kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Желбіре, Жеңіс жалауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім алушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Желбіре, Жеңіс жалауы»

Тақырыбы: Желбіре, Жеңіс жалауы

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

1-жүргізуші: 9- мамыр Жеңіс күніне орай « Желбіре, Жеңіс жалауы» атты мерекелік шарамызды ашық деп жараиялаймыз. Әнұран орындалады 1-Жүргізуші:Құрметті де ардақты қонақтар! Қымбатты ұстаздар, студенттер, көрермен қауым. Сіздерді келе жатқан Ұлы жеңістің 73 жылдық тойымен және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңызға мықты денсаулық,ұзақ өмір,отбасыларыңызға бақыт,бірлік,береке тілейміз. Бүгінгі мереке соғыс ардагерлеріне, өздерінің қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдағандарға қан майданда әкелері мен ұлдарынан, бауырларынан айырылған әрбір отбасына, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты өмір әперген ұлы Жеңіске арналады.

2-Жүргізуші: Жеңіс… Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сарыла сағаттап күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Тілектері орындалды. Бірақ, сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып жесір, бала әкесінен, анасынан айырылып жетім атанды. Отан үшін от кешіп, қан майданда жанын пида еткен, туған жерінен топырақ бұйырмай, жат елде мүрделері қалған боздақтар рухына бас иіп бір минут еске алайық.
(1 минут үнсіздік жарияланады.)

Ән : Арзу «Ана туралы баллада»

Ендігі кезекте сөз кезегін колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асия Қайыржанқызына беріледі.

2- жүргізуші:Тарихи деректерге қарағанда 1941 - 1945 соғыс жылдарында 1 миллион 196 мың 164 қазақстандық әскерге алынған екен. Көптеген жауынгерлер теңдесі жоқ ерліктер жасады. 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Соның 97 таза қазақ. Осы сұрапыл соғыста Отан үшін отқа түскен қазақ жауынгерлерінің өшпес ерлігі, батырлығы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыз тарих төрінен орын алып, ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, әрқашанда жүрек түпкірінде ұстайды. Ұлы жеңіске біздің жерлестеріміз де үлкен үлес қосты. Өз өлкемізден шыққан мақтанышымыздың бірі Зейнолла Қабдолов: «Мұнайлы өлкенің құдай маңдайына берген мақтанышы бар. Ол –осы өңірдің қаһарман ұлы Мұса батыр» деп айтқандай, Ұлы Отан соғысына үлкен үлес қосқан мұнайлы аймақтың ұл-қыздарының бірі - жерлесіміз Мұса Баймұханов. Сонымен қатар, Тәжібай Текеев, Құбай Ерғалиев, Бержан Қанатбаев, Зинаида Берниязова, Сағын Жұмашев, Мұхамметжан Төреханов, Сәлима Құлмағанбетова т.б.ерекше ойып орын алады.

Ендігі кезекті колледжіміздің кітапханашысы Мереке Құсымқызына көрмемен таныстыруға сөз кезегін береміз. Ән: Ақболат «Соғыстан қайтқан солдаттар»

1-Жүргізуші:

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты

Төгілген күн нұрынан шапағаты

Ортада биші қыздар би билейді

Халайық қол соғыңыз мархаббатты алдарыңызда би «Катюша»

1-Жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін

2- жүргізуші:

Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.  Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Біздің колледжіміздің түлектері Отан алдындағы борышын өтеп келіп, біздің мақтанышымыз болып отырған студенттеріміз бүгінгі біздің қонағымыз. Сіздерге сөз кезегін береміз. Студенттер сұрақтарыңыз болса қоюға болады.(студенттер сұрақтарын қояды)

Ән: Отаубай Ақболат пен Сүлейменов Арман орындауында «Қазақ жігіттері»

1-Жүргізуші: ендігі кезекте Отан алдындағы борышын өтеп келген студенттермен біздің студенттеріміз арасында шағын сайысымызды өткізу үшін кезекті Алғашқы әскери даярлық пәні оқытушысы Айбек Қабасұлына сөз кезегін береміз.

Айбек Қабасұлы :

Сайыс барысы: 1. АК 103 автоматын толық емес шашып, жинау

2. Оқ жатарда оқпен жарақтау

3. Уақытқа газ тұмылдырық кию

4.Саптық қозғалыстағы бұрылыс элементтері

Ән:Өтеғалиев Темірлан «Батырлар жыры

1-жүргізуші:

Жеңіс туы,

Жеңіс туы

Желбіресін мәңгілік!

Жеңіс жыры,

Жеңіс жыры Асқақтасын жаңғырып!

Бел шешіп, қабағын ашпаған,

Бой жазды күлімдеп қалың ел.

Әлемді апаттан сақтаған,

Жеңіспен оралды жауынгер!

Жеңіс туы,

Жеңіс туы Желбіресін мәңгілік!

Жеңіс жыры,

Жеңіс жыры Асқақтасын жаңғырып!

2- жүргізуші:

Отанымызды сүйіп, қастерлей білейік. Ата - баба дәстүрін, әдет - ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болайық. Оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын.
Ел - жұртымыз аман, берекелі заман болсын! Отанымызды сүйетін азаматтарымыз көбейе берсін! Жеңіс күні!Осымен сіздерге арнаған «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты кешіміз аяқталды. Қонаққа келген азаматтарымызға рахметімізді айтамыз, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Қатысқан барлық қатысушщыларымызға алғысымызды білдіреміз!. Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!

Хор: День победы

1-Жүргізуші: Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар!
Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау-саламатта болыңыздар!



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ОБЖ

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Желбіре, Жеңіс жалауы

Автор: Сагинбаев Айбек Кабасович

Дата: 18.06.2018

Номер свидетельства: 473559

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "«Желбіре,Жеңіс жалауы!»"
    ["seo_title"] => string(25) "zhelbire_zhenis_zhalauy_1"
    ["file_id"] => string(6) "549844"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1589541538"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Желбіре же?іс жалауы" "
    ["seo_title"] => string(29) "zhielbirie-zhien-is-zhalauy-1"
    ["file_id"] => string(6) "226626"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1440399884"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Т?рбие са?аты «Желбіре,Же?іс жалауы!» "
    ["seo_title"] => string(43) "t-rbiie-sag-aty-zhielbirie-zhien-is-zhalauy"
    ["file_id"] => string(6) "152365"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420827364"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Желбіре, Же?іс жалауы! "
    ["seo_title"] => string(27) "zhielbirie-zhien-is-zhalauy"
    ["file_id"] => string(6) "169798"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423473277"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "5-10-сыныптар?а арнал?ан ""Желбіре, Же?іс жалауы патриотты? ?ндер кеші "
    ["seo_title"] => string(78) "5-10-synyptarg-a-arnalg-an-zhielbirie-zhien-is-zhalauy-patriottyk-ndier-kieshi"
    ["file_id"] => string(6) "214086"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432209435"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства