kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жұмбақтар

Нажмите, чтобы узнать подробности

С 1867 года уездный город Перовск Сырдарьинской области, центр уезда. Были открыты начальные школы, начали работать кирпичный завод, ветряные мельницы, мастерские, лавки.

После сдачи в эксплуатацию железной дороги Оренбург — Ташкент в 1905 году, в городе построены здание вокзала и депо.

30 октября 1917 года в Перовске была установлена власть Советов.

В 1925 году город переименован в Кзыл-Орда, из Оренбурга сюда была перенесена столица Казахской автономной республики в составе РСФСР, в 1929 году перенесённая в Алма-Ату.

Герб города в советское время

В 1930—1940-е годы численность населения региона и города значительно возросла за счёт переселенцев из других частей СССР: политические ссыльные, депортированные поляки из Западной Украины и Белоруссии, немцы, корейцы из Приморья, народы Крыма и Северного Кавказа, эвакуанты из захваченных Германией регионов.

В 1960-70-е вместе с целлюлозно-картонным, механическим, рисовым заводами и обувной фабрикой возникли такие жилые массивы, как поселки Гагарина, Титова. В эти же годы создан трест «Главриссовхозстрой». В 1980-90-х на нынешних проспекте Абая, улицах А. Токмагамбетова, Желтоксан появились красивые здания и жилые дома. Построенные в те годы микрорайоны Акмечеть, Мерей, административное здание фирмы «Южказнефтегаз», диагностический центр, новый большой больничный комплекс ещё больше украсили город.

17 июня 1997 года Указом Президента Казахстана транскрипция названия города изменена с Кзыл-Орда на Кызылорда, а названия области — с Кзыл-Ординская на Кызылординская[5].

Во второй половине 1990-х годов отремонтированы городские коммуникации, дороги, ряд жилых домов; разбиты новые скверы.

Население[править | править вики-текст]

Население города в конце XIX века

По данным переписи 1897 года в городе Перовск было 5 058 жителей (3122 мужчин и 1936 женщин).

Распределение населения по родному языку в 1897 году:  Казахи — 44,6 %, Русские — 13,7 %, Сарты — 27,3 %, Татары — 8,5 %.

В Перовском уезде в целом в 1897 году проживало 133 663 человек, распределение населения по родному языку был следующим[6]: Казахи — 97,5 %, Русские — 0,78 %, Сарты — 1,08 %, Татары — 0,38 %, а в Казалинском уезде в целом в 1897 году проживало 140 541 человек, распределение населения по родному языку был следующим[6]: Казахи — 96,7 %, Русские — 2 %, Сарты — 0,34 %, Татары — 0,46 %, Таджики — 0,34 %.  

С конца 1980-х годов происходила эмиграция неказахского населения города на свою историческую Родину в Россию, Германию, Грецию, Израиль, на Украину, а также приток казахского населения из сельских районов области и малых городов Приаралья.

Население города в настоящее время

По данным на январь 2015 года. Общее население составляет 268 908 человек, из них абсолютное большинство составляют казахи — 248 283 (92,33 %). Остальные русские — 9 980 (3,71 %), корейцы — 6 151 (2,29 %), татары — 1 260 (0,47 %), чеченцы — 403, украинцы — 218, турки — 196, греки — 105, прочие — 2 000.[6]

Год19391972199120092015Население,
тыс. жителей
47[7]129[7]158,2[8]169,9270

Численность населения Кызылорды[9]189719591970197919891991199920042005505865 902122 373156 128151 791158 200157 364157 719158 592
200620072008200920102011201220132014161 539164 103166 818188 682193 106198 389201 719207 721212 918
2015







219 967






 

Экономика, культура[править | править вики-текст]

Важнейшие промышленные предприятия: целлюлозно-картонный (закрыт), строительных материалов, домостроительный комбинаты, обувная, швейная и трикотажная фабрики (закрыты); пищевая промышленность.

С середины 1980-х в регионе активно развивается добыча нефти и газа: «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» (бывш. «Харрикейн Кумколь Мунай»), «Тургай Петролеум», ТОО СП «КазГерМунай», ТОО «КуатАмлонМунай», НК «КОР», АО «СНПС-Ай Дан Мунай», ТОО «БИС» и другие. В октябре 2010 года завершилось строительство автомобильной дороги Кызылорда — Кумколь (Карагандинская область), длившееся (с перерывами) с 1989 года[10].

В окрестностях города имеется развитое сельское хозяйство — рисовые и бахчевые поля. Но, несмотря на более-менее развитое сельское хозяйство, не менее половины жителей города вынуждены заниматься самозанятостью, например - торговлей (куплей-продажей) на рынках города, в связи со слаб

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жұмбақтар»

Күні: 19.11.2016ж

Тақырыбы: Достық – ынтымақтастық белгісі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту. 
Дамытушылық: Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. 
Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту. 
Міндеттері: 
- Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету; 
- Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту; 
- Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. 
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, «Сөйлемді аяқта» тренингі, хатқа жауап беру, пікіралмасу, жүректен-жүрекке, «Сиқырлы орындық» жаттығуы, «Ренжістік-татуластық ойыны. 
Көрнекі құралдар: Ұлы ғұламалардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, слайд, «нағыз дос» ағашы, жүрекшелер
Барысы: 
Психологиялық дайындық

Бізде дәннен аумаймыз,

Сабақтан еш қалмаймыз.

Білімі асқақ ұрпақ боп,

Жадыраймыз, жайнаймыз; 
- Балалар сендер ребус шешкенді ұнатасыңдар ғой. Олай болса ребусті шешейік

  • «Дос болайық бәріміз»

  • Балалар, сендер достық, татулық дегенді қалай түсінесіңдер?
    - Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?
    (Балалардың достық туралы пікірлерін тыңдау)
    - Өз досың туралы айтып берші?
    - Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма? Ойлап көріңдерші?
    Түйін:
    Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жалғыз ойнасақ, жалғыз серуендесек, жалғыз тамақтансақ көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз қалмау үшін біздерге дос жолдас керек екен.
    Достық - адамдардың бір - біріне деген адалдығы, өзара сыйластығы, татулығы, сүйіспеншілігі, жанашырлығы, қамқорлығының белгісі

- Біздің елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?

- Дұрыс айтасыңдар

130 – дан астам ұлт өкілдері тату – тәтті тұрып жатыр. Біз бақытты елміз. Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл.

«Қария мен жігіт» әңгімесі

Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: 
-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке: 
-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт: 
- Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті. 
Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп: 
- «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті. 
-Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер? 
- Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі»

Мақал - мәтелдер
«Досы жақсының өзі де жақсы»

Балалар енді достық туралы қандай мақал мәтелдер білесіңдер?
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». 
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады». 
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ». 
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы». 
5. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын». 
6. «Досы көппен сыйлас, 
Досы жоқпен сырлас». 
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы». 
8. «Дос басқа қарайды, 
Дұшпан аяққа қарайды». 
9. «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық». 
10. «Досың мың болса да - аз, 
Дұшпаның біреу болса да - көп»
«Сөйлемді аяқта» тренингі 
1) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ... 
2) Сыйластық бар жерде ... 
3) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім... 
Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/ 
Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз.Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер: 
• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер. 
• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар. 
• « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар
Пікір алмасу 
- Сендерге ойын ұнады ма? 
- Татуласу ше? 
- Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/ 
- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма? 
- Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/ 
Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін. 
Үйге тапсырма: «Досым саған арнаймын» (ақындар өлеңдерінен көркемсөз оқу)



Күні: 26.11.2016ж

Тақырыбы: «Рәміздерім – мақтанышым»

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға мемлекеттік рәміздер тарихы туралы жаңа ақпараттар бере отырып, жинақтаған білімдерін тиянақтау.
2. Оқушыларды өз ойын, пікірін айта алуға дағдыландыра отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуын дамыту.
3. Өз елі мен жерін сүюге, отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ҚР рәміздері, Лондон-2012 Олимпиада жеңімпаздарының суреттері, суретті кітаптар, рәміздер туралы DVD диск.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу.
- Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.
- Әнұран айту.
ІІ. Негізгі бөлім.
- Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ел Тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Көне түркі дәуірін айтпағанның өзінде, бергі XV ғасырда Қазақ хандығының да өз байрағы, шекарасы болған. Кеңестік дәуірде де одақтас республикалардың бірі ретінде Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болды. Бірақ бұл толық дербестігімізге, егемендігімізге кепілдік бере алмайтын еді. Біз одақ құрамындағы бодандық құрсауындағы ел едік. Еліміз толық тәуелсіздікке 1991 жылы ғана қол жеткізді. Әлемдік қауымдастық бізді дербес мемлекет ретінде тани бастады.
Неге мемлекеттік рәміздерге осынша мән беріліп отыр? Өйткені Отанға деген сүйіспеншілік, ел тарихына құрмет мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен басталады. Тәуелсіз Қазақстан рәміздері біздің болашағымыздың, еліміздің орнықты, оң үдерісте дамуының ерекше белгілері.
Кеше ғана 17 жылдығы аталып өткен ҚР Конституциясын да Мемлекеттік рәміздердің ажырамас бөлшегі ретінде құрметтей білуіміз қажет. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың басты міндеттері еліміздің осы құндылықтары жайлы сендердің білімдеріңді зерделеу.
- Ой қозғау бөлімі

1. Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы, 4 маусымда қабылданды 
2. Туға сипаттама : Ту көгілдір түсті мата, ені 1 м, ұзындығы 2 м, Авторы – Шәкен Ниязбеков.
3. Тудағы бейнеленген элементтер Қандай балдар айтып кетейікші:
4. Елтаңбаның авторлары а вторлары- Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов
5. Елтаңба элементтері туралы не білеміз( Оқушылар жауаптары тыңдалады)
6. Әнұран жайлы ақпаратпен бөлісетін болсақ а лғашқы гимн 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған. Қазіргі Әнұранымыз 2006 жылы қаңтар айында қабылданды
7. Әнұран авторлары жайлы айтып өтсеңдер? (Оқушылар жауаптары тыңдалады)
Мұғалім:
Сонымен рәміздер дегеніміз не?
(мемлекеттердің барлығын бір-бірінен ажырататын және өзіндік бет бейнесін айқындайтын нышан - белгілері)
Қосымша ақпарат:
Мемлекет басшыларын қарсы алу және шығарып салу кезінде сол елдердің Әнұрандары орындалады. Бұл – мемлекеттің екінші мемлекетке ресми түрде көрсеткен жоғары дәрежедегі құрметі. Шетелдегі әртүрлі ресми іс-шараларда, Парламентаралық мәжіліске қатысқан депутаттардың жанында Туымыз тұрады. Шетелдерде Ту екі жағдайда көтеріледі:
- Мемлекет басшысының басқа елге сапары кезінде;
- Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда.
Мұғалім:
Балалар, биыл ХХХ жазғы Олимпиада «тұманды альбион» жері Англияда өткенін жақсы білесіңдер. Дүбірлі додада топ жарып, егемен еліміздің абыройын асқақтатқан спортшыларымыздың жетістіктеріне шаттанып үлгердік. Әсіресе алтыннан алқа тағынған толағайларымыздың арқасында Лондон төрінде 7 рет Көк Туымыз биікке көтеріліп, 7 рет Әнұранымыз шырқалды. 7 саны қазақ халқы үшін киелі екені салт-дәстүрімізден белгілі. Біз спортшыларымыздың әрқайсысымен мақтануымыз керек. Олардың мемлекеттің намысы үшін жасаған ерліктерінен үлгі алуымыз керек. Сендер де дәл сол саңлақтарымыз секілді елін сүйер азамат, Отанының басты құндылықтары - туған тілді, дінді, рәміздерді, ата заңды қастерлеп, қорғай алатын тұлға болып қалыптасатындарыңа кәміл сенемін.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Мұғалім:
- Сонымен, балалар, бүгінгі тәрбие сағатын түйіндесек. Ол үшін «Қазақстан» атты сөз жұмбақты бірігіп шешейік:
1. Қазақстан жерін мекендейтін халық? (қазақ)
2. Лондон олимпиадасында жұлқа көтеруден 95 келі, серпе көтеруден 131 келі көтеріп, олимпиялық және әлемдік рекордты бұзған ауыр атлет? (Зульфия Чиншанло)
3. 63 келіге дейін салмақта олимпиялық рекорд жасаған ауыр атлет? (Майя Манеза)
4. Елтаңбаларды зерттейтін ғылым саласы? (геральдика)
5. Елтаңбаның екі жағында не бейнеленген? (пырақ)
6. Еліміз солтүстік батыста қай елмен шектеседі? (Ресей)
7. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға қандай атақ берілді? (Бейбітшілік қаласы)
8. Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманы? (Қайрат Рысқұлбеков)
9. Түркияда ҚР Президентіне арналып ескерткіш ашылды. Ескерткіш қай қалада орналасқан? (Анкара қаласында)
Терең тағлымға толы тәрбие сағатында белсенділік танытқандарың үшін рахмет! Елін сүйер, жерін қорғар, салт-дәстүрді қадірлер азамат болуларыңатілектеспін














Күні: 3.12.2016ж

Тақырыбы: Жанұя жылуы
Мақсаты:

1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

2.Оқушылардың  естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтүрі:сынып сағаты        

Әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап .

Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу:

Қане, қане, тұрайық,

              Үлкен шеңбер құрайық.

              Тұрсақ үлкен шеңберге,

              Алақанға ұрайық.

Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығынабейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді. Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі.Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.

Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

Отбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.
Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. 
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Балалықтағы іздену, есейгенде нақтылы іске әкеледі.

Бірінші көрнектілік - отбасы, ошақ қасы.

Сезімтал болғың келсе, балалық дәуіріңе қайта орал.

Өз ошағында болмаған бақыт көршінің ошағынан келмейді, сондықтан қажымай талмай еңбектеніп, бақытты іздеу керек. Өзің іздеп таппасаң, ол

қаша береді.

«Үйге балаларым келсе, барлық дүнием түгел», - деуші еді марқұм анам, қазір өз басыма келіп отыр

Әке суреті де тәрбиелейді , суретке де дұрыс түсе біліңдер.

Жұбайың жанында болса, жұлдызым төбемде дей бер.

Басқаның жұмағының қайда екенің білмеймін, өз жұмағым үйімде.

Екеуге тентек болсаң да, басқаға тентек болма.

Үйленуге барсаң, үйретуге барма.

Туыс та сыйлыстыққа мұқтаж.

Бірақ жанды алдамау керек, ол - бала.

Поэзияның пірін сәбиі бар анадан сұра, қайда екенін айтады.

Бала: атаға, анаға, әкеге, шешеге, ағағға, тіпті қала берді үйге келген

қонаққа да қарап өседі.

Сәбидің Алласы - анасы.

Ата салты дегеніміз - халықтың салты, адалдық пен ақтықтың салты.

Болар бала босағадан.

«Келешек көзі – балада» деп өсіріп келеміз.

Анаға бала бота болып қала береді, ана жүрегі деген осы, баласын сәби ете

береді.

Есейген бала еңбекшіл, есірік бала көшешіл.

Ерке бала есік таңдамайды.

Біреуге тас лақтырма, өз әкеннің басына түсуі мүмкін.     

 Біз өз отбасымызға өзіміз қонақ екенімізді ұмытуға әсте болмайды.

 Махаббаттың ұлылығы сонда: уақытпен бірге жасарып жасай да,

 жырлана да береді.

Қорытындылау
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.


Күні: 10.12.2016ж

Тақырыбы : Адам – табиғат перзенті
аМақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тәрбие сағатының құрылымы:
І бөлім
І. Ұйымдастыру
ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;
ІІІ.Табиғат дегеніміз не?(саяхат-шолу)
1.Тіршілік атаулының бар арманы –ауа
2.Тіршілік көзі –су
3. Табиғат байлығы – өсімдіктер
4.Орман сәні –құстар
5.Табиғаттың сұлу мүсіні –жануарлар

Мұғалім: – Армысыздар оқушылар! «Аяласаң, табиғатты аяла» атты сынып сағатымызды бастаймыз.
Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті қадірлі сөздер.
Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы.
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
І слайд
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Кіріспе:
Адам табиғат перзенті. Оның тіршілігі табиғат аясында өтеді.
« Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ » деген сөздері көп жағдайды аңғартатыны анық.Табиғат –бізді қоршаған орта.Адамдар тіршілік етіп отырған ортақ үйі.Адам табиғатпен тығыз өмір сүреді.
Ал,табиғатты қорғау дегеніміз-ауаны ластамау,құстарды аялау,өзен-көлдің суын бүлдірмеу,жан-жануарларға қамқорлық жасау.
Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады?
Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар…

Олай болса,оқушылардың өлең –шумақтарына кезек берейік.

1.Санат: Атамекен жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.
2.Жансая: Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
3.Қасымжомарт: Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
4.Айқын: Қадір тұтіп табиғат қасиетін,
Әділдіктің алдында бас иетін.
“Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп
Бабам айтқан орынды өсиетін.
5.Александр: Ашық болса менің байтақ аспаным,
Туған жерім бітпейтін мол дастаным.
Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,
Керегі не, керегі не басқаның
6.Ақзерде :Туған жерім өзіңе не жетеді,
Далам мені мәпелеп тербетеді.
Құшағыңда ең алғаш перзенттерің
Балғын жырын бұлақтай селдетеді.
Слайд
ІІІ.Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.
1-оқушы: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар.
Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
Мұғалім:
Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз.

Барлығы орындарынан тұрып, Табиғат-Анаға тағзым етеді. Ән «Жас дәуірдің түлегіміз»
Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.








Күні: 24.12.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Сырлы қалам

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Оқушыларға қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтыра түсу.

ә) Дамытушылығы: Оқушылардың тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.

б) Тәрбиелігі: Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын түрлері.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактив тақта, слайд суреттер, көрме.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар бізге бүгін қонақтар келді. Келген қонақтарымызбен амандасып алайық.

Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз.

(Оқушылар келген ұонақтармен амандасады)

II. Үй тапсырмасын тексеру.

«Шәкірт балаларға»

Айналам сендей жеткіншек,

Қарасам көзім тоймаған.

Мәуелі сендер – бәйшешек

Өмірдің жазын тойлаған.

Ұялы мен бір бәйтерек,

Ортаңда көктеп бойлаған.

Сендерді қоссам жырыма,

Саңқылдап үнім сайраған.

Қаздаңдап кәрі саусағым,

Ішекті бойлап ойнаған.

Үй тапсырмасын бекіту. Біздің айтып жатқан өлеңімізді кім жазыпты?

-Әрине, ол Жамбыл Жабаев.

- Ал, Жамбылдың «Жамбылдың портреті» атты» бейнесін кім көркемдеген?

- Әрине, Әбілхан Қастеев.

Психологиялық дайындық.

Суретшінің жаны толған шер еді,

Қалам ұшы – қара бояу қорегі.

Аяулы әні көшкен кезде қағазға,

Бояулары жылап қала береді.

Шеберхана... ауасы – ауыр, түнек дем,

Суретші отыр өз ойынан дір еткен.

Бір суретті көшіре алмай қағазға,

Не онысын өшіре алмай жүректен – демекші бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы: Әбілхан Қастеев дарынды суретші.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

(Слайд көрсетіледі)



Әбілхан Қастеевтің Әбілхан Қастеевтің

өмір жолы өнер туындылары

Дарынды суретші

Әбілхан Қастеев атындағы

Қ.Р-ның мемлекеттік өнер мұражайы.

(видиосы көрсетіледі))

Мұғалім сөзі.

- Әбілхан Қастеевтің өмір жолы...

Қастеев Әбілхан (1904-1973) - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Отбасында 9 баласы бар. Әйелінің есімі- Сақыш Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасның төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрлысында жұмысшы болып бастады. Москвадағы көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген..

- Дарынды суретші...

Әбілхан Қастеев дарынды суретші. Әбілхан қол өнеріне, онан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі.

Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарыңдастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте"(1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.

Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарыңдағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы автодүкен" (1963), сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады.

Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасы-мен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол - туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер. Әбілхан Қастеевтің өнер туындылары мың жарымнан астам түрі бар екен. Әр туындыларының өзі әр мағынада суреттеліп, халықтың көңілінен шыға білген. Оның мыңнаң астам туындылары жарық көрген.

Оның «Мектепте», «Көгілдір киімді қазақ қызы», «Пішен шабу», «Жамбылдың портреті», «Колхоз тойы», «Ескі және жаңа тұрмыс», «Амангелді атойы».

VІ. Қорытынды

Әбілхан Қастеевтің тамаша шығармалары- қазақ өмірінің айнасы, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы мен көшбасшысы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жұмбақтар

Автор: Талманова Мөлдір Мырзаәліқызы

Дата: 11.04.2017

Номер свидетельства: 408493

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Ж?мба?тар мен жа?ылтпаштарды? м?ні мен ?зіндік ерекшеліктері"
    ["seo_title"] => string(63) "zhumbaktarmienzhanyltpashtardynmnimienozindikieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "283177"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453801325"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Ж?мба?тар ?лемінде"
    ["seo_title"] => string(22) "zhu-mbak-tar-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "284078"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453914113"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Ж?мба?тар ?лемі"
    ["seo_title"] => string(18) "zhu-mbak-tar-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "284106"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453915953"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Онлайн-саба? :"Ж?мба?тар ?лемінде""
    ["seo_title"] => string(35) "onlain-sabak-zhu-mbak-tar-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "311346"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459183988"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Ж?мба?тар ?лемінде"
    ["seo_title"] => string(24) "zhu-mbak-tar-liemindie-1"
    ["file_id"] => string(6) "316824"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460182598"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства