№2 мәтін. Қожанасырдың тойға баруы
Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты. Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп, қайта келіпті. Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде:
- Қожеке, алыңыз, алыңыз!- деп қадірлепті. Қожа етті жемейді, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же, шапаным, же,- деп отыра беріпті. Үй иесі өкпелеп:
- Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?- дейді.
Сонда Қожа:
- Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой,- деп жауап беріпті.
1. Мәтінге қандай ат лайықты?
а) Байдың үйі в) Қожанасырдың тойға баруы с) Қожекеңнің киімі
д) Байдың өкпелеуі е) Қожанасырдың тойы
2. Қожаның мінезіне лайық сөздерді табыңыз.
а) өсекші, өтірікші, қатал, сараң в) тапқыр, ақылды, қу, әділ
с) білімді, жуас, тұйық, қыңыр д) іскер, пысық, алаяқ, арам
е) ақылды, қыңыр, өсекші, жуас
3. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
а) Үйінде қартың болса — асыл қазынаң в) Үй баласымен базарлы, қонағымен ажарлы
с)Киіміне қарап қарсы алады, Біліміне қарап шығарып салады.
д) Үйің жаман болса, күйің жаман е) Досы көпті жау алмас.
4. Мәтінге сәйкес сөйлемді табыңыз.
а) Бай кедейлерді менсінбейді.
в) Қожанасыр байды қатты сыйлайды.
с) Бай адамның бәріне бірдей қарайды.
д) Қонаққа нашар киіммен барған дұрыс.
е) Бай қонаққа нашар киіммен келгендерді сыйлайды.
5. Мәтінде қандай қазақ ұлттық киімі туралы айтылған?
а) тақия в) тон с) шапан д) мәсі е)сәукеле