kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілінен тест тапсырмалар

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілінен тест тапсырмалар 11 сынып?а арнал?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілінен тест тапсырмалар»

І нұсқа

  1. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?

А) Еріндік, езулік

В) Қатаң, ұяң

С) Ашық, қысаң

Д) жуан, жіңішке

Е) ұяң, үнді

2. Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі қалай аталады?

А) сөз

В) дыбыс

С) әріп

Д) екпін

Е) буын

3. «Жұлдызы жарасқан» тұрақты тіркесінің антонимін көрсет.

А) көзге ілмеу

В) жұлдызы жану

С) жұлдызы қарсы

Д) көз ілмеу

Е) аузына құм құю

4. Историзим сөзді көрсетіңіз.

А) аға сұлтан

В) бесік құда

С) телефон

Д) тыңла

Е) төбесі көкке жетті

5. Емле бойынша дұрыс жазылған сан есімді көрсетіңіз.

А) Х-ғасыр

В) 10-15 тен

С) екіеу

Д) 40-50 үй

Е) 12ден

6. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді көрсетіңіз.

А) Темірқазық

В) алтыбақан

С) асқазан

Д) жаздыгүні

Е) әлдекім

7. Етістіктен сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған сын есімді тіркесті көрсетіңіз.

А) азаматтық құқық

В) бойшаң бала

С) алғыр шәкірт

Д) таулы өлке

Е) өнерлі оқушы

8. Көсемшенің көптелмейтін қосымшасын белгілеңіз.

А) –ғалы, -гелі, -қалы, -келі

В) –а, -е, -й

С) –ып, -іп, -п

Д) –ған, -ген, -қан, -кен

Е) –ар, -ер, -р

9. Бұрынғы өткен шақты көрсетіңіз.

А) отырмын

В) тұрғанмын

С) барамын

Д) көрермін

Е) айтпақпын

10. Сөздердің байланысу тәсілі нешеу?

А) 1

В) 2

С) 3

Д) 4

Е) 5

11. Кітап алу үшін апам екеуміз кезекке тұрдық. Сөйлемнен жалғау арқылы байланысқан тіркесті көрсетіңіз.

А) кітап алу

В) кітап алу үшін

С) апам екеуміз

Д) тұрдық

Е) кітап үшін

12. Матаса байланысқан сөз тіркесін белгілеңіз.

А) Ілияс шықты.

В) Қызылжардан қайтып келді.

С) Бауыржанның қамқорлығы.

Д) Биыл бітірді.

Е) Айман қуанды.

13. Сілтеу есімдігінің септелуін көрсетіңіз.

А) соған

В) менің

С) өзін

Д) барлығын

Е) сенімен

14. Бастауыш пен баяндауыштың арасына дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.

А) Сәкеннің - айтары сол талаптылық. В) Әйгілі ақын Сәкен Сейфуллин осы өлкенің – мақтанышы.

С) Бұл мен үшін маңызды - жаңалық. Д) Қуанта білу де үлкен – қуаныш.

Е) Ондағы ерекше қызығатын нәрсе – өнегелі асыл сөздер.

15. Сөйлемнен тура толықтауышты белгілеңіз.

А) Мен Алматыға шұғыл шаруамен бара жытырмын.

В) Біздер сол судың қадірін білеміз бе?

С) Еркелеп аққан, Есілім. Д) Би екеу болса, дау төртеу болады.

Е) Түлкі мен жыртқыш құстар құрыған жерде кемірушілер көбейіп кетеді.

16. Қыстырма сөзді көрсет.

А) Уа

В) тәйт

С) сөз жоқ

Д) бауырым

Е) әттеген-ай

17. Оңашаланған айқындауышты табыңыз.

А) Амангелді батыр – ел үшін күрескен қаһарман.

В) Ғалым Ахметің көптеген еңбектері әлі де қарастырылуда.

С) Күзде, қыркүйектің басында, жұмысшылар саны көбейді.

Д) Әнші Күләш ерекше дауысымен есте қалды.

Е) Үйдің іші қараңғылана бастады.

18. Жақсыз сөйлемді көрсет.

А) Шоқан бір жасқа толмай жатып жүріп кетті.

В) Көш іркіліп тұр.

С) Ертең кітапханаға кешікпей кел. Д) Кейін қалған шөпшілерге жәрдем етуге болады.

Е) Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.

19. Оспан сайлауда құлады да, Күнту болыс болып шыға келді. Құрмалас сөйлемнің қай түрі?

А) ыңғайлас салалас құрмалас В) қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

С) түсіндірмелі салалас құрмалас Д) кезектес салалас құрмалас

Е) талғаулы салалас құқрмалас

20. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Біраз отырған соң, күндіз көп жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды.

В) Қасен байбаламдағанмен де, ойын тоқтала қоймады.

С) Мен үйге кірдім, бірақ үйле ешкім болмады.

Д) Ол жауап қатпаған соң, Таусоғарды күдікті ойлар тағы тори бастады.

Е) Оның өскен ортасын білмейінше, жұмбақ қасиетін де түсінуге болмайды.

21. Бағыныңқысы Қайтіп? Қалай? деген сұрақтарға жауап беретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін белгілеңіз.

А) шартты бағыныңқылы сабақтас В) қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас

С) қарсылықты бағыныңқылы сабақтас Д) себеп бағыныңқылы сабақтас

Е) мақсат бағыныңқылы сабақтас

22. Төл сөз бен автор сөзіне байланысты тыныс бегісі дұрыс қойылған жауапты көрсетіңіз.

А) – Жақсы кездестің, - деді Сұлтан: – Сені іздеп жатыр едік.

В) – Жақсы кездестің, - деді Сұлтан. – Сені іздеп жатыр едік.

С) – Жақсы кездестің, - деді Сұлтан: Сені іздеп жатыр едік.

Д) – Жақсы кездестің, - деді, Сұлтан – Сені іздеп жатыр едік.

Е) – Жақсы кездестің - , деді Сұлтан: – Сені іздеп жатыр едік.

23. Көпшілікке арналып айтылатын ауызекі сөйлеу стилінің түрін (формасын) көрсетіңіз.

А) сұхбат

В) дауласу

С) лекция

Д) әңгімелесу

Е) репортаж

24. Үстеу неше мағыналық топқа бөлінеді?

А) 8

В) 4

С) 5

Д) 6

Е) 7

25. Ресми іс қағаздың неше түрі бар?

А) 1

В) 2

С) 3

Д) 4

Е) 5

Қазақ тілі.ІІ нұсқа.

  1. Араб, парсы тілдерінен енген сөздерді көрсет.

А) жасақ, аймақ

В) жәшік, мектеп

С) жарлық, сіреңке

Д) пән, білім

Е) нөкер, шәйнек

2. Қосымшасы дұрыс жалғанған кірме сөзді көрсет.

А) ромбда

В) танкіден

С) граммы

Д) ансамбльдың

Е) фактіға

3. Үтірі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз.

A) Не әскери мектепке, не химия институтына түседі.

B) Ұра су, дами берсе, көл болады.

C) Дана сөзді ұғу да, айту да, даналық.

D) Шаңғы тепкен, із кескен, ит жүгірткен, адамдар көрінеді.

E) Шөлде мына ағаштар өсе алады: сексеуіл итмұрын, тікенді, тал-шіліктер.

4. Сөз тіркесіндегі матасуды табыңыз.

A) Сегіз жас.

B) Он жеті.

C) Айтып бер.

Д) Сенің үйің.

E) Ала тай.

5. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

A) Әрең қозғалады.

B) Жолшыбай кездесті.

C) Әрқашан біргеміз.

Д) Анағұрлым көп.

E) Елжіреді.

6. Синоним сөзді көрсетіңіз.

A) Шын, өтірік.

B) Жаңбыр, дауыл.

C) Қарулы, нашар.

Д) Оқулық, оқушы.

E) Құнды, бағалы.

7. Салдар мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдары басым дауыссыз дыбыстар қатарын көрсет.

А) Т, М, Б

В) М, Н, Ң

С) Г, Х, Р

Д) В, Г, Ж

Е) С, Т, Л

8. «Кей» сөзімен бірігу арқылы жасалатын есімдікті белгілеңіз.

А) өздік есімдігі

В) сұрау есімдігі

С) болымсыздық есімдігі

Д) белгісіздік есімдігі

Е) жіктеу есімдігі

9. Сабақтас құрмалас сөйлемді тап.

А) Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге мұншалықты ұзын алқапта, әсіресе мынау еңістікте сырғанап көрген емес.

В) Міне біз де келдік. Кеш те басталды.

С) Мен үй жинап жатырмын, өзің келіп кет.

Д) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.

Е) Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.

10. Өткен шақ есімшенің жұрнағын белгіле.

А) жүрмес

В) сөйлемек

С) барған

Д) айтпақ

Е) көрер

11. Іс-әрекеттік ұғымды білдіретін, әрі етістікше, әрі есім сөздерше түрлене алатын етістіктің түрі қалай аталады?

А) зат есім

В) етістік

С) етіс

Д) есімше

Е) көсемше

12. Емле бойынша дұрыс жазылған тұйық етістікті белгіле.

А) еріу

В) тапу

С) ағу

Д) байу

Е) тасыу

13. Болжалдық демеулікті белгілеңіз.

А) –ақ, -ау

В) екеш

С) ма, ме, ба, бе.

Д) ғана, тек

Е) –мыс, -міс

14. Негізгі үстеуден болған мезгіл пысықтауышты табыңыз.

A) Раушанмен оқта-текте сырласпайды, мұңдаспайды.

B) Бүгін аурухананы қамап, жұмысшылар кетпей қойды.

C) Азамат ерте оянды.

Д) Сәнжан жолшыбай бір ескі шелек тауып алыпты.

E) Таңертеңнен бір сұлу қыз суға келеді.

15. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз.

A) Қызыл, сөзге салынба, балақай!..

B) Қызыл сөзге салынба, балақай!

C) Қызыл сөзге салынба, балақай...

Д) Қызыл – сөзге салынба, балақай.

E) Қызыл сөзге салынба балақай.

16. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.

A) Қара бұрыш.

B) Мен менсу.

C) Той топыр.

D) Мен десе.

E) Қақ шеке.

17. Себеп бағыныңқы сабақтас

A) Біраз отырған соң, күндіз көп жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды

B) Ер Төстік жалмауыздың қолында қалды деп, елі мүлде күдер үзіп еді.

C) Тимур үйге қайтып келісімен, оны нағашысы жанына шақырып алды

Д) Үш жолаушы келе жатса, алдынан бір адам қарсы шықты

E) Наурыз туса да, қыстау әлі қыстың қатаң кәрінде болатын

18. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса қандай тыныс белгісі қойылады?

А) нүкте

В) қос нүкте

С) үтір

Д) леп белгісі

Е) сұрау белгісі

19. Бағыныңқы сыңарының баяндауышы өткен шақ есімшенің формасына –дықтан қосымшасы жалғану арқылы жасалатын сабақтастың түрі.

А) қарсылықты бағыныңқылы

В) шартты бағыныңқылы

С) себеп бағыныңқылы

Д) мезгіл бағынықылы

Е) қимыл-сын бағыныңқылы

20. Оқшау сөз қатысқан сөйлемді белгіле.

А) Мен ауылға барамын.

В) Аспанда қалықтап қарға, қаршыға ұшып жүр.

С) Біз, жас ұстаздар, тәжірбие ала білуіміз керек.

Д) Бәріңе айтарым, қысқасы, кешікпеңдер.

Е) Үйге келген үшеуі: Айжан, Қамқа, Әділ.

21. Жақсыз сөйлемді табыңыз. 
A) Ауылдың малы өсті. 
B) Асан ұйықтап қалды. 
C) Досанның тауға барғысы келді. 
Д) Бұл – үлкен сыйлық. 
E) Ермек өте жақсы оқиды.

22. Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Мәтінде пысықтауыштық қай түрі кездеседі?

А) мөлшер пысықтауыш

В) мекен пысықтауыш

С) мезгіл пысықтауыш

Д) себеп пысықтауыш

Е) мақсат пысықтауыш

23. Пышақ қанша өткір болғанмен, өз сабын өзі жона алмайды. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

А) қимыл-сын бағыныңқылы

В) шартты бағыныңқылы

С) себеп бағыныңқылы

Д) мезгіл бағынықылы

Е) қарсылықты бағыныңқылы

24. Жетек сұрақты белгілеңіз.

А) Қыздар ше?

В) Жақсы хабар бар ма?

С) Сен тамақ іштің бе?

Д) Бұл кісілер қай жердікі?

Е) Кеште кімдер өлең айтты?

25. Ресми іс қағаздар стиліне тән емес белгіні көрсетіңіз.

А) Үндеу мәнде жұмсалады.

В) Мазмұны бұйыру ыңғайында болады.

С) Ой аяқтаған болып келеді.

Д) Қалыптасқан үлгіде жазылады.

Е) Баяндау түрінде жазылады.

Қазақ тілі. ІІІ нұсқа.

  1. Езулік дауысты дыбыстардан жасалған сөзді табыңыз. 
    A) Мұқан, Ербол. 
    B) Әдебиет, теңіз. 
    C) Орден, нөсер. 
    Д) Ине, бөдене. 
    E) Адам, өнім. 

  2. Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды белгілеңіз.

A) П, Ф, Б, В

B) К, Г, Ғ, Т.

C) Т, С, З, Ж.

Д) Ш, Щ, Т, С.

E) Х, Ц, Ж, Д.

3. Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін анықтаңыз. 
A) Қос сөз. 
B) Біріккен сөз. 
C) Түбірлес сөз. 
Д) Түбір сөз. 
E) Тіркескен сөз. 

4. Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз. 
A) Күшті, мықты. 
B) Шелдену, қоңдану. 
C) Бағалы, құнды. 
Д) Әлді, қарулы. 
E) Қайратты, қажырлы. 

5. Емле бойынша дұрыс жазылған сан есімді көрсетіңіз.

А) жиырма-отыз-шақты үй

В) жетіеуі жақсы оқиды

С) 10 ға жуық оқушы

Д) есеп 15-ке жетті

Е) ХХ-ғасыр

6. Сөйлемдегі есімдіктердің түрін анықтаңыз: Мен ешқашан елімді сатпаймын!
А) Сілтеу, жалпылау.
В) Жіктеу, болымсыздық.
С) Жіктеу, сілтеу.
Д) Жалпылау, белгісіздік.
Е) Жіктеу, өздік

7. Өздік етісті белгілеңіз.

А) жуысты

В) жуынды

С) ішінде

Д) өздері

Е) салғызды

8. Септік жалғауының көнеленуі арқылы жасалған үстеуді көрсет.

А) осынша

В) бүгін

С) аңдаусызда

Д) әдейі

Е) жаздыгүні

9. Іс-әрекеттік ұғымды білдіретін, әрі етістікше, әрі есім сөздерше түрлене алатын етістіктің түрі қалай аталады?

А) зат есім

В) етістік

С) етіс

Д) есімше

Е) көсемше

10. Болымсыздық етістікті көрсет.

А) Ол кешке келеме.

В) Ол сұрадыма.

С) Сен келме.

Д) Бұл – көрме.

Е) Сен айттыңба.

11. Пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді анықтаңыз. 
A) Асқар тауды кеуделеп жүріп келеміз. 
B) Жас мұраты – білім. 
C) Ауыл ақсақалы жастарға алғыс айтты. 
Д) Омар жолдасымен кездесті. 
E) Тақырыбы дұрыс емес. 

12. Шылауды табыңыз.

A) Басты мәселе – оқу үлгерімі. B) Сөз – өмірдің үлкен қаруы.

C) Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.

Д) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

E) Ой жетпейтін жер болмайды.

13. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз.

A) Немересін.

B) Немереме.

C) Немересінде.

D) Немересінен.

E) Немереге.

14. "Мы", "мі", "бы", "бі", "пы", "пі" болып өзгеріп қалатын шылауды көрсетіңіз.

A) Менен, пенен.

B) Ма, ме, ба, бе, па, пе.

C) Я, яки, не, немесе.

D) -Ақ, -ай, -мыс, -міс.

E) Мен, бен, пен.


15. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз. Мектепте алты жүз бала оқиды.

A) Зат есім.

B) Етістіктің есімше түрі.

C) Сын есім.

D) Есімдік.

E) Сан есім.

16. Есім сөздерден жасалған сын есімді көрсетіңіз.

A) Жабысқақ, сүріншек.

B) Жазғы, қысқы.

C) Қызба, толық.

Д) Ашпалы, көтермелі.

E) Ұрысқақ, тайғақ.

17. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

A) Қырықаяқ.

B) Асхана.

C) Штабта.

D) Бозжігіт.

E) Көре кел.

18. Сөйлемдегі еліктеу сөз қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз. Мен бір тарсыл естідім.

A) Толықтауыш.

B) Бастауыш.

C) Баяндауыш.

Д) Анықтауыш.

E) Пысықтауыш.

19. Бастауыштан кейін сызықша қай сөйлемде қойылатынын көрсетіңіз.

A) Бұл үйдің балалары естияр еді.

B) Бұл істі көпке қалдырмау керек.

C) Бұл күз айында болған әңгіме.

Д) Бұл баланың таланты бар екен.

E) Мен бұл жағын білмеп ем.

20. Көсемше жұрнақтарын табыңыз.

A) -ар, -ер, -р.

B) -қан, -кен.

C) -мақ, -мек.

D) -па, -пе.

E) -ғалы, -гелі.

21. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Күн түс ауа жылынып, сызды дала бусанып, ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді.

B) Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлқ жатты.

C) Аттылар жақындаған сайын, Төлегеннің жүрегі орнына түсе бастады.

Д) Ауыл адамдары мәз-мәйрам болып, мерекені жақсы өткізді.

E) Әдейі танытпайын деп, ол бет- аузын таңып алыпты.

22. Мөлшер үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

A) Әрең қозғалады.

B) Жолшыбай кездесті.

C) Әрқашан біргеміз.

Д) Анағұрлым көп.

E) Елжіреді.

23. Ыңғайлас салалас сөйлем

А) Бүгін мені күткендердің саны есепсіз.

В) Күн шықты.

С) Сиырының тұқымы да жақсы, бабы да жақсы екен.

Д) Тіл - ұлтымыздың қасиетті қазынасы.

Е) Дегенмен үйге ерте келгендіктен, бәріне үлгердім.

24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған көп құрамды төл сөз

А) – Мың-мың рахмет, атажан, - деді Гүлжан қуанып, Дос болса сіздей болсын, Мен жыламаймын, қуанам!

В) – Мың-мың рахмет, атажан!, деді Гүлжан қуанып - Дос болса сіздей болсын. Мен жыламаймын, қуанам!

С) – Мың-мың рахмет, атажан: деді Гүлжан қуанып, Дос болса сіздей болсын, Мен жыламаймын, қуанам!

Д) – Мың-мың рахмет, атажан! - деді Гүлжан қуанып: - Дос болса сіздей болсын. Мен жыламаймын, қуанам!

Е) – Мың-мың рахмет, атажан деді Гүлжан қуанып - Дос болса сіздей болсын. Мен жыламаймын, қуанам!

25. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз.

A) Жазбақпын.

B) Айтармын.

C) Келмеспіз.

D) Сөйлепті.

E) Тартты.

Қазақ тілі. IV нұсқа.

  1. Үнді дыбыстары бар сөзді табыңыз.
    А) бастық  

В) жағы  

С) наным 

Д) көкжиек  

Е) отбасы

2. Кейінді ықпалды табыңыз. 
A) Үмітбек.

B) Көкшетау. 

C) Қара ала. 
Д) Жеңіл-желпі. 

E) Әншінің әні. 

3. Күшейткіш демеулікті табыңыз.

A) дейін

B) сайын

C) –ау

Д) ше

E) –ды

4. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Жонынан таспа тілу.

B) Кішкене тарақ.

C) Толықша келіншек.

Д) Жаңбырлы күн.

E) Томағасын сыпыру.

5. Эвфемизмді табыңыз.

A) Ұрланды.

B) Табылмады.

C) Іздеді.

Д) Қолды болды.

E) Жоғалды.

6. Сабақты етістік қажет ететін септік жалғауы:

А) атау септік

В) барыс септік

С) табыс септік

Д) жатыс септік

Е) шығыс септік

7. Туынды үстеу көрсет.

А) таңертең

В) әдейі

С) тез

Д) шикілей

Е) жоғарыда

8. Бейнелеуіш сөзді анықта.

А) тарс етті

В) гүрс - гүрс

С) маң-маң

Д) шатыр- тұтыр

Е) тық- тық

9. «Шақты, жуық, тарта» деген септеулік шылауларымен тіркесіп келетін сан есімнің түрін көрсетіңіз.
А) топтау 

В) жинақтық

 С) бөлшектік

Д) реттік

 Е) болжалдық  

10. Жалпылау есімдік қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Ешкімге тіл қатушы болма. 

В) Үлкенге құрмет, кішіге ізет. 
С) Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.  

Д) Мұны ертеңге қалдыруға болмайды. 

Е) Саған кітап сыйлаймын.

11. Салалас құрмалас сөйлемді тап.
А) Құнанбай үндеген жоқ. 

В) Күн ыстық болғандықтан, біз шомылуға кеттік. 
С) Таң атып келеді.

Д) Мен айтып болдым, енді сіз айтыңыз. 
Е) Туыстарым сізге ертең барар.

12. Қабысудың анықтамасын табыңыз. 
А) Сөздердің өзара септік жалғауларының біреу арқылы байланысы.

В) Баяндауыштың бастауышпен байланысы.

С) Ілік жалғаулы сөз бен тəуелдік жалғаулы сөздің грамматикалық байланысы.

Д) Сөздердің жалғаусыз орын тəртібі арқылы байланысу түрі. 
Е) Табыс, жатыс септіктері арқылы байланыс.
13. Анықтауышы есімдіктен жасалған сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) біздің мектеп  

B) тоғыз адам  

C) жазған кітап 

Д) белгілі жазушы  

E) сұлу жер

14. Жақты сөйлемді табыңыз.
A) Менің жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келеді. 

B) Саған ертең мектепке бармауға тура келеді.

C) Қыс. Сары аяз.

Д) Бұл жерде суға түсуге болмайды.

E) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.

15. Бастауыш пен баяндауыш арасында қойылатын сызықшаны тап.
А) Сулық жаңбырда киетін киім. 

В) Қар жауды. 

С) Мен мектепке келдім.
Д) Оның əке-шешесі бар. 

Е) Отбасымыз төртеу еді.

16. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A)  – Сыныптарында тəртібі нашар оқушылар бар ма?, деп сұрады ол. 
B)  – Сыныптарыңда тəртібі нашар оқушылар бар ма? Деп сұрады ол.
C)  – Сыныптарында тəртібі нашар оқушылар бар ма? – деп сұрады тəлімгер.
Д)  – Сыныптарында тəртібі нашар оқушылар бар ма? деп-сұрады ол.
E)  – Сыныптарында тəртібі нашар оқушылар бар ма? деп, сұрады ол.

17. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
A) Айту, менің парызым. 

B) Жастар – еліміздің мақтанышы.

C) Талап талмас – қанат.  

Д) Ақылды қария ағып жатқан – дария.

E) Ақылды қария – ағып жатқан – дария.

18. Себеп бағыныңқы сабақтас

A) Біраз отырған соң, күндіз көп жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды

B) Ер Төстік жалмауыздың қолында қалды деп, елі мүлде күдер үзіп еді.

C) Тимур үйге қайтып келісімен, оны нағашысы жанына шақырып алды

Д) Үш жолаушы келе жатса, алдынан бір адам қарсы шықты

E) Наурыз туса да, қыстау әлі қыстың қатаң кәрінде болатын.

19. Негізгі үстеуден болған мезгіл пысықтауышты табыңыз.

A) Раушанмен оқта-текте сырласпайды, мұңдаспайды.

B) Бүгін аурухананы қамап, жұмысшылар кетпей қойды.

C) Сәнжан жолшыбай бір ескі шелек тауып алыпты.

Д) Азамат ерте оянды.

E) Таңертеңнен бір сұлу қыз суға келеді.

20. Бастауыш қай сөз табынан екенін табыңыз. Мектеп жақтан біреу келе жатыр. 
A) зат есім  

B) сын есім  

C) есімдік  

Д) үстеу  

E) етістік

21. Толымды сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.

A) Бастауышы бар, баяндауышпен қиыса байланысқан сөйлем.

B) Бастауышы жоқ сөйлем.

C) Ойға қатысты сөйлем мүшелері қатынасқан сөйлем.

Д) Ойға қатысты сөздің толық берілмеген сөйлем түрі.

E) Тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.

22. Ісқағаздар стиліне тән ерекшелікті көрсет

А) мәтінге ритм, интонация әсерлілік құру үшін көп жұмсалады.

В) тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер

С) ғылыми ұғымдарды дәл айтатын, соған арналған терминдер мол орын алады

Д) сөйлемдегі сөздер базистік (негізгі) тәртіпке сай орналасады.

Е) тілдесу адамдардың бетпе-бет кездесуімен жүреді


23. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз.

A) Сөзге тапқырлық.

B) Келісімпаз болу.

C) Көп сөйлеу.

Д) Өзін көрсету.

E) Көп тіл білу.

24. Сөздердің қайсысы туынды түбір, көрсетіңіз.

A) Аспанда.

B) Сызғыш.

C) Аста.

Д) Ақылым.

E) Менде.

25. Сөйлемнің қай мүшесі бірыңғайласып тұрғанын көрсетіңіз.

Көрген, білген әңгімелерді кітап қылып тартамын.

A) Бірыңғай толықтауыш.

B) Бірыңғай анықтауыш.

C) Бірыңғай баяндауыш.

Д) Бірыңғай пысықтауыш.

E) Бірыңғай бастауыш.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? тілінен тест тапсырмалар

Автор: Серикбаев Акжол Серикбаевич

Дата: 21.06.2016

Номер свидетельства: 335598

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "?аза? тілінен тест тапсырмалары"
    ["seo_title"] => string(34) "k-azak-tilinien-tiest-tapsyrmalary"
    ["file_id"] => string(6) "290938"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1455035075"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Қазақстан тарихы пәнінен тест тапсырмалары жауаптарымен"
    ["seo_title"] => string(62) "k_azak_stan_tarikhy_p_ninien_tiest_tapsyrmalary_zhauaptarymien"
    ["file_id"] => string(6) "398598"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1489045429"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Қазақ тілінен тест тапсырмалары"
    ["seo_title"] => string(31) "kazak_tilinen_test_tapsyrmalary"
    ["file_id"] => string(6) "509074"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1556960451"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "6-сынып?а ?аза? тілінен тест тапсырмалары"
    ["seo_title"] => string(38) "6synypkakazaktilinientiesttapsyrmalary"
    ["file_id"] => string(6) "332439"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1464960031"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "3 сынып?а арнал?ан ?аза? тілінен тест жина?ы "
    ["seo_title"] => string(51) "3-synypk-a-arnalg-an-k-azak-tilinien-tiest-zhinag-y"
    ["file_id"] => string(6) "166836"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1422992160"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства