Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«"Біз Қазақстан Республикасының мақтанышымыз"»
«Горный» жалпы білім беретін мектеп мемлекеттік коммуналдық мекемесінде өтілетін Ауған республикасынан кеңес әскерлерінің алып шығарылуының 25 жыл толуына байланысты «Біз - Қазақстан Республикасының мақтанышымыз ! » атты әскери – спорттық жарыстың өтілу сценарийі
І жүргізуші :
Құрметті қонақтар , жарысқа қатысушы оқушылар , ұстаздар және көрермен қауым ! Бүгін Шаян көпсалалы лицей – жалпы орта мектебінде , үлкен мереке . Өткізілгелі отырған іс шарамыз Ауған Республикасынан кеңес әскерлерінің алып шығарылуының 25 жыл толуына байланысты «Біз-Қазақстан Республикасының мақтанышымыз ! » атты әскери – спорттық салтанатты жарысымыз мектепішілік болып отыр , бізге 10а – 10 ә сыныптарынан жасақталған « Жасұлан » командасы , 11а сыны-
Взвод командирлері жарысқа дайындығы жөнінде баяндаңыздар !
Жасақ , түзулен , тік тұр , назар орта - ға !
АӘД пәнін оқытушы – ұйымдастырушысы Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы _______________________________-қа жарыстың дайындығы жөнінде баяндау .
Ән ұран :
Қазақстан ! Туымен тұғырлы ,
Елтаңбасымен еңселі ,
Әнұранымен айбатты .
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын !
Алаңға Қазақстан Республикасының Жауынгерлік туы алып шығарылсын !
І жүргізуші :
« Пейілі кең шалқыған ел екенбіз ,
Ырысы , бағы тасыған берекеміз .
Құтты болсын ұлы той мерекеміз!» , дей келе құттықтау сөз мектебіміздің директоры ______________________________ағайымызға беріледі .
ІІ жүргізуші 7 – кезең . « Әскери – спорттық » көрініс .
Ақ жүрек боп жолдасың , адалдық сені қолдасын ,
Жақсылық үшін тірессең , жаныңды арың қорғасын .
Арынды болсын шабысың , алымды болсын табысың ,
Найзадай болсын намысың , - дей келе кезеңіміз оқушылардың өздері дайындаған әскери – спорттық көріністерін тамашалаймыз .
Шешуші кезеңіміз әскери – спорттық көріністің бағаларын берулеріңізді сұраймыз ?
________________орындауындағы ән « » қабыл алыңыздар .
І жүргізуші :
ІІ жүргізуші : Арнайы шақырылған қонақтарымызға осы жарыстан алған әсерлеріңіз бен ой- пікірлеріңіз жөнінде қысқаша айтып берсеңіздер ?
І жүргізуші : Құрметті қонақтар , жарысқа қатысушы оқушылар ,ұстаздар мен көрермен қауым !
Егемен ел жағдайында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу , олардың елін , жерін сүйетін , ана тілін ардақтайтын , ұлтын пір тұтатын азаматтар болып өсуін қамтамасыз ету бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге болады .
ІІ жүргізуші : Біздіңше , патриотизм – ол өзінің туған жеріне ,ана тіліне , мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімі , сол мемлекеттің , Отанының дамуына , өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосу , қызмет ету.
Бұл мақсатта қол жеткізудің кілті – білім алу . Сондықтан да , Алғашқы әскери дайындық пәні ретінде осындай әскери – спорттық жарыстарды берік қолға алып , уыстан шығармай ары қарай жастар бойында патриоттық сезім қалыптастыруымыз қажет . Сол кезде ғана елім , жерім , халқым деген азаматтар көбейіп , еліміздің өркендеуіне ат салысатын жастардың өсіп шығатыны рас .
Жеке нәтиже және топтық нәтижелері бойынша жеңімпаздарды марапаттау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі
І жүргізуші : Қорыта келе бүкіл әлемдегі адамзат халқының бар арманы мен мақсат тілегі ол – бейбітшілік . Әрқашанда елімізде тыныштық , ынтымақ достығымыз артып әлемде арқашан бейбітшілік қолдасын ! Бүгінгі жарысымызды жабық деп жариялаймыз .