kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна

Нажмите, чтобы узнать подробности

План урока на тему "Менің мамандығым"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна»

РТК-11 тобының студенттеріне арналған қазақ тілі және әдебиеті мен

өзін-өзі тану пәнінің интеграцияланған сабағы


А.А. Жармухамбетова

Қостанай педагогикалық колледжі,

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы




Күні\Дата\Date: 20.11.2018ж.

Топ\Группа\Group: РТК-11

Студент саны: 12

Пән\Предмет\Subject: Қазақ тілі және әдебиеті

Сабақтың тақырыбы\Тема занятия\Theme: МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ

Сабақтың үлгісі\Тип занятия\Type of the lesson: практикалық сабақ

Сабақтың түрі\Вид занятия\Kind of the lesson: Жаңа сабақ

Құндылық: парыз

Қасиеттер: адалдық, табандылық, сабырлылық, мейірімділік.

Мақсаты\Цели занятия\Objectiyes:

1. білімдік\образовательная\educational: ұстаз мамандығы туралы әңгімелесу, пікір-талас. Өз мамандықтары туралы баяндай алу.

2. дамытушылық\развивающая\ developinq: өз ойларын дәл, жан-жақты жеткізе білу, сөйлеу үлгілерін мақсатты қолдана білу.

3. тәрбиелік\воспитательная\brinqinq-up: студенттерді адамгершілікке, әдептілікке баулу. Ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар\оборудование\Resources: Презентация, видео, таратпа қағаздар.

Сабақтың барысы\План занятия\Plan:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Түгендеу;

  • Жаңа сабаққа баулу;

  • Тыныштық сәті. «Күннің нұры». (Музыка ойнап тұрады)

Денемізді тік ұстап, орындықта еркін отырамыз. Көзімізді жұмамыз. Көз алдарыңда көк шалғынды дала. Жұмсақ самал есіп тұр. Аспанда күн нұрын ерекше төгіп, сенің маңдайыңнан өтіп жүрегіңе құйылды. Нұрға бөленген жүрегің жаңа ашылған гүлдей сүйіспеншілік қауызын ашады. Сүйіспеншілікке толы жүректен күннің нұры сенің аяғыңа түседі. Аяғыңнан күннің нұры қолыңа барды, тек жақсыны ғана ұстау үшін. Күннің нұры қолыңнан ауызыңа барды, жақсыны ғана айту үшін. Ауызыңнан күннің нұры құлағына барды, тек жақсы сөз есту үшін. Күннің нұры көзіңе барды, тек жақсыны көру үшін. Сенің бүкіл тұла бойың сүйіспеншілік нұрына бөленді. Сен осы сүйіспеншіліктеріңді досыңа, ата-анаңа, барлық колледждегі таныстарыңа жібер. Айналаң сүйіспеншілік нұрына бөленсін. Біздің бөлмеде нұрға бөленіп сүйіспеншілікке толды. Көзімізді жаймен ашайық.

Мұғалім: Рахмет. Балалар міне біз жағымды көңіл- күйге ендік,енді бір-бірімізге сәттілік тілей отырып сабағымызды жалғастыралық.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын сұрау.

5-7 студент жауап береді.

ІІІ. Жаңа сабақ

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин


Ұстаз — жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып,  жақсылыққа  тәрбиелейтін,  білім  беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог  ұстаз  деп аталады.

Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. 
Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы.

ІҮ. Мәтін бойынша жұмыс.

Ұстаз – қасиетті сөз!


Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі - Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен бірдей. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді.

Шын ұстаз - ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрысып, жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды.


Мәтін бойынша тапсырма:

  1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аудару.

  2. Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындаңыз.

  3. Мәтіннен зат есімдеоді тауып, 3 сөзді септеу.

  4. М.Әуезовтың нақыл сөзін жаттап алу.

Ү. Жаттығулармен жұмыс.

1. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, құрмалас сөйлем құрыңыз.

1. адам тәрбиелеу

2. асыл қасиет

3. педагогикалық мұра

4. жалғасын табу

5. ұстаз болу.

2. Сөздердің мағынасын түсініп, екінші бағандағы сөздердің қайсысымен тіркесетінін табыңыздар.

1. адам 1. меңзеу

2. қасиет 2. аудару

3. тұтас 3. мұра

4. педагогикалық 4. тәрбиелеу

5. зиялы 5. аралау

6. назар 6. мән

7. ел 7. қуат

8. танымдық 8. жиынтығы

9. рухани 9. қауым

10. ізгілік 10. дүние

11. жылға 11. қасиет



ҮІ. Мақал-мәтелдерді қолданып, жағдаят құрыңыз.

1 топ

Оқу – инемен құдық қазғандай


2 топ

Мұғалім – мектептің жүрегі


3 топ

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы


ҮІІ. Үштілділікті қолдану: мамандық – профессия – ұстаз - учитель -
ҮІІІ. Аймақтық компонент
  • Қостанай өңірінде қандай мамандықтар бар?
  • Сіздердің ата-аналарыңыздың мамандығы қандай?
  • Сізге өз таңдаған мамандығыңыз ұнай ма?
  • Бұл мамандықты таңдауға не себеп болды?

ІХ. Ой дамыту жұмысы Проблемалық сұрақтар:


1.Сендер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңде артқы партада отырған балалар сендермен жағаласып сөйлесіп отыр делік. Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан-жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балаға да тисіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңдер?


2. Сендер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыңдар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыңдар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатынасатын завуч, директорды шақырып қойғансыңдар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біреуі сіз берген тапсырмаңызды жоғатып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қанда шаралар қолданасыңдар.


3.Енді ұстаздар сендер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыңдар делік. Диктантты оқып беріп енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңдер. 

Х. Өлеңдерді оқып, мазмұнын түсіндіру (ішкі интеграция).

Абай Құнанбаев

Әсемпаз болма әрнеге

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де – бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!


Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.


Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың – жалын, артың – мұз,
Барар едің қай жаққа?

Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйгі алма


Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.


Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.

Мағжан Жұмабаев 
Мен жастарға сенемін


Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін,-

Жас қырандар балапан,
Жанып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін.

Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттен таза жүректер.
Қасиетті тілектер,
Мен жастарға сенемін.

Мен сенемін жастарға 
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін.


-А.Құнанбаев өлеңінде әркім өмірде өз орнын тауып, халқына қызмет ету керектігі, ұстаздық еткен адам балаға үйретуден жалыпау керек екндігі айтылып тұр. Біздің мамандығымыз да ұстаздық болғандықтан, балалар, балаларға жақсы білім беріп, түзу жолмен тәрбиелеңдер.

- Өз пайдаларыңды ойламай, мақтанбай өмірден өз жолдарыңды таба біліңдер.

- М.Жұмабаев болса сендерге, жастарға сенім артып отыр. Осындай халқына сыйлы болған ақынның сөзін естен шығармайық.


ХІ. Өздік жұмыс. «Мен қалаған мамандық» тақырыбына эссе жазу.


ХІІ. Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорыту.

ХІІІ. Үйге тапсырма: 1. М.Жұмабаев пен Абай Құнанбаев өлеңдерін жаттау.

2. Ұстаз мамандығы туралы нақыл сөздер тауып, есте сақтау.

ХІҮ. Бағалау.

Әдебиет\Литература\Literature:

  1. Исаев С. М. «Қазақ тілі» Алматы -1993

  2. Бектұров Ш. К. «Қазақ тілі» Атамұра – 2006

  3. Байсақалова Ұ. С. «Қазақ тілі» Астана – 2007

  4. Бектұрова А. «Қазақ тілі для начинающих» Алматы -1994















































І. Мәтін бойынша жұмыс.

Ұстаз – қасиетті сөз!
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі - Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен бірдей. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді.

Шын ұстаз - ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрысып, жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды.


Мәтін бойынша тапсырма:

  1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

  2. Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындаңыз.

  3. Мәтіннен зат есімдеоді тауып, 3 сөзді септееңіз.

  4. М. Әуезовтың нақыл сөзін жаттап алыңыз.



ІІ. Жаттығулармен жұмыс.

1. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, құрмалас сөйлем құрыңыз.

1. адам тәрбиелеу

2. асыл қасиет

3. педагогикалық мұра

4. жалғасын табу

5. ұстаз болу.



2. Сөздердің мағынасын түсініп, екінші бағандағы сөздердің қайсысымен тіркесетінін табыңыздар.

1. адам 1. меңзеу

2. қасиет 2. аудару

3. тұтас 3. мұра

4. педагогикалық 4. тәрбиелеу

5. зиялы 5. аралау

6. назар 6. мән

7. ел 7. қуат

8. танымдық 8. жиынтығы

9. рухани 9. қауым

10. ізгілік 10. дүние

11. жылға 11. қасиет

ІІІ. Мақал-мәтелдерді қолданып, жағдаят құрыңыз.

1 топ

Оқу – инемен құдық қазғандай


2 топ

Мұғалім – мектептің жүрегі


3 топ

Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы


ІҮ. Ой дамыту жұмысы Проблемалық сұрақтар:


1.Сендер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңде артқы партада отырған балалар сендермен жағаласып сөйлесіп отыр делік. Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан-жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балаға да тисіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңдер?

2. Сендер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыңдар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыңдар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатынасатын завуч, директорды шақырып қойғансыңдар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біреуі сіз берген тапсырмаңызды жоғатып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қанда шаралар қолданасыңдар.

3.Енді ұстаздар сендер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыңдар делік. Диктантты оқып беріп енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңдер. 

Ү. Өлеңдерді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз. Жаттап алыңыз.

Абай Құнанбаев

Әсемпаз болма әрнеге

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де – бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың – жалын, артың – мұз,
Барар едің қай жаққа?

Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйгі алма

Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.

Мағжан Жұмабаев 
Мен жастарға сенемін

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін,-

Жас қырандар балапан,
Жанып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін.

Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттен таза жүректер.
Қасиетті тілектер,
Мен жастарға сенемін.

Мен сенемін жастарға 
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін.


ҮІ. Өздік жұмыс. «Мен қалаған мамандық» тақырыбына эссе жазыңыз.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна

Автор: Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна

Дата: 12.11.2019

Номер свидетельства: 526691

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна"
    ["seo_title"] => string(40) "zharmukhambetova_altyngul_aldabergenovna"
    ["file_id"] => string(6) "510164"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1557823093"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна"
    ["seo_title"] => string(42) "zharmukhambetova_altyngul_aldabergenovna_1"
    ["file_id"] => string(6) "510165"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1557823279"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства