Просмотр содержимого документа
«"Ұлттық экономика және оның динамикасы"»
Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу түрлері мен әдістері.
Ұлттық экономикада материалдық игіліктерді, көрсетілетін қызметтер мен рухани құндылықтарды өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну ажырамас кешен болып әрекет етеді
Ұлттық экономика екі түрге бөлінеді:1)материалдықөндіріс салалары2) әлеуметтік орта салалары
Материалдықөндіріс салаларына өнеркәсіп, ауыл және орман шаруашылығы, көлік, байланыс, құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтандыру жатады.
Әлеуметтік бөлім салаларыбілім беруді, іргелі ғылымды, денсаулық сақтауды, мәдениетті, тұрғын-үй-коммуналдық қызмет көрсетуді, спорт, туризмді қамтиды.
Ұлттық экономиканың негізгі субъектілеріүй шаруашылықтары, фирмалар, мемлекет, сыртқы субъектілер болып табылады.
Үй шаруашылықтары-бұл өндіріс факторларының меншік иелері, олар ресурстарды іске асырудан кірістер алады және кірістерді тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға пайдаланады.
Фирмалар- ресурстарға (инвестициялық) сұраныс ұсынады, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіреді және ұсынады, инвестициялайды.
Мемлекет- бұл ұлттық экономиканың басқа субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін және қоғамдық мақсаттарға қол жеткізу үдерісін қамтамасыз ететін орган
Экономиканың мемлекеттік реттеу әдістері дегеніміз – бұл экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарын орындау үшін, әлеуметтік – экономикалық процестерге, объектілерге ықпал жасау әдістерінің, амалдарының және құралдарының жиынтығы.
Реттеу әдістері:1. Әкімшілік 2. Құқықтық 3. Экономикалық1)мемлекеттік тапсырмалар, бұл мемлекет тарапынан баға жобалар, бағдарламалар шығарылған заңдар, несиелер2) лимиттер мен квоталар жарғылықтар, шешімдер, салықтар (шектеулер) қаулылар ақша саясаты3) әлеуметтік төлемдер
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты- әл-ауқатты өсіру мен Ұлттық байлықты арттыру.
Экономикалық өсудің негізгі факторлары: табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, негізгі капитал, ғылыми- техникалық прогресс; мемлекеттің экономикалық саясаты.
Макроэкономикалық тұрақсыздық-бұл бәрінен бұрын экономикалық белсенділіктің өзгерістері, жұмыссыздықтың пайда болуы, өндірістік қуаттардың толық жүктемеленбеуі, қағаз ақшаның құнсыздануы, мемлекет бюджетінің тапшылығы.
Инфляция-тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге деген бағалардың жалпы деңгейінің өсуі.