ма?саты:о?ушыларды Ж дыбысы мен ?рпімен таныстыру. О?ушыларды? логикалы? ойлау,есте са?тау ?абілеттерін дамыту. Адамгершілік т?рбиесін ?алыптастыру, тілін ??рметтеуге т?рбиелеу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жж дыбысы мен ?рпі»
Сабақтың тақырыбы:Ж ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Ж дыбысы мен әрпімен таныстыру, сол арқылы берілген оқу мен жазуға үйрету.Ж дыбысы бар сөздерді оқыту, жаздыру, осы әріп арқылы сөздер құрастыра отырып, ойларын өрбіту. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын, сөздік қорларын, танымдық дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жаңа әріптің баспа және жазба үлгісі Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, кубизм Пәнаралық байланыс: дүниетану Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Психологиялық дайындық Оқушылар ортаға шығып, өз есімдерін және сүйікті ісін айтады. Келесі оқушы жалғастырады.
- Балалар, қазір қай сабақ? - Әліппе сабағы-Әліппе сабағынан не үйрендіңдер? Әріптерді, дыбыстарды жазып, айтып үйрендік. Өтілген дыбыстарды қайталау.
III. Миға шабуыл. Кубизм әдісі 1. Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз) 2. Әріп дегеніміз не? (Көреміз жазамыз, айтамыз) 3. Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз) 4. Дауысты дыбыстар қалай айтылады? (Созылып айтылады) 5. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? (Қысқа айтылады) 6. Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? (Ыы)
IV. Үй тапсырмасын тексеру. « Қақпашы » мәтінін талдау. 1. Мәтінде неше сөйлем бар? / 7 сөйлем / 2. Мәтінде аталған кісі аттарын ата. 3. Олардың жазылуын түсіндір
V. Жаңа сабақ . Балаларға "Ж" дыбысынан келетін сөздерге байланысты жұмбақтар жасыру. 1. Күндіз бәрі қашады, Түнде аспанды басады. (Жұлдыз) 2. Төбеден төнеді, Тамшысын төгеді. (Жаңбыр) 3. Ағайынды бәрі. Шықса жасыл, Түссе сары. (Жапырақ) 4. Күндіз тіпті ұшпайды, Түнде тышқан ұстайды, Көзі шамға ұқсайды. (Жапалақ) (суреттер) - Осы барлық сөздер қандай дыбыстан басталады? - Ж - дыбысынан. - Дұрыс . Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс - Ж дыбысы мен әрпі. Мынау Ж дыбысының баспа және жазба түрлері. - Ж - дыбысы қандай дыбыс? Қандай текшемен белгілейміз?
Сергіту сәті «Мен қазақпын»
Оқулықпен жұмыс. Жуа -дыбыстық талдау
69 -беттегі мәтінді оқу. Жусан
Далада жусан бар. Жусанға мал жақсы жайылады. Жарас малды жусанға жайды. Мал тойынды.
Мәтінде неше сөз бар? Мәтін не туралы?
Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап»
«Ж» әрпінен басталатын сөз айтам, оқушылар соңғы әрпіне келетін сөз айту.Мысалы: Жолбарыс, сағат, тарақ, қала, ағаш т.с.с.
Сергіту сәті: « Көнілді күн »
Логикалық тапсырмалар:
Дәптермен жұмыс. Ж дыбысының ауада салынуын көрсету, элементімен таныстыру. 7-беттегі жазуға арналған жұмыстарды орындау.
VI Қорытындылау « Ұшты – ұшты » ойынын ойнату Ж дыбысы қандай дыбыс? Ж дыбысына келетін сөздер ойлау. VII Үйге тапсырма: 69 бет оқу « Жау, жау жаңбыр » жаттау