kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Желбіре,Жеңіс жалауы!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Желбіре,Жеңіс жалауы!»
Мақсаты:
1. Білімділік: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы білімдерін жетілдіру.
2. Тәрбиелілік: Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Балалардың ақыл - ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту.
Айсұлтан:
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе силап қырдың гүлінен
Айша:Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Кәусар:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерменен құштарлықтың құралы
Қайсар:

Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.


Құрметті ата-аналар мен балалар! Баршамызға белгілі 9 мамыр - 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.
Биыл міне, сол жеңіске де 75 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата - бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады.

Видеоролик тамашалайық.
Аят:
Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
Жұлдыз:

Тылдағы ел де ерледі.
Тынымсыз күн - түн терледі
Ерлердің жоғын білдірмей
Жауды да жеңіп кел деді.
Алинүр:

Бәріде майдан үшін
Бәріде жеңіс үшін
Біздер үшін жанын қиған
Бас иеміз жандарға.
Тәрбиеші: Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. Сұм соғыстың өзі өрімдей жап - жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа келгенде соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк ерлікпен қаза болды, елі үшін отқа түсіп, жас өмірін отан үшін қиды.
 «Көгершін» әнін барлығымыз караокемен бірге шырқайық.
Тәрбиеші: Ана нәзік, ана мейірімді бұл мереке тек ер - азаматтарымыз үшін ғана емес, аналарымызға және барша халықтың мерекесі, елінде қалған аналар соғысқа кеткен азаматтарының тілеуін тілеп, күні - түні еңбек даласында аянбай еңбек етті.
Өзінің нәзіктігіне қарамастан шырылдаған баласымен қоса, тылда еңбек еткен, аяулы аналарымызда жетерлік.
Мансур:

Аналар осылайша жүзге жеткін
Ұл - қызын енді өзіңді еркелетсін
Айару:

Әрқашан шаттықтардан орын алып
Уайымның не екенін білмей өткің!
Тәрбиеші: Балалар жеңіске жету қиынға түсті. Оның жолында миллиондаған азаматтар мерт болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа түсті. Олар бірлік пен ерліктің арқасында жеңіс сағатын қолдарына тигізді.

Сәнімгүл:

Жеңіс, алақай жеңіс!
Жасасын жеңіс
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!

Сұлтан:

Алаулап гүл тұрады
Туған жер құлпырады
Бейбітшілік болса!
Толағай:

Түрленіп бақша, бағы
Тірлік те жақсарады
Бейбітшілік болса!
Әділет:

Үйлер де құламайды
Ешкімде жыламайды
Бейбітшілік болса!
 

Арсен:

Ешқашанда енді соғыс болмасыншы
Гүлдері ата - ананың солмасыншы
Інжу:

Жеңерміз қиындықты қайыспастан
Тек қана елге амандық орнасыншы.
Али:

Бейбіт болып әрбір күніміз
Береке тола берсін жылымыз
Биіктерге тұрсын мәңгі желбіреп
Көк аспанмен түстес біздің туымыз.

Тәрбиеші:  Балалар, біз аға - апаларымыз үшін қарыздармыз. Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру - сіздердің және біздердің парызымыз!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Желбіре,Жеңіс жалауы!»»

5 мектеп-лицей





«Желбіре,Жеңіс жалауы!»






Өткізген: Уралбаева Г.А.

МАД «Б» тобы






2019-2020 оқу жылы

Тақырыбы: «Желбіре,Жеңіс жалауы!»
Мақсаты:
1. Білімділік: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы білімдерін жетілдіру.
2. Тәрбиелілік: Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Балалардың ақыл - ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту.
Айсұлтан:
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе силап қырдың гүлінен
Айша:Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Кәусар:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерменен құштарлықтың құралы
Қайсар:

Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.


Құрметті ата-аналар мен балалар! Баршамызға белгілі 9 мамыр - 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.
Биыл міне, сол жеңіске де 75 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата - бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады.

Видеоролик тамашалайық.
Аят:
Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
Жұлдыз:

Тылдағы ел де ерледі.
Тынымсыз күн - түн терледі
Ерлердің жоғын білдірмей
Жауды да жеңіп кел деді.
Алинүр:

Бәріде майдан үшін
Бәріде жеңіс үшін
Біздер үшін жанын қиған
Бас иеміз жандарға.
Тәрбиеші: Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. Сұм соғыстың өзі өрімдей жап - жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа келгенде соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк ерлікпен қаза болды, елі үшін отқа түсіп, жас өмірін отан үшін қиды.
«Көгершін» әнін барлығымыз караокемен бірге шырқайық.
Тәрбиеші: Ана нәзік, ана мейірімді бұл мереке тек ер - азаматтарымыз үшін ғана емес, аналарымызға және барша халықтың мерекесі, елінде қалған аналар соғысқа кеткен азаматтарының тілеуін тілеп, күні - түні еңбек даласында аянбай еңбек етті.
Өзінің нәзіктігіне қарамастан шырылдаған баласымен қоса, тылда еңбек еткен, аяулы аналарымызда жетерлік.
Мансур:

Аналар осылайша жүзге жеткін
Ұл - қызын енді өзіңді еркелетсін
Айару:

Әрқашан шаттықтардан орын алып
Уайымның не екенін білмей өткің!
Тәрбиеші: Балалар жеңіске жету қиынға түсті. Оның жолында миллиондаған азаматтар мерт болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа түсті. Олар бірлік пен ерліктің арқасында жеңіс сағатын қолдарына тигізді.

Сәнімгүл:

Жеңіс, алақай жеңіс!
Жасасын жеңіс
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!

Сұлтан:

Алаулап гүл тұрады
Туған жер құлпырады
Бейбітшілік болса!
Толағай:

Түрленіп бақша, бағы
Тірлік те жақсарады
Бейбітшілік болса!
Әділет:

Үйлер де құламайды
Ешкімде жыламайды
Бейбітшілік болса!


Арсен:

Ешқашанда енді соғыс болмасыншы
Гүлдері ата - ананың солмасыншы
Інжу:

Жеңерміз қиындықты қайыспастан
Тек қана елге амандық орнасыншы.
Али:

Бейбіт болып әрбір күніміз
Береке тола берсін жылымыз
Биіктерге тұрсын мәңгі желбіреп
Көк аспанмен түстес біздің туымыз.

Тәрбиеші: Балалар, біз аға - апаларымыз үшін қарыздармыз. Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру - сіздердің және біздердің парызымыз!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Желбіре,Жеңіс жалауы!»

Автор: Уралбаева Гульжанат Абджамиловна

Дата: 15.05.2020

Номер свидетельства: 549844


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства