kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: «Білім әлеміне саяхат»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың  мақсаты: 1. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру, ой                            белсенділігін жетілдіру, берілген тапсырмаларды орындай білуге үйрету.

         2. Ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

         3. Қызықты тапсырмалар беру арқылы баланы тапқырлыққа, алғырлыққа, мақсатқа жетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, суреттер, тапсырма.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: «Білім әлеміне саяхат»»

Сабақтың тақырыбы: «Білім әлеміне саяхат»



Сабақтың мақсаты: 1. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру, ой белсенділігін жетілдіру, берілген тапсырмаларды орындай білуге үйрету.

2. Ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

3. Қызықты тапсырмалар беру арқылы баланы тапқырлыққа, алғырлыққа, мақсатқа жетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, суреттер, тапсырма.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Жылулық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенмен

Тәрбиенің басы ғой

Ал, кәнекей, бәріміз

Сәлем дейік үлкенге.

  • Сәлеметсіздер ме?

- Жарайсыңдар, балалар. Енді бір-біріміздің алақандарымызды ұстап, алақандарымыз қандай жылы болса, сондай жылы лебіздерімізді бір-бірімізге білдірейік.

-Аспанымыз ашық болсын!

- Елімізде тыныштық болсын!

- Күніміз жарық болсын!

-Деніміз сау болсын!

- Балалар, айтқан тілектерің қабыл болсын! Бүгінгі күндерің сәтті өтсін! Барлығымыз әдемі, түзу отырайық, көтеріңкі көңіл-күймен сабағымызды бастайық.

ІІ. Жаңа сабақ

Сұрақ-жауап:

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қазір көктем мезгілі.

  • Көктемнің айларын атаңдар.

  • Наурыз, сәуір, мамыр.

  • Қазір қай ай?

  • Мамыр айы.

  • Біздің тобымыз қалай аталады?

  • Бізде қандай пәндер оқытылады?

  • Дұрыс, балалар біз қыркүйек айынан бастап мамыр айына дейін осы пәндерден білім алып келдік. Енді жазғы демалысқа шығамыз. Бізді бүгін осы «білім әлемі» қонаққа шақырып жатыр. Осы тоғыз ай бойы қандай білім, тәрбие алды, не үйренді екенін тексеріп көреміз дейді. Барамыз ба?

  • Әрине, барамыз.

  • Ендеше қонақтарға тек қана жақсы білімімізді көрсетейік, келістік пе?



Музыка ойналады.

Слайд 1.

  • Балалар, міне біз «Айналамен таныстыру» әлеміне келдік.Қақпа жабулы тұр екен. Бұл әлемге кіру үшін бізге тапсырма беріліпті. Сол тапсырманы орындасақ қақпа ашылады.

Конверт ішіндегі тапсырма: «Табиғат туралы тақпақ айтып бер»

Күн сәулесі, Жарық бергенің үшін рахмет !

Аспан, Таза ауа бергенің үшін рахмет !

Ағаш, Көлеңкенді бергенің үшін рахмет !

Бұлт, Жаңбыр бергенің үшін рахмет !

Табиғат, Сұлулық бергенің үшін рахмет !

  • Жарайсыңдар, балалар, қақпа ашылды, «Айналамен таныстыру» әлеміне қош келдіңдер.



Слайд 2.

«Бір сөзбен айт» ойыны.

  • Балалар, өткен тақырыптар бойынша сабағымызды қайталаймыз.

( Әр балаға бір-бірден парақ беріледі. Парақтарда суреттер бар, сол суреттерді бір сөзбен «Үй жануарлары», «Киімдер», «Құстар», «Дене мүшелері», «Көліктер», «Жабайы жануарлар» деп атауы керек.)

-Жақсы, балалар, «Айналамен таныстыру» пәнінен өз білімдеріңді көрсете білдіңдер.

- Енді, балалар, «Математика» әлемі саяхатқа шақырып жатыр.



Музыка ойналады.

Слайд 3. Қақпа есігі (тесік)

  • Ой, ой, ой балалар, қақпа тесіліп қалыпты ғой. Бұны кім істеуі мүмкін?

  • Енді не істейміз?

  • Жамап береміз.

  • Қараңдаршы, бұл тесіктер неге ұқсайды?

  • Геометриялық пішіндерге.

  • Олай болса, геометриялық пішіндермен тесіктерді жамап береміз.

Дидактикалық ойын: «Дәл осындай пішінді тап».

Мақсаты: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.

  • Мынау қандай пішін? Төртбұрыш .т.б.

(Балалар ақ параққа төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек пішіндерін жапсырады.)

  • Жарайсыңдар, балалар, қақпа ашылды. Математика әлеміне қош келдіңдер.



Слайд 4

Тапсырмалар:

1.Тура, кері санау.

2.Оң жақта, сол жақта.(Балалар оң, сол қолдарын көрсетеді,оң жағында, сол жағында кім отырғанын айтады.)

3. Үлкен- кіші.(Ойыншықтарды салыстыру: аю –үлкен, қоян – кішкентай.)

4. Жоғарыда – төменде, үстінде – астында.(Сурет құрастыру.)

5.Ұзын-қысқа.(Салыстыру: қызыл қалам – ұзын, көк қалам – қысқа.)

- Жарайсыңдар, математика пәнінен де білімдеріңді жақсы көрсеттіңдер.

Музыка ойналады.

Слайд 5. Қақпа. «Ұсақ-қол моторикасы» бөлімі. Қар жауып тұр.

- Ой, бұл жерде қар жауып тұр ғой. Балалар, қар түйіршектерін дұрыс үрлеп тыныс алу жаттығуларын жасасаңдар қақпа ашылады.

Тыныс алу жаттығуы «Қар жауды». Мазмұны: Бұл жаттығу барысында мақтадан домалақтап немесе жұлып-жұлып «қар түйіршектерін» жасаймыз. Бала «қар түйіршегін» дұрыс үрлеуі керек.

Қар ұшқыны аспанда

Қиыршықтап ұшады

Қанатты аппақ құстардай,

Жердің бетін құшады.



Слайд 6. Қақпа ашылады.

Тапсырмалар:

  1. «Сақина» (Бас бармақпен басқа саусақтарды біріктіре отырып кезекпен сақина жасау).

  2. Фонарь» (Алақанды ашып-жұму, екі қолды кезекпен және бірге жасау).

  3. «Есеп» (Саусақтарын бір-бірлеп ашып 10-ға дейін ретімен санау.)

Сергіту жаттығуы:

  • Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Алақанды соғайық.

Оң жақтағы балаға,

Шапалақты соғайық.

Сол жақтағы балаға,

Шапалақты соғайық.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Музыка ойналады.

Слайд 7. Қақпа. «Бейнелеу терапиясы»

Дидактикалық ойын: «Өз түсіңді тап».

  • Балалар, сендердің алдарыңда үш гүлсалғыш тұр. Олардың түсі қандай болса, дәл сондай түсті гүлдерді (түймедағы) жинап салуларың керек.



Слайд 8. Қақпа ашылады.

Тапсырма:

Алақанмен бейнелеу: «Табиғатты аялайық» ( Балалар ортада табиғат бейнеленген үлкен ақ қағаздың жан-жағын алақандарын бояуға малып бастырады.)

  • Аспанымыз ашық болсын!

  • Ауамыз таза болсын!

  • Суымыз мөлдір болсын!

  • Табиғатымыз аман болсын!

ІІІ. Қорытынды:

- Бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма?

- Балалар, жыл бойы сабақтан қалмай қатысып, айналаны қоршаған табиғатпен танысуға, жазу үйренуге, тақпақ жаттауға, сурет салуға белсене қатысқандарын үшін алғысымды білдіріп мақтау қағаздарымен марапаттауға рұқсат етіңдер.

Балаларға мақтау қағаздарын табыс ету.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сабақтың тақырыбы: «Білім әлеміне саяхат»

Автор: Ниязбекова Женискул

Дата: 11.10.2016

Номер свидетельства: 348335

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Саба?ты? та?ырыбы: «К?ктемгі таби?ат?а саяхат» "
    ["seo_title"] => string(51) "sabak-tyn-tak-yryby-koktiemghi-tabig-atk-a-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "202840"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429343308"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Онды? б?лшектер ?леміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(36) "ondyk-bolshiektier-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "278641"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453118988"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Тіл дамыту саба?ы. Та?ырыбы: " К?н с?улелеріне саяхат ""
    ["seo_title"] => string(56) "til-damytu-sabag-y-tak-yryby-kun-s-ulielierinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "306511"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458142022"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Сабақтың тақырыбы: Математика әлеміне саяхат (сыныптан тыс шара)"
    ["seo_title"] => string(63) "sabaktyn_takyryby_matematika_lemine_saiakhat_synyptan_tys_shara"
    ["file_id"] => string(6) "494932"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547293054"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Са? еліне саяхат "
    ["seo_title"] => string(20) "sak-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "192909"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427541585"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства