде сол мысалдарды ұстануға итермелейді.
Мысалды қолдану тек батырлық, ерлік жасауға ғана итермелеу болмауы тиіс. Әсіресе батыр іс - әрекетінде оның себеп – салдарын көрсету маңызды. Мысалдар оқушының өзіндік терең ойлануға, шұғыл шешім қабылдау, іштей соған дайын болуға тәрбиелеуі керек.
Жаттығу әдісі - оқыту және тәрбиелеудегі жаттығу әдісі оқушылардың белгілі әрекетті жүйелі қайталауында. Нәтижесінде оларда керекті дағды, әдеттер қалыптасады, ойлау дамиды.
Оқушыларға алдымен қарапайым, сонан соң күрделі тапсырмаларды көп рет қайталау пайдалы. Қысқа баяндамалар жазу, әскери тақырыпқа сөз сөйлеу, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (сабақ, жарыс, көрініс, дайындықтар).
Ынталандыру әдісі - оқушыда оң мотивті сақтауда және оятуда, олардың оқушы іс-әрекетінде көруін белсендіруде өзінің күшіне деген сенімді дамытуда қолданылады.
Ынталандыруды қарапайым міндеттерді орындауда емес салыстырмалы түрде қиын тапсырмаларды орындағанда қолданған жөн.
Ескерту әдісі - оқушының адамгершілік және тәртіп нормаларына қарсы әрекетін сынау, керек болғанда тәрбиелеу мақсатында қолданылады. Қандай болмасын айып ескерту, сендіру әдісімен орайластырып, соның негізінде құрылуы керек.
Тек басқа әдістер нәтиже бермегенде ғана ескертуге көшеді. Кей кезде жәй еске салу, ескертулермен шектелу жеткілікті. Ескерту уақытында жариялы түрде болуы тиіс.
Әскери тәрбиенің мазмұны жеке құрамда әскери қызметке, ұрыстық әрекеттер жүргізуге қажетті сапалардың (тәртіптілік және атқарушылық, батылдық және ерлік, инициатива және өзбетімен шешім қабылдағыштық, жауапкершілік және әскери белсенділік) дамуын анықтайды.
Адамгершілік тәрбие сарбаздардың санасына адамдық мораль, оларда өмірлік белсенді позиция қалыптасу, қызметте және күнделікті өмірде жоғары деңгейдегі адамгершілік нормаларын сақтау әдеті, әскери мәрттілік, ұжымдылық, жолдастық және өзара көмек сезімі, шыншылдық пен шынайылық, сезімталдық және назар аударғыштық, адамдарға құрметпен қарау және сыпайыгершілік, мемлекет мүлігіне ықтиятпен қарауды бекіту, нықтауды қарастырады.
Қазіргі уақытта патриоттық, интернационалдық тәрбиенің маңызы көп жоғарылады. Ол дегеніміз – өз Отанына деген сүйіспеншілік, біздің еліміздің халықтар арасындағы достығы, ұлтаралық қатынастағы мәдениет, ұлтшылдық және нәсілшілдіктің көрінуіне төзбеу, ұлттық шектеушілік және ұлттық өзімшілдікке жол бермеу.