«Ж» дыбысымен және әрпімен таныстыру басқа дыбыстарды ажырату, айтылу артикуляциясын меңгерту.Сөздегі жаңа дыбыстардың айтылу ерекшелігін (дауысты, дауыссыз) оның дыбысталуын практикалық жолмен меңгерту. Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды талдау, сөз құрату, сөзден сөйлем құрату. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жж дыбысы мен әрпі.»
Жж дыбысы мен әрпі
Мақсаты: «Ж» дыбысымен және әрпімен таныстыру басқа дыбыстарды ажырату, айтылу артикуляциясын меңгерту.Сөздегі жаңа дыбыстардың айтылу ерекшелігін (дауысты, дауыссыз) оның дыбысталуын практикалық жолмен меңгерту. Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды талдау, сөз құрату, сөзден сөйлем құрату. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Балалар, сабақты бастамас бұрын келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Сәлемдесу.
Енді бір-бірімізге жылу сөздерімізді таратып, көңіл күйімізді көтеріп алайық.
Бойымызға алған жылуымызды жібермей, қол ұстасып, тобымыздың ұранын айтайық.
Біз доспыз, біз татумыз.
Біз бір сыныптың балаларымыз.
Осы татулығымызбен, достығымызбен сабағымызды бастауға орнымызға отырайық.
- Жылдың неше мезгілі бар, олар қандай?
- 4 мезгілі бар. Қыс, көктем, жаз, күз.
- Қазір жылдың қай мезгіл?
- Қыс айларын ата.
- Қыс мезгілінің белгілерін ата.
- Қыс туралы кім жұмбақтар айтады?
- Жұмбақты ойдан шығарса да болады.
- Кәне, бәріміз ойланайық.
- Аптаның неше күні бар?
- Жеті
- Олай болса, апта күндеріне байланысты санамақты еске түсірейікші.
Ай жетіге бөлінген,
Жеті күнді бір топтап,
Әр күнге ат берілген,
Біліп ал оны дұрыстап.
1-күн Дүйсенбі
2-күн Сейсенбі
3-күн Сәрсенбі
4-күн Бейсенбі
5-күн Жұма
6-күн Сенбі
7-күн Жексенбі
Жіберме сен есеңді!
Жарайсыңдар балалар! Жыл мезгілдерін, ай аттарын, апта күндерін жақсы біледі екенсіңдер. Балалар біз бүгінгі күнге дейін сауат ашу сабағынан бірнеше дыбыстармен таныстық. Өткен дыбыстарды қайталап жіберейік.
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
- Дыбыты естиміз, айтамыз.
- Әріпті көреміз, жазамыз.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Екіге. Дауысты және дауыссыз.
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз.
- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? Қандай текшемен белгіленеді?
- Дыбыстардан нелер құралады?
- Буын. Буыннан сөздер құралады.
- Сөзден нелер құралады?
- Сөйлем.
Пошташы есікті тықылдатып сандықты әкеліп береді. Сандықтың ішінде хат бар екен. Хатта Жұмбақбай атай сендер дыбыстарды танып,оқысын деп дыбыс таңбаларын, әріптерді және сыйлық та беріп жіберіпті.
- Ой, мен байқамай шашып алдым. Осы әріптерді бір-бірден жинап алуларыңды өтінемін. Дауысты дыбыстар оң жағыма, дауыссыз дыбыстар сол жағыма тұра қалыңдаршы.
Сабақты «Алма жинау» ойынына бастағым келіп тұр. Әр алманы алған бала алманың артында жазылған дыбысты атап, сол дыбысқа байланысты сөз құрап, сөзді буындық талдау жасап, мына себетке салады.
Сергіту сәті: «Балапандар» биі
Жаңа сабақ.
Балалар. Мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа)
Бұл сөздер қай дыбыстан басталып айтылып тұр?
- Ж дыбысынан.
- Қане, қайталап айтап байқап көрейікші.
- Балалар, бүгін біз сендермен осы Ж дыбысымен танысамыз.
* Ж дыбысының айтылу артикуляциясын түсіндіру, ұғындыру.
* Ж дыбысы дауыссыз дыбысқа жататынына көз жеткізу.
* Ж дыбысы сөз басында, ортасында, аяғында келетінін (картинамен көрсету)
* Жүзім суретіне назар аударып, текшелермен дыбыстық талдау жасату.
1. Жүзім сөзінде неше дыбыс бар?
2. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды текшелермен ажырату, алдарындағы жолақшалармен жұмыс істеу.
3. Жүзім сөзін, шапалақпен буынға бөлдіру.
«Біз зерекпіз» ойынын ойнау.
Мен сендерге алдымен дыбыстарды, сонан соң буынды, сосын сөзді айтамын. Солардың ішінен ж дыбысы бар дыбыс. Буын, сөз кездескенде қолдарыңды шапалақтап ұрасыңдар.
Мысалы: 1. П, б, с, л, ж, қ, дыбыс
2. на, па, са, ла, жа, қа, жу – буын
3. таға, сағат, жаға, алға, жылға – сөз
Бүгін біз қай дыбысты көп атадық?
Ендеше мынау сол дыбыстың таңбасы – Ж әрпін тақтаға ілу.
Баспа түрі – Ж – неге ұқсайды, өрмекшіге ұқсайды.
Жазба түрі – Ж
Ауаға жаздыру
Сергіту сәті:
Топ-топ етіп басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса жарқын күн,
Жаса-жаса алтын күн!
Дәптерге үлгі бойынша жазу.
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
- Команда аттарын қатар бойынша белгілеу.
Мысалы: «Ақылды», «Зерек», «Білгірлер» командалары. Сыйлықтар.
Тақтадағы суреттерден сөйлем құрайық.
«Көжек сәбіз жақсы көреді» сөйлеміндегі ж дыбысын табу.
- Буындарды оқыту.
- Ребус шештіру.
- Үстел үсті ойыны. Әр түрлі ойыншықтар қойып ж дыбысынан басталатын ойыншықтарды тауып, атын атату (жылқы, жолбарыс, жылан, жүзік)