(Ұ) Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін,оқу құралдарын тексеру. -Сәлеметсіздер ме балалар! Психологиялық ахуал: Суық,суық жел соқты, Не істейік біз балалар? Секірейік,жылынайық.\орындарында жүгіреді\. Ысқылап біз алақан\алақандарын ысқылайды\, Жүгірейік жалаулатып\қолдарын желбіретеді\. -Қане балалар,жылыну үшін біз алты- алтыдан бірігейік. Сонда оқушылар 4топқа бөлінеді. Енді ойланып көріңдерші суық жел соққан кезде біз жылыну үшін қандай қимылдар жасадық?\жүгірдік,секірдік,алақан ысқыладық\. -Қай айларда суық күндер болады? -Ал суық айларда үйде,мектепте күні бойы жүгіріпсекіріп,алақанды ысқылап жылыну мүмкін емес.Сондықтан суық мезгілінде ғимараттарды қалай жылытуға болады? Психологиялық ахуал арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарлау.Жылу.Жылыту жабдықтары мен құрылғылардың атау.. Тапсырма№1. «Ойлан,тап»әдісі .\Т\ Әр топтың алдына пештің ,күннің,батареяның және жанып жатқан оттың суреттерін лөстіремін.Сұрақ-жауап арқылы оқушылардан ортақ байланысы не екенің анықтап аламын. -Осы суреттерді сіздерге не үшін беріп отырмын балалар, сіздер не байқадыңдар? -Осы суреттерді не байланыстырып тұр?\Жылу\
Бағалау критерий | Дескриптор | 1.Жылытқыш құралдарын атады. 2.Әр жылытқыштың байланысын тапты. | 1. Жылытқыш құралдарын атайды. 2. Жылытқыштың құралдардың ортақ белгілері бойынша байланыстырады. |
Қалыптастырушы бағалау: -толық түсінгендер.
-жартылай түсінгендер. мүлдем түсінбегендер.
Тапсырма №2. «Кім алғыр?»әдісі \Жұптық\. Әр жұпқа суреттер беріп, тапсырманы түсіңдіремін. Осы берілген суреттердің ішінен жылытқыш құралдарды тауып,бос тор көздеріне \ \ қойып,белгілеңіздер. Бағалау критерий | Дескриптор | 1.Жылыту жабдықтарына жататын құрылғыларды тапты,атады. | 1.Суреттен батареяның бейнесін тауып,атайды. 2.Тапсырмадан радиатордың суретін атайды, табады. 2.Каминның суретін атайды,табады. | 2.Жылытқыш құралдарын суреттен тауып \ \ белгісін қойды. | 1.Батареяның астына \ \ белгісін қояды. 2.Радиаторды табады,астындағы торкөзге \ \ белгісін қояды. 3. Каминның суретін тауып ,астындағы тор көзге \ \белгісін қояды. | Қалыптастырушы бағалау Камин суреттер арқылы бағалау -Маған қызықты болды. -Маған қиындау болды. -Мен көп білгім келеді. Тапсырма: № 3 «Саяхат» проблемалық әдісі.\Жекеше\ Проблемалық ситуация тудыру. 1-ситуация.Біз барлығымыз бүгін саяхатқа жайлауға бардық. -Қандай үйлерді елестетесіздер жайлаудан?\киіз үй\ -Қалай ойлайсыздар,қазақтар неліктен жайлауда киіз үйлерде тұрады? Киіз үй ,далада қатты,ызғарлы жел соғып тұр.Осындай ауа-райын қай мезгілде байқаймыз?Күзде байқаймыз. Электр тоғы жоқ.Енді үйді жылыту үшін сіздер қандай жылытқыш құралдардын қолданасыздар? -От жағу үшін сіздерге не қажет болады?Тезектерді қайдан алады? Ауызша ,толық жауап айтқызу. 2-ситуация.Енді біз жайлаудан қыдырып ауылға келдік.Ауылда қандай үйлер бар?Күн суық қар жауып тұр,үй суық.Қай мезгіл?\қыс\ Жер үйді қандай жылытқыш құралдармен жылытуға болады?\пеш\ -Ал,пешті жағу үшін сіздерге не керек болады?\ағаш,көмір\ 3-ситуация.Ауылдан біз қалаға келдік. -Қалада адамдар қандай үйлерде тұрады?\Көп қабатты\ -Далада қатты аяз тұр,боран, суық.Енді осы көп қабатты үйлерді қалай,немен жылытамыз?\радиатор,батарея\ Егер біздің үйлерімізде жылытқыш құралдар болмаса,онда не болар еді? Қ.б: жаз,көктем,жаз суреттерімен бағалау Бағалау критерийлері | Дескрипторлар | 1.Ауа-райының құбылыстарын жыл мезгілдеріне сәйкестеңдіре алады. 2.Әр түрлі тұрғылықты жерлердің ғимараттарын ажыратады. 3.Әр түрлі ғимараттарды анықтайды,айтады. | 1. Ауа-райының құбылыстарын жыл мезгілдеріне сәйкестеңдіре алды . 2. Әр түрлі тұрғылықты жерлердің ғимараттарын ажыратты. 3. Әр түрлі ғимараттарды анықтады,айтты. | 4.Әр ғимараттарды қандай жылытқыш құралдарды пайдаланатының сипаттап береді. | 4.Әр ғимараттарды қандай жылытқыш құралдарды пайдаланатының сипаттап берді. | Қалыптастырушы бағалау: жаз,көктем,жаз суреттерімен бағалау Керемет! Жақсы! Талпын! |