Просмотр содержимого документа
«"Жемістің мүсінін жасайық" ашық сабақ»
Пәні :Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы: Жемістің мүсінін жасайық.
Сабақтың мақсаты: Мүсін өнерін әңгімелеу ,ол жайында қысқаша мағұлмат беру,мүсін жасап үйрету.
Cабақтың әдісі,түрі:түсіндіру, сұрақ-жауап,жаңа білімді меңгерту.
Cабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Балалардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Жаңа сабақ Мүсін өнері жайлы қысқаша әңгімелеу . Мүсін дегеніміз –кеңістікте жан-жағынан көре алатын көркем шығарма.Мүсін бірнеше түрге бөлінеді.кеуделік мүсін,тұлғалық мүсін,барельеф және рельеф болып.Мүсін жасаудың алғашқы сабақтарында оқушыларды ермек сазбен жұмыс істеуге баулимыз.Мүсін сабағының басты міндеті –бейнені айқын көру ,көрген затты дұрыс елестете білу,жабыстыру,созу,жұмырлау, илеу тәсілдерін меңгерту.Енді ермексазбен жұмыс істеуге көшейік.Ол үшін алмұрттың мүсінін жасап үйренейік.Ең алдымен саз балшықты илеп,жұмыр етіп аламыз,сонан кейін сопақшалап созу арқылы алмұрттың пішінін жасаймыз.Біртіндеп ұсақ бөлшектерін жасау арқылы алмұрттың толық көлемді мүсінін жасап шығарамыз.
Жаңа сабақты бекіту.
Оқушылардың жұмысын тексеріп, аяқталмағанын үйге тапсыру.
ІІІ.Қорытынды
ІV.Оқушыларды мадақтау.
Балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтау