Просмотр содержимого документа
««Ойыншықтар әлеміне саяхат»»
Тақырыбы:«Ойыншықтар әлеміне саяхат»
Ашық іс әрекет мақсаты:
а) Балалар бұрыңғы меңгерген білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
б) Не? Нелер? Қайдан алуға болады? Қандай? Неден жасалған сұрақтарына жауап беруге, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
в) Ұқыптылыққа,тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әр түрлі ойыншықтар, тақпақтар, ойындар,слайд сызбасы.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелету, түсіндіру, көрсету және сергіту.
Пәнаралық байланыс: Қатынас (Тіл дамыту)
Денсаулық (Дене шынықтыру)
Таным (Қ.М.Ұ.Қ. қоршаған орта)
Сөздік: Ағаштан, шүберек, резеңкеден.
ҰОІӘ барысы:
Шаттық шеңбері:
Ойыншықпенен денеміз,
Шынығамыз өсеміз.
Жылдан жылға бір жылға,
Үлкен болып өсеміз.
Тәрбиеші: Балалар сендер немен ойнайсыңдар?
Балалар: Ойыншықпен
Тәрбиеші: Қане, балалар сүйікті ойыншығымызды атайықшы.
Балалар: Қуыршақ, машина, доп т.б.
Тәрбиеші: Балалар саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?
Балалар: Ия,ұнайды.
Тосын сәт: Осы кезде Ақзере жылап келеді ойыншығын
жоғалтып алып.
Тәрбиеші: Балалар Ақзереге көмектесеміз ба
ойыншығын тауып беруге және ойыншығын табу үшін
өзімізбен бірге саяхатқа алып шығамыз ба?
Балалар: Ия, алып шығамыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар ендеше
ойыншықтар әлеміне саяхатқа жол тартайық.
Үш столда ағаштан, резеңкеден және пластмасса
мен шүберектен жасалған ойыншықтар тұрады.
Балалар мына жердегі не екен қарайықшы
жаймендеп бетін ашайықшы және Ақзеренің
ойыншығын іздейік?
Балалар: Ия қарайықшы.
Тәрбиеші: Балалар мынау қандай ойыншық? Түсі қандай? Пішіні қандай? Неден жасалған? Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?
Ақзере: Көре алмай тұрмын өз ойыншығымды.
Балалар: Бұл доп. Пішіні дөңгелек. Резеңкеден жасалған. Түсі сары.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ендеше мына столдағына еөрейік. Мынау қандай ойыншық? Пішіні қандай? Неден жасалған? Түсі қандай? Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?
Ақзере: Мына ойыншықтардың ішінен таба алмадым.
Балалар: Домбыра. Сопақ пішінді. Ағаштан жасалған.Сары. Сандық. Төрт бұрышты. Ағаштан жасалған. Түсі көк.
Тәрбиеші: Үшінші столды қарайықшы
Балалар мынау қандай ойыншықтар? Неден
жасалған? Түстері қандай? Ақзере осының
ішінде сенің ойыншығың бар ма?
Ақзере: Алақай, менің ойыншығым табылды.
Мынау менің ойыншығым. Балалар рахмет сендерге ойыншығымды табуға көмектескендеріңе.
Балалар: Машина, қуыршақ. Машина темірден жасалған қатты. Қуыршақ шүберектен жасалған жұмысақ.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар әр түрлі ойыншық түрлерін көрдік. Бұлар жай ойыншықтар емес сиқырлы ойыншықтар. Ендеше балалар ойыншықтар түрлерін көрдік, сипаттама бердік. Енді ойыншықтар тц\уралы тақпақтарымызды айтайықшы.
Жансая: Добым, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Қызыл, жасыл, сары көк,
Сенімен ойнайтын бала көп.
Санжар: Ойыншықтар қандай, қандай,
Қызыл, жасыл, сары, көк,
Түрлі – түсті түстері
Көз тартады өздері.
Алдияр: Мынау ойыншық әлемі,
Ойыншықтары әдемі.
Таңдап алып біреуін
Бөпеме алғым келеді
Сынып қалса бір жері
Жөндеп бергім келеді
Жылатпаймын бөпемді
Үлкенмінғой себебі.
Қызғалдық: Добым, добым, домалақ
Қайда кеттің домалап.
Секіртейін келе ғой,
Маған билеп бере ғой.
Слайд сызбасы:
Мақсаты: Көгілдір экраннан көрген
слайд сызбасына сүйене отырып
ойыншықтарды сипаттауға үйрету, заттың
түсін, пішінін, қалай сипаттауға
болатынын айтады көлемін ажырата білу
біліктілігін қалыптастыру. Ойыншықпен
ойнауды, сындармауды және ойнап болған соң жуып сүртіп орнына жинауды үйрету.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Ойыншықпен не істейміз?
Балалар: Ойнаймыз.
Тәрбиеші: Ойыншықтар бізге ренжімеу үшін не істеуіміз керек?! Оларды лақтырмаймыз, сындырмаймыз, жуамыз. Біздің топта ойыншықтардың өз орны бар. Біз ойнап болғаннан кейін, оларды жинап орнына апарамыз. Біздің ойыншықтар таза. Олар бізге ренжімиді.
Ойын: «Поезд» тақпағымен ойын ойнау
Тақырыбы: «Менің ойыншықтарым» Мақсаты: 1. Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. 2. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету. 3. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу. Билингвальды құрағыш: Ойыншық - игрушка
Мотивациялық - қозғаушылық Шаттық шеңбері: Балдырған баламыз, Қашан да, қайда да, Сенімді біз боламыз. Себебі біз достармыз!
Ұйымдастырушылық - ізденушілік Слайдт көрсету: 1. Әңгіме жүргізу: Балалар, қараңдаршы қандай әдемі, әсем ойыншықтар! Біз бүгін осы ойыншықтар туралы әңгімелесеміз. - Балалар ойыншықтарды бірнеше түрге бөлеміз: қатты, жұмсақ, резеңке. Қатты ойыншықтарға машина, ұшақ, пойыз, ал, жұмсақ ойыншықтарға: аю, қоян, түлкі жатады. Резеңке ойыншықтардың жүмсағыда қаттысы да болады. 2. Ғажайып сәт. Есік қағылады. Топқа бауырсақ кіреді - Балалар, бізге қонақ келіпті, кім екен? Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен атам мен апамнан ойнап жүріп адасып қалдым, сендерге маған көмектесесіңдер ме? - Балалар, бауырсақ қай ертегіде кездеседі? - Бауырсаққа кімдер кездеседі? Сендер бауырсаққа көмектесу үшін осы кейіпкерлердің әр түрлі тапсырмалары бар екен. Сол тапсырмаларды орындасаңдар ғана бауырсақ атасымен апасын таба алады. Бауырсаққа бірінші кім кездеседі. 1. Қоян: «Ойыншықтарды сипаттап, түстерін пішіндерін айтып бер»
2. Қасқар: Ойын: «Кім жылдам» Шарты: Ойыншықтарды көрсеткенде олардың аттарын жылдам айту керек. 3. Аю:
Алақай балалар, бауырсақ атасы мен апасына келді. 4. Енді з апа мен ата, барлығымыз Дьнеш блоктарын пайдаланып ойыншықтар құрастырайық. Ол үшін бірнеше топқа бөлініп алайық.
Сергіту сәті Билингвальды құрағыш Дидактикалық ойын Әр топтың ойыншығы әр түрлі болсын. Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар ұйықтайды, Әмір беріп бұйырсақ. Ойыншық - игрушка
Рефлекстік – түзетушілік Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: Ойыншықтардың атын, түрін, түсін, көлемін ажырата біледі. Нені игереді: Ойыншық түрлері туралы білімдерін толықтырып, ойыншықтарды дұрыс қолдана білу дағдыларын игереді. Нені біледі: Ойыншықтар және олардың неден жасалатыны туралы мәліметтерді меңгереді.
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: балалардың ойыншықтар туралы түсінігін молайту,ойыншықтарды қазақ тілінде атап сипаттай білуге үйрету.
Дамытушылық:шағын өлең-тақпақтарды жаттап алуға дағдыландыру,ойлау,есте сақтау қабілеттері арқылы қазақ тілінде сауатты сөйлеу дағдырларын дамыту.
Тәрбиелік: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету ,тілге деген
2-Балалар,бүгін біз сендермен өткен сабақты қайталаймыз.
Ата қонаққа келеді. Балаларға әдемі қоржын әкеледі.
-Иә,ғажап,әдемі қоржын.
-Ал балалар ,ішінде не бар екен,қарайық.(Балаларды кезек-кезек шақырып,қоржыннан :қоян,,аю,кірпі ,доп мысық , ит ойыншықтарын алып шығып,ортаға салып,ойын ойнату).
Әр ойыншықты алып шыққанда, сипаттап отыру,балаларға айтқызып,қайталатып отыру керек.