Просмотр содержимого документа
«Жол тәртібін білейік, Аман есен жүрейік!»
Жол тәртібін білейік аман – есен жүрейік!
Мақсаты:
Оқушыларға жол ережелерін сақтауды үйрету;
Қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге дағдыландыру;
Жол ережелерін түсініп және өз ойларын айтып бере алуға баулу;
Жүргізуші:
Көшеде біз сақ болайық,
Қамықпасын ата-ана
Жолда да сен бол лайық
Оқушылар атына
Жолда жүру әліппесін
Білген бес саусақтай
Сонда ғана жүре аласың
Сен өзіңді сау сақтай
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі біздің «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!» атты ашық тәрбиеcағатымызға қош келдіңіздер!
Қазіргі таңда балалардың өмірін кездейсоқ көлік оқиғаларынан қорңау мәні зор мәселердің бірі болып отыр, бүгінгі біздің көрсеткелі отырған бастамамыз жол қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бастамамыз, жолдың ортасында ақжолақ тротуар жөнінде, сондай ақ балалар арасындағы жолда жүру ережелерін насихаттау.
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлемдеген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Сабағымыз басталсын сәлемменен.
Қай көшеге, қалаға барсаңызда,
Қай ақыл өлшеміне салсаңызда
Жол жүру ережесі заңды тәртіп
Ол ортақ үлкен кіші баршамызға,
Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз
Жол жүру ережесін жақсы бңліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жол тәртібі кімге керек,
бірге ойланып көрелік,
Әрқайысыңның қылығыңа әділ баға берелік
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан.
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.
Жүргізуші:
Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағымыз
Бағдаршамды ортаға шақырамыз.
Ортаға бағдаршам болып киінген оқушы шығады.
Бағдаршам:Сәлем балалар
Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін мен сендерге арнайы келдім
Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам!Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол.
Алғашқы жол белгілері автокөліктерге емес, жаяу жүргіншілергеарналған болатын.
Ал жол белгілері мен ережелерін тарихқа ең алғашқы болып енгізген белгілі ел билеуші Юлий Цезарь. Ол Римде қандай да бір көлікті әйелдің жүргізуіне тыйым салатын заң қабылдаған еді.
Кейінен көлік көбейе бастаған тұста қала көшелерінде жол бағыттарын қол бұлғап көрсетіп тұратын бағдарлаушылар пайда болды. Тағы біраз уақыттан кейін олардың қолдарына белгі беретін қолшамдар берілді. Алайда мұндай бағдарлаушылардың уақыт өткен сайын көбейе түскен көліктердің қозғалысын реттеуге шамасы келмейтін еді. 1927жылы көлік қозғалысын реттейтін алғашқы бағдаршамдар пайда болды. 1928 жылы Йэльск универсететінде Гарри Хоу деген кісі жасап шығарған бағдаршам алғаш Коннектиктут штатына қойылды. Одан кейінгі бағдаршамдарды Чарльз Адлер деген өнер тапқыш жетілдіре түсті. Мұндай бағдаршамдар қазіргі бағдаршамдай емес, әрине. Алғашқы бағдаршамдардың бір түстен екінші түске ауысуы үшін жүргізуші өзі белгі беріп, содан кейін ғана бағдаршамдардағы арнайы белгі беру будкасынан «жүруге болады» деген рұқсат белгісін күтетін болған.
Баяндама. Баяндаушы Арайлым
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп, ешқандай сұрақтан.
Белгілі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Бағдаршамның көздері
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба.
Бас аяқты ойлап
Бол ұқыпты жолда үшеуі бірге
Жол полиция инспекторы сөзі.
Балалар, жүргіншілер қай жолмен жүру керек?
Жиек жолмен жүреміз
Жиек жол болмағанда ше?
Жер асты жолмен
Жолдың қай жағымен жүру керек?
Оң қол жақпен жүреміз.
Қоғамдық көліктерге мінгенде қай жерден мінеміз.
Аялдамадан мінеміз.
Өте, жақсы, балалар, сұрақтарыма дұрыс жауап бердіңдер.
Тыйым салу белгісі
Қызылмен болған шеңберім аумақты.
Тыйымшыл белгімін қаталмын салмақты
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауіп бар,бағдарла,көз салып жан-жаққа
Сақтандыру белгісі
Қып-қызыл үшбұрыш ескерту белгісі мен боламын
Қауіптен сақ бол деп сәт-сапар жолдаған.
Аман сау жүреді жаяуда,көлік те!
Мен берген белгіні сақтаған,қолдаған
Міндеттеу белгісі
Белгімен көрсетер жылдамадық бағытты
Міндетті бұрылыс,әйтпесе қауіпті
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда
Абай бол,шарттымды міндетті орында
Нұсқау белгісі
Баратын жеріңнің бағытын тұрағын
Үн түнсіз жол сілтеп,жол нұсқап тұрамын.
Күндізде,түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым
Көрініс
Көрермендер мен жұмбақ шешу
1.Көліктің қаншасын жанынан өткізген іргеден басталып алысқа жеткізген.
.Жоқ өзінде бас та,ауыз да,құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та
3.Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күшті адам
Жол туралы жаттаулар
Жиек жол бар ғой
Жандар үшін жаяу
Деп оны сен тар ғой
Шықпа жолға таяу
Велосипед деме,қалқам жуас ат.
Ешкім оны тепкенде жоқ туа сап ,
Алға қара сенімді бол қолыңа
Сонда сенің тосқауыл жоқ жолыңда
Бес жас емес он төрт
Болсаңдағы кетпес
Жолға шығып дәндеп
Велосипед теппе
Бағдаршам: Рахмет балалар.Мен сендерге ризамын.Сендер барлық белгілермен мына отырған балаларды таныстырып шықтыңдар. Енді бұл сынып оқушылары көшеде жол ережесін бұзбайды деп сенемін.
Енді назарларыңызға әдемі би ұсынамыз.
Жүргізіуші:
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүрекете бүршік атып гүлдей үміт
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қортынды сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұрғанбай Алмас Баязитұлына береміз.
«Қайнар» мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі