| Пән: Қазақ тілі | Мектеп:Валерьянов негізгі мектебі |
| Күні: | Мұғалім:Сапабек Самат Айболұлы |
| Сабақ тақырыбы: | Әжемнің айраны тәтті |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.4.1.2* - у, и, й әріптерінің емлесін сақтап жазу. 2.3.5.1 - жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құрастырған» сөйлемін толықтыру. |
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді. АБҚ |
| Көбі: мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған жауап береді. |
| Кейбірі: берілген сөздерді жіктеп жаза алады |
| Күтілетін нәтиже | Тақырып бойынша қазақша сөйлем құрайды, сұрақтарға жауап береді. |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | түрлі түсті суреттер, желімқағаздар (стикерлер),А4 парағы,маркерлер,ноутбук |
| Оқыту әдістері: | Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, Ой шақыру, «Кім жылдам?» ойыны, топтық жұмыс, сергіту жаттығуы, |
| Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім сыныппен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді. Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады: Бүгінгі сабақта тілерім............. | Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер». |
| Өткен сабақты тексеру | Үй тапсырмасын «таңдамалы» әдісі арқылы тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
| І. Қызығушылықты ояту | Оқушыларды тақтаға шығарып,сөздерді жіктеуге көмектеседі | Оқушылар тақтаға шығып,сөздерді жіктейді |
| ІІ. Мағынаны тану ІІІ.Сергіту сәті | 1.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім ноутбуктен тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады Дәмді айран-вкусный кефир | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. |
| Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады. | Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды. . |
| 3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады. 1-тапсырманы көшіріп жазады АБҚ:Берілген мәтінді көшіріп жазады | 1-тапсырманы көшіріп жазады |
| Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Қатардағы артық сөздкпді табады. |
| 4.. Мұғалім күнделікті сергіту жаттығуын жасатады. видеоролик | Сергіту жаттығуын жасайды. |
| V. Бекіту VІ. Бағалау | А) Жаңа тақырыпты бекіту үшін мұғалім 3-тапсырма орындатады | Суретке қарап,сөйлемдерді аяқтап жазады |
| Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады. | Сөйлемдерді оқиды, талдайды. |
| Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. | Оқушылар өзара бір-бірін бағалайды. |
| VІІ. Үйге тапсырма | Оқулықтағы берілген өлеңді жаттау | |
| VІІІ. Рефлексия | Оқушылар түсінгендерін стикерге жазады. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазу арқылы көрсетеді |