kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жасөспірім және заң

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жас өспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жасөспірім және заң»

Ө.Қанахин атындағы орта мектебі






Дөңгелек үстел

Тақырыбы: Жасөспірім және заң







Дайындаған: Амантай С..

Сыныбы: 9-10-11











2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: Жасөспірім және заң

Мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жас өспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет.

Түрі: дөңгелек үстел

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер, презентация

Дөңгелек үстелге заң қызметкерлері шақырылады. Қанатты сөздер қолданылады.
«Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа», «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», Заң біткен жерде зұлымдық басталады».
Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады:
1. Күнделікті көрініс.
2. Мен заңды қаншалықты білемін?
3. Ешқандай заңы жоқ арал.
4. «Қызыл, сары, көк ауыл».
5. Қылмыскер бала қайдан шығады?

Мұғалім: Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.
1. Күнделікті көрініс: Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:-«Әй, бері кел» деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.

Көріністен кейін қойылған сұрақтар: - Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма?
-- Кім қалай бұзды? ( Кім қалай бұзды).
-- Ата - ана, сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті? (Ата - ана жауабы тыңдалады.)
Бұлардан соң заң қызметкерлерінің пікірі тыңдалады. Ол демалып отырған жастардың заңның қандай бабымен танысуына тура келгендігін айтуы керек.

Мұғалім: 2 - бөлім. «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»? деп аталады. Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыздар, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.
1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.
4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.
5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.
6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады. (Оқушылар түсініктеме берген соң заң қызметкері заңға сүйене отырып, өз ойын айтады).
Мұғалім: Ендігі бөлім «Заңсыз арал» деп аталады.

Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? (Оқушылар пікірі тыңдалады).
Оқушылар пікірі тыңдалады.
Осы бөлімді қорытындылау. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет.»Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.
Мұғалім: «Қызыл, сары, көк ауыл» деп аталатын 4 - бөлімді айтып, әр топтың ортасына әр түрлі лента қояды.

Мұғалім: Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір - бірімен дос, бауыр болыпты, бір - бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын алыпты.
Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек - бөлек қорған тұрғызыпты (Осы кезде мұғалім: ленталарыңызбен өздеріңізді қоршап алыңыздар дейді.) Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ, сары ауылда азық та, су да бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер? ( Оқушылар жауабы тыңдалады.)

Әр түрлі ой айтқан олар қорғанның келегі жоқ, біз дос болуымыз керек деген ойға тоқталады. Бұл әңгіменің астарында бір жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді деген сұрақ тасталады.
Жауап: Адамдардың ауыл - ауыл көше - көше болып бөлінетіндігін, сол бөліну кезінде құқықтары бұзылатындары айтылады.
Мұғалім: 5 - бөлім. (Қылмыскер бала қайдан шығады»?
Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол - мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы.. Келесі бөлім балалардың жасаған қылмысы туралы болмақ.
- Құқық бұзушылықтың себебі неде деп ойлайсыздар? ( Ата - ана мен оқушылардың жауаптары тыңдалады. )
Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан, Абай атамызша айтқанда «көйлегі көктік, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын». Ата - аналарға екі сурет көрсетіледі: Біріншісі тіп - тік әдемі салынған үйдің суреті.

Екіншісі - фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті.
Мұғалім: Бұл тек үйдің суреті ғана емес, көріп отырып бала тәрбиесі туралы не айтуға болады?
( Сурет жайлы ата - ана ойы тыңдалады). Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала екендігін, екінші сурет тәрбиесі дұрыс болмаған бала жайында екендігі айтылады. Бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталатынына ата - ананың назарын аудару керек.
«Отбасы – барлығының басы, жан - жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата - анамен баланың қарым - қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері»- деп В. А. Сухомлинский айтқандай, алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы тиіс. Яғни, екінші сурет бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсетіп тұр.

Тақтаға тау бейнесі және таудың ортасынан жарып шығып келе жатқан жанартау бейнеленген сурет ілінеді. Жанартаудың төбесіне «Қылмыскер бала» деп жазылып, беті қағазбен жасырылып қойылады. Жүргізуші мына суреттегі тау ортасынан көтерілгелі тұрған жанартауға қараңыз, тау сіздің балаңыз болса, ал тауды жарып шыққалы тұрған жанартау балаңыздың қылмыскер болуы деп жасырулы тұрған сөзді ашады.
Мұғалім: Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Жанартаудың атқылауына дейін қаншама процестер жүретіні сияқты бала қылмыскер болуы үшін де бірнеше жағдайлар әсер етеді. Оған ата - ананың баланы бақылауысыз жіберуі, баланың топқа кіруі, жақсы жолдастарының болмауы, 1 - кестеде көрсетілген шарттар бірден - бір себеп. ( Осы шарттардың әрқайсысына түсініктеме берілу керек.) Мұның барлығын дер кезінде байқап, балаға көмекке ұмтылсақ, оны сақтап қалуға болады. ( Бұл бөлімде ата - анаға көп сөз берілу керек, сөйлету керек.)
Бұдан соң заң қызметкерлері сөйлейді.

Мұғалім: Ж. Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата - ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара - бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,- деген. Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына түспеуіне бірден - бір жауапты ата - ана, өздеріңіз.
Дөңгелек үстел бала тәрбиесінде басты ролді ата - ана атқаратындығын, сондықтан олар әр уақытта мектеппен, ұстаздармен байланыс жасауы және достарының кім екенін біліп отыру керектігі айтылып, қорытындыланады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Жасөспірім және заң

Автор: Амантай Сандугаш Абзалкызы

Дата: 19.10.2016

Номер свидетельства: 350473

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Разработка классного часа на тему "Жасөспірім және заң""
    ["seo_title"] => string(59) "razrabotka_klassnogho_chasa_na_tiemu_zhasospirim_zh_nie_zan"
    ["file_id"] => string(6) "472196"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1528131374"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""Жас?спірім ж?не за?" та?ырыбында д??гелек ?стел "
    ["seo_title"] => string(55) "zhasospirim-zh-nie-zan-tak-yrybynda-don-ghieliek-ustiel"
    ["file_id"] => string(6) "177857"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1424716691"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""Жасөспірім және заң""
    ["seo_title"] => string(23) "zhasospirim_zh_ne_zan_1"
    ["file_id"] => string(6) "624318"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1674912307"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Жас?спірім ж?не ???ы? б?зушылы? "
    ["seo_title"] => string(39) "zhasospirim-zh-nie-k-u-k-yk-bu-zushylyk"
    ["file_id"] => string(6) "177422"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424631285"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""Жасөспірім және заң""
    ["seo_title"] => string(21) "zhasospirim_zh_ne_zan"
    ["file_id"] => string(6) "577473"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1617558086"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства