kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Желбіре, Же?іс жалауы!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:  о?ушыларды отанс?йгіштікке, патриотизмге, майдангерлерді? ерлік істеріне та?зым етуге, елін, жерін ?ор?ай білуге  т?рбиелеу.    

к?рнекілігі :ерлік туралы на?ыл с?здер, ?лы Отан со?ысыны?   батырларына    арнал?ан кітап б?рышы.                 

1-ж?ргізуші; ??рметті ?стаздар,о?ушылар!?ош келді?іздер!Же?істі? 70 жылды?ына байланысты ?йымдастырылып отыр?ан  «Желбіре,Же?іс жалауы» атты т?рбие са?атымызды бастау?а р??сат еті?іздер.

2-ж?ргізуші;20 ?асырда?ы ?анды ?асірет Екінші д?ниеж?зілік со?ыс еді.О?ан ?лем  халы?тарыны? 80 пайызы ?атысты,майдан?а 61 мемлекет тартылды.40 елді? жерін со?ыс ?рті шарпыды.110 миллион адам ?олына ?ару алды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Желбіре, Же?іс жалауы! »

Желбіре,Жеңіс жалауы!

Мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, патриотизмге, майдангерлердің ерлік істеріне тағзым етуге, елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу.

көрнекілігі :ерлік туралы нақыл сөздер, Ұлы Отан соғысының батырларына арналған кітап бұрышы.

1-жүргізуші; Құрметті ұстаздар,оқушылар!Қош келдіңіздер!Жеңістің 70 жылдығына байланысты ұйымдастырылып отырған «Желбіре,Жеңіс жалауы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші;20 ғасырдағы қанды қасірет Екінші дүниежүзілік соғыс еді.Оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты,майданға 61 мемлекет тартылды.40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды.110 миллион адам қолына қару алды.

1-жүргізуші;Соғысқа Қазақстаннан 1 миллион 200 мыңнан астам жауынгер қатысты.Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты,хабар ошарсыз кеткендері қаншама?

2-жүргізуші:Қазақстаннан құрылған әскери дивизия басты жерлерде соғысты.Иван Василиевич Панфилов басқарған атқыштар дивизиясы сол бір ауыр күндерде ерліктің ерен үлгісін көрсетті.

1-жүргізуші:Теңдесі жоқ ерлігі үшін 500 Қазақстандық жауынгер Кеңес одағының батыры атағын алды.Олар 2 рет батыр атағын алған Талғат Бигелдинов,Нүркен Әбдіров,Әлия мен Мәншүк,Қасым Қайсенов,Бауыржан Момышұлы ағаларымыз сынды ержүрек батырларымыз.

2-жүргізуші:Ұлы Жеңіске ат салысуда тылдағы еңбекте апаларымыз бен аналарымыз,әкелерімізден кем түскен жоқ.Ыстыққа күйіп,суыққа тоңып жүріп Ұлы Жеңіске өз үлестерін қосты.

1-жүргізуші:Бүгінгі тәрбие сағатымыздың құрметті қонағымен таныс болыңыздар.

2-жүргізуші:Ардагер ұстаз,соғыс жылдары тылда еңбек еткен тыл ардагері Әлімбай атай.

1-жүргізуші:Жеңіс жеңілдекпен келген жоқ 1418 күнге созылған бұл қатерлі күн халқымыздың жанқияр ерлігі мен жеңісі тарихын ешкім де,ешқашан да ұмытпақ емес.

2-жүргізуші:Екі қолмен шоқ көсеп,ойнағандар

Кеудесін оққа төсеп лаулағандар

Бір сәтке сол ерлерді еске алайық

Жеңіс тойын 70жыл тойлағандар

1-жүргізуші:Соғыс даласында хабар-ошарсыз кеткен,қаза тапқан ер-азаматтарымызды 1минут үнсіздікпен еске алайық!

Көрініс: 1941 жыл

Радио:Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!Кеше совет Одағына неміс фашистері тұтқиылдан шабуыл жасады.Кеңес Одағында Ұлы Отан соғысы басталды.Барлық адамдар ер азаматтар,Отан қорғауға аттаныңыздар!

Шал:Не дейді?

Кемпір:Қайдағы соғыс?Не дейді тағы?

Келін:Апа,соғыс басталды дейді.Фашистар біздің елімізге шабуыл жасапты.

Кенет есік қағылды әскери коммисариаттан шақыру келеді.

Азамат Нұрғазиев Қайсар сіз Отанымызды фашистерден қорғау үшін әскери коммисариатқа келіңіз.Әскерге атаныңыз.

Қайсар:Құп болады!

Осы кезде анасы зарлап жылайды.

Анасы:Қарғыс атқан сұм соғыс-ай!Ендігі кезек менің балама келді ма? Амалым қанша,жолың болсын!Еліңді қорғап аман-есен елге орал,құлыным!(баласын құшақтайды)

Қызы:''Аттан''деді

Сен қазір аттанасың

Жауынгердің ролін атқарасың

Аттан,әке,аттан(әкесін құшақтайды)

Әкесі:Тыңда,балам,тыңда,күнім

Болуға жара қолқанат

Кәрі анам,сәби інің

Барлығы саған аманат-деп құндақтағы сәбиді баласына береді.

Әжесі:(Баласын сүйіп келініне қарап)

Оралсын аман жеріне

Көрінсін туған елімен

Келін-ау,көздей қалтаға

Топырақ салып бергейсің

Келін: Кебін киген өледі

Кебенек киген келеді

Үлкен үйден ас ішсе

Кешікпей дейді келеді(деп қалтаны қолына беріп,жарының соңынан жылап қалады)

1-жүргізуші Біріктіріп үміті мен тілегін

Біріктіріп барлық күшін,жігерін

Ана үшін,бала үшін,жер үшін

Жасқанбастан оққа тосты жүрегін



Катюша әні орындайтын Бегалы Руслан,Жалғас Аружан

2-жүргізуші:1942 жыл

Үнтаспадан соғыстағы бомба,атыс даусы естіліп тұрады.Солдаттар атойлап шабуылға шығады.Төртеуі жаралы болып құлайды.Санитарлар келіп көмек көрсетеді.

1-солдат:Мен есейдім майдан шебінде

Толды ақыл

Үңілсем өткен өмірге

Қаншама ерлік жол жатыр

Ризамын жастық шағыма.

2-солдат:Нұрлы жеңісті іздедік

Қараңғы түндерден

Іздедік жеңісті

Күнімен,түнімен

3-солдат: Алғы шеп жып-жылы үй емес

Кейде қар,кейде ызғар

Окоптың шатыры көк аспан

Окоптың шегесі жұлдыздар

4-солдат: Бір-ақ рет өлген батырдан

Несі артық жүз рет өлген қорқақтың

Алғы шепте ауаны сызғылаған

Миллион оқтың ішінен

Нұрлы өмірге жол таптым

1-жүргізуші Төнгенде Отан басына

Шын сыналар ауыр күн

Қиды олар өз өмірін

Еркіндігі үшін елінің

Ән:Соғыстан қайтқан солдаттар

1-оқушы:Өмір өзі мінбесінен сөз берді

Тебіреніп толғанатын кез келді

Қан төгісті көрмесекте кешегі

Айтамыз біз естегенді,сезгенді

Соғыс берді аналарға жесірлік

Дей алмаймыз санамыздан өшірдік

Боздақтардың қаны судай төгілген

41-де көрмеді жұрт не сұмдық?

2-оқушы:Сенсің Отан қан майданда

Сыйынарым,ұраным

Күні-түні әр қайда да

Сені көріп тұрамын

Бір өзіңді,кең кеудемде

Соққандай өз жүрегім

Өрендерің сен дегенде

Өлімге де жүгінді

3-оқушы:Отандастар жан пидалап оққа ұшты

Құрбан болып кеудесімен от құшты

Сертіне мәрт,ер-намыстың құрбаны

Сын сағатта сол намыстан жоқ күшті

Ұландарым,қағып түсер қырандай

Дұшпанына оқша атылып құлардай

Жау ордасын опат қылып ойрандап

Сонда ғана құмарынан шығардай

1945 жыл

1-әйел:Мына сұрапыл пәле соғыс бітпеді-ау.Азаматтарымыздың хабары да жоқ,ошары да жоқ.

2-әйел: Қайта соған қуансаңшы .Өткен жолы,білесің бе?Келеді деп жүргенде''Қара Қағаз''келгенін.Қазір хабар жоғына қуану керек әйтеуір тірі-дағы

Бригадир келеді.

Бригадир:Амансыңдарма!Балалар да шаршаған болар ?Дамылдап алыңдар кішкене.Демалыңдар.

1-қарт:Әбеке-ау!Біздің армия жайлы,майдан жайлы қандай хабар бар,айта отыр.Бізге қарағанда сауаттысың ғой.



Бригадир:Ой,құдайға шүкір,біздікілер Герман жеріне кіріп Фашист жауызды ойсыратып жеңіп жатқанға ұқсайды

1-қарт:Әп,бәрекелді!Арам қатқырларға керегі де сол.

Бала:Пошташы Наурызбай атам келе жатыр.

Бригадир:Мына пошташы Наурызбай ақсақалдың жүрісі өзгеріп кетіпті.

Наурызбай:-Сүйінші!Халқым ,жұртым,сүйінші!Неміс фашистері кеше тізе бүгіп,жеңілгендерін мойындапты.Жеңіс!Жеңіс!Біз жеңдік!

Әжесі:Ия,Ақсарбас,Ақсарбас.Ақ түйенің қарны жарылды.Ия,АЛЛА ТАҒАЛАМ тәуба,тәуба.О,Құдайым рахмет саған.

Қыз:Ана,әкеме хат жазып едім,Наурызбай атайдан беріп жіберейін.

Анасы:Сен жазған хатыңды мына халыққа оқып берші.

Қыз:-Әке!Әке!

Тілдесші менімен,әкешім!

Әлде хат жазуға уақытың жоқ па?Хат неге жазбайсың, әке?Тым болмаса''аманмын,германдармен мына шайқасып жатырмын''деп бір хабарласшы,әке!Сағындым сені,әке!

Сендер соғысқа кеткелі ауыл тіпті өзгеріп кетті ғой.Бұрын ерлер тындыратын жұмысты қазір біздерде істеп жүрміз.

''Бәрі де майдан үшін,бәрі де жеңіс үшін''деп ұрандаған бар адам.''Жеңіс'' деген сөз бізге үлкен күш береді.Сенің Шығыста шайқасып жүргенің алаңдатады.Бір жағынан қорқамыз да,апамның сені талмай күтіп жүргенін ішіміз сезеді.

Мүмкін ерлігіңіз үшін медаль алып та қойған шығарсыз,әке?Құттықтауыма болатын шығар,бәлкім?

Сіздермен кеткен ағалардан қара қағаз келуде.

Бала болсам да соғыс мені есейтіп жіберген сияқты.Фашистер неге сонша соғысқа құмар болды екен?Сендер Отан үшін,біздер үшін,арттағы ұрпақ үшін майданның нақ ортасында жүрсіздер ғой.Ал олар,сұмырай фашистер,не үшін совет азаматын әкесін баласынан,жарын күйеуінен айырады?!Аянып қалма,әке!Мен үшін,болашақ ұрпақтың бақыты үшін кездескен жаудын көзін жоя бер.Үйге жеңіспен қайт,әке!Мен сені қатты сағындым!Тезірек аман-сау оралшы,әке!

Қарт:Ә,бәрекелді!Әкесін сағынған ғой?!

Әйел:Әкеңмен қауышатын күнде жақын





1-жүргізуші Соғыстың өрті жанбасын

Сәбилер жетім қалмасын

Есігінде әр үйдің

Болмасын,соғыс,болмасын!

Ән: Ақ көгершін.

1-жүргізуші:1945 жылы 30 сәуір кешінде 6 сағат 30 минутта жеңіс туы тігілді.Рейхстаг қабырғасына ең алғаш ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев.

2-жүргізуші:Майдандағы ерліктері үшін 21 мыңнан астам облысымыздың жауынгерлері КСРО орден,медальдарымен марапатталды.21 жерлестеріміз кеңес одағының батыры атағына ие болды.

1-жүргізуші:Олар Нағи Илиясов,Жаппаспай Нұрсейтов,Жақыппек Маханбетов,Көмекбай Тайымбетов,Жалел Кизатов,Ерденбек Ниеткалиевтардың болуы біз үшін мақтаныш.

3-оқушы:70 жыл бейбіт көктем таң атқалы

70 жыл шуақты күн таратты әнін

Есімде сонан бері 70 рет

Ашылды жеңіс күннің парақтары

Талай құс содан бері қайта оралды

Соғыста өлгендер тек оралмады

Тек ұрпақ олар жайлы айтар әнді

70 жыл үзілмеді құстар әні

Кетті енді сұм соғыстың қыспақ әні

4-оқушы:Жеңіс күні-9мамыр.Талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн.

5-оқушы:Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн.

6-оқушы:Фашизимді жеңген қаһарман совет халқының мереке күні

7-оқушы:Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні.

8-оқушы:Үйіне,отбасына,ата-анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымыз сарыла күткен сағыныш күні.

1-жүргізуші:Бүгінгі жастардың болашағы,бақыты үшін қан төккен батырларымыздың даңқы еш уақытта өшпейді.

2-жүргізуші:Ержүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды,мәңгі есте сақталады.



9-оқушы:Қан майданның жүректе жарасы бар

Қайғысы мен зілі бар,наласы бар

Арамызда жүретін алшаң басып

Ардагерлер азайып барасыңдар

Қастерлейді халқымыз қаһарманын

Жүр есінде сан жарық,сапарларың

Қайран ерлер,қаһарман ардагерлер

Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың

1-жүргізуші:Жеңіс!Жеңіс!

Батырлық пен қайсарлықтан құралған

Мен бұл күні астаң-кестең ой кешпей

Мен бұл күні тебіренбей тұра алман

2-жүргізуші:Оқушылар шығармашылығына назар салыңыздар.

1-жүргізуші:Жақсылық еңбек десе жаны күлер

Бағаңды жас білмесе кәрі білер

Мерекең құтты болсын еңбек ері

Мерекең құтты болсын ардагерлер

2-жүргізуші:Сөз кезегі Әлімбай атайға беріледі.Бүгінгі тәрбие сағатымыздан естелік ретінде шағын сыйлығымызды қабыл алыңыз!

1-жүргізуші:Жеңіс деген шат күлкісі баланың

Тыныштығы жер мен жаһан даланың

Жеңіс деген сылдыр күлкі,асқақ ән

Тыныштығың сол жеңістен басталған

2-жүргізуші:Осымен ''Желбіре,Жеңіс жалауы''атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Бірге:Қош сау болыңыздар!

Ән:Әрқашан күн сөнбесін









253 орта мектеп























Тақырыбы: Желбіре, Жеңіс жалауы!

Сынып жетекшісі: Жакелова С.

Сыныбы: 7 «Ә»














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Желбіре, Же?іс жалауы!

Автор: Жакелова Саулет Оразбековна

Дата: 09.02.2015

Номер свидетельства: 169798

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "«Желбіре,Жеңіс жалауы!»"
    ["seo_title"] => string(25) "zhelbire_zhenis_zhalauy_1"
    ["file_id"] => string(6) "549844"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1589541538"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Желбіре же?іс жалауы" "
    ["seo_title"] => string(29) "zhielbirie-zhien-is-zhalauy-1"
    ["file_id"] => string(6) "226626"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1440399884"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Т?рбие са?аты «Желбіре,Же?іс жалауы!» "
    ["seo_title"] => string(43) "t-rbiie-sag-aty-zhielbirie-zhien-is-zhalauy"
    ["file_id"] => string(6) "152365"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420827364"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "5-10-сыныптар?а арнал?ан ""Желбіре, Же?іс жалауы патриотты? ?ндер кеші "
    ["seo_title"] => string(78) "5-10-synyptarg-a-arnalg-an-zhielbirie-zhien-is-zhalauy-patriottyk-ndier-kieshi"
    ["file_id"] => string(6) "214086"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432209435"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Желбіре Же?іс туы "
    ["seo_title"] => string(23) "zhielbirie-zhien-is-tuy"
    ["file_id"] => string(6) "218833"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1433931409"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства