kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна

Нажмите, чтобы узнать подробности

план урока "Теміржол бекетінде" по предмету қазақ тілі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна»

Сабақ жоспары

Поурочный план

The plan of the iesson



Күні\Дата\Date:------------------------------------------------------------------------

Топ\Группа\Group:-------------------------------------------------------------------

Пән\Предмет\Subject: Қазақ тілі және әдебиеті

Сабақтың тақырыбы\Тема занятия\Theme: ӘР ЕЛДІҢ САЛТЫ БАСҚА

Сабақтың үлгісі\Тип занятия\Type of the lesson: Практикалық сабақ

Сабақтың түрі\Вид занятия\Kind of the lesson: Жаңа сабақ

Мақсаты\Цели занятия\Objectiyes:

1. білімдік\образовательная\educational - Студенттердің өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау, білім деңгейін көтеру, жетілдіру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыру. 

2. дамытушылық\развивающая\ developinq– «Әр елдің салты басқа» мәтіні бойынша өз ойларын шығармашылықпен жеткізе алауға бағыттау. Студенттерді жан-жақты білімді болуға, салт-дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, ұқыптылыққа, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. 

3. тәрбиелік\воспитательная\brinqinq-up – Қазақтың дана сөздерінен тәлім алуға, қазақ тілінде еркін сөйлеу білуге, жаттығулар орындай білуге баулу. Ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, этика-эстетикалық талғамдарын арттыру, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту. Басқа халықтардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сыйлауға бағыттау.

Көрнекі құралдар\оборудование\Resources: Презентация, бейнетаспа, таратпа қағаздар

Сабақтың барысы\План занятия\Plan:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

  • Амандасу;

  • Түгендеу;

  • Жаңа сабаққа баулу;

  • Психологиялық ахуал.Студенттер бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.



ІІ. Кіріспе

1.Білім:.(10 мин)

Сабақтың тақырыбы: Теміржол бекетінде. Құрмалас сөйлем. 

Сабақтың мақсаты: Теміржол тақырыбында тілдерін дамыту,  құрмалас сөйлем туралы түсініктерін қалыптастырып, жасалу жолдарымен таныстыру. 

Сабақтың міндеттері: 

Білімділік: Құрмалас сөйлем туралы және де теміржол тақырыбында білімдерін толықтыру. 

Дамытушылық: мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ой-пікірін жазбаша тіл арқылы білдіруге дағдыландыру. Қазақ тілінде сөйлеу тілін, жазба жұмыстарына баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

Тәрбиелік: оқушы бойында адами қасиетке, сыпайылыққа тәрбиелеу. 

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту 

Сабақтың түрі: теориялық 

Оқыту технологиясы: АКТ технология элементтері 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұхбат, сұрақ-жауап, түсіндіру, сөздік, диалог, инсерт әдісі. 

Сабақтың көрнекілігі: сөздік, аудиозапись, үлестірмелі тапсырмалар 

Сабақтың техникалық құралдары: интерактивті тақта, слайд 

Пәнаралық байланыс: орыс тілі 

Әдебиеттер тізімі: С.Дюсебаев,Г.Байтилеуова Қазақ тілі (оқулық) 11 сынып 
Сабақтың құрылымдық жоспары: 


  • Ұйымдастыру кезеңі 


  • Мақсат қою және оқу-әрекетіне қызығушылықты ояту/ мотивация/ 


  • Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу 


  • Жаңа білімді меңгерту, ашу / дәріс материалдары ұсынылады/ 


  • Білімді бірінші бекіту кезеңі 


  • Өз бетімен жұмыс / оқу материалдарымен жұмыс/ 


  • Сабақты қорытындылау 


  • Білім, іскерлік және дағдыны бағалау. 


  • Үйге тапсырма, студенттің өздік жұмысына нұсқау 


  • Резерв тапсырмалар 


  • Оқу іс-әрекет рефлексиясы 


Сабақтың барысы 

Ұйымдастыру кезеңі

Топ білім алушыларымен амандасамын.

Топты түгендеймін.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.



Мақсат қою және оқу-әрекетіне қызығушылықты ояту / мотивация/

Аудиозапись қосамын. Пойыздың дауысы естіледі. Осы дыбыс жайында балалармен сұхбат жүргіземін.


Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу 
Жаңа білімді меңгерту 

а) Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну. (Оқылым) 
Теміржол бекетінде.

Теміржол бекетінде болып көрдіңіз бе? Қанша рет пойызға міндіңіз? Сіз таңғалатын шығарсыз, бірақ мен пойыз дөңгелегінің гүрсілін жақсы көремін. Оның себебі жастық шағымда жатыр ма деп ойлаймын.

Мектепті бітірісімен оқуға түсіп кеттім. Алматыдай әсем қалада оқу бәрінің арманы болатын. Ал менің арманым орындалып, студенттік өмірім осы қалада өтіп жатты. Бірақ өзім шалғай жерден келгендіктен, демалыс болса ауылға кеткім келіп тұратын. Себебі ол жақта анам сағынып, мені күтіп жүретін. Анама тезірек жету үшін пойызға отыру керек. Пойыз маған онша ұнамайтын. Вагондар лық толы адамдар. У-шу, бөтен адамдармен бірге жол тартасың. Мен ол кезде ұялшақ болдым. Қасымдағы адамдармен араласып кету қиын болатын. Қорқатынмын, анам ылғи: "Жолда абайла, жалғыз тамбурға шықпа, заттарыңды ұрлатып алма" деп ескертуден шаршамайтын еді. Ол кісінің айтқаны жадымда тұрады. Қасымдағыларға сенімсіздікпен қарайтынмын. Тезірек ұйықтап қалуға тырысатынмын. Екінші сөреден орын болса, қуанамын. Төменгі сөреге жатсаң, жолаушылар келіп отыра береді, мазаңды алады. Өз орныма орналасқаннан кейін біраз кітап оқимын да, сосын дөңгелектердің бір ырғағындағы гүрсілін тыңдаймын. "Тықыдық-тықыдық", бір гипноз сияқты, "міне, аз қалды, міне, аз қалды" деп сендіретін сияқты. Соны тыңдап жатып ұйықтап қалатынмын... 
ә) Сөздікпен жұмыс

пойыз дөңгелегінің гүрсілі - стук колес поезда

жастық шағымда - в юности

шалғай жерден - издалека

лық толы - битком набиты

жол тарту - здесь: ехать

ескерту - предупреждать

жадымда тұрады - хранила в памяти

ұйықтап қаламын - засыпаю 

б) Тілдік бөлім. Құрмалас сөйлем 
Құрмалас сөйлем (сложное предложение) 
Салалас құрмалас сөйлем Сабақтас құрмалас сөйлем Аралас құрмалас сөйлем 
Құрмалас сөйлем - екі не одан көп жай сөйлемдерден құралады, ол жай сөйлемдер өзара интонация немесе шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: Біз әуежайға ерте келдік, тіркеуден өттік. Біз әуежайға келдік, әрі тіркеуден өттік. 
в) Сөздікпен жұмыс 

Құрмалас сөйлем - сложное предложение 

Салалас құрмалас сөйлем - сложносочиненные предложения 

Сабақтас құрмалас сөйлем - сложноподчиненные предложения 

Аралас құрмалас сөйлем - сложное предложение с сочинительной и подчинительной связами 

шылаулар арқылы байланысады - связываются с союзами 

Білімді бірінші бекіту кезеңі

1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемнің түрлерін атаңыз?

3. Құрмалас сөйлемдерге өз мысалдарыңызды келтіріңіздер.


Оқу материалдарымен жұмыс

2- тапсырма. (оқулық, 27 - бет)

Тапсырмасы: Төл сөздерді төлеу сөзге үлгі бойынша ауыстырып жазыңдар.

Үлгі: Болат Айнашқа: "Мен Ресейге, Тула қаласына келдім"- деді.

Болат Айнашқа Ресейге, Тула қаласына барып келгендігін айтты. 
4-тапсырма (оқулық, 16 - бет)

Тапсырмасы: Берілген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құраңдар.


6-тапсырма (оқулық, 16 - бет)

Тапсырмасы: Берілген мәтінді толықтырыңдар. Біріккен сөздердің астын сызыңдар.


Сабақты қорытындылау 

Көп нүктенің орнына сөйлемдер жазып, салалас құрмалас құрау.  
Биыл қыс ерте түсті, ——————————————  
——————————— сонша- бірнеше адам үсікке шалдығыпты.  
Сөздің көркі – мақал, ———————————  
———————————, көп көргеннен сұра.  
Жаяуға үш тарау жол кездесті: ———————  
Жел саябырлаған сияқты,- —————————.  
Үйге тапсырма

1) 4-тапсырманы орындау. (оқулық, 28 - бет)

2) Ережені жаттау 

3) Біздің қаламыздың теміржолы туралы мәлімет әкелу. 

  

Резерв тапсырмалар 

Схема бойынша сөйлемдер құрастыру.  
1.———————:——————.  
2. ——————-,- ——————.  
3. ——————- және ————-.  
4 —————, бірақ —————.  
5 Кейде ———, кейде ————.  
6 ——— сонша- ——————.  
Рефлексия 

Интерактивті тақтадағы смайликтерді орналастыру арқылы сабаққа өз бағаларын береді.  


Тапсырмалар 

2- тапсырма.

Тапсырмасы: Төл сөздерді төлеу сөзге үлгі бойынша ауыстырып жазыңдар.

Үлгі: Болат Айнашқа: "Мен Ресейге, Тула қаласына келдім"- деді.

Болат Айнашқа Ресейге, Тула қаласына барып келгендігін айтты.


Мұғалім оқушыларға: "Жексенбіде мұражайға барамыз", - деді. Құрбым маған: "Келесі жылы Чехияға оқуға кетемін", - деді. Менің ағам: "Осы қыста Швецарияға барып демаламын", - деді. Сыныптастарым: "Демалыста табиғатқа шығып демалайық", - деп жатыр. Жетекшіміз: "ертең фестивальға дайындық бастаймыз", - деп хабарлады. 
4-тапсырма

Тапсырмасы: Берілген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құраңдар.


1. Өз көлігіңмен жүрген жақсы. Кез келген жерге тоқтайсың, демаласың.

2. Ең дұрысы, жаяу аралаған. Бәрін өз көзіңмен көресің. Түрлі оқиға болуы мүмкін.

3. Мен ұшақты ұнатпаймын. Әуеде өзімді сондай жайсыз сезінемін.

4. Пойызда ұзақ жүресің. Қатты зерігесің.


6-тапсырма

Тапсырмасы: Берілген мәтінді толықтырыңдар. Біріккен сөздердің астын сызыңдар.


Өткен аптаның сенбі, жексенбісінде біз Астанаға _________________________.

Онда жаңа, үлкен қонақүйге __________________________. Бөлмелеріміз шағын, бірақ __________________________. Таңертең қонақүйде _________________, ал кешке мейрамханада __________________________. Сенбі күні кешке жаңа опера театрына барып, __________________________. Қатты әсер алдым. Жексенбіде қаланы ____________, содан кейін__________________________. _____________, бірақ қымбат екен. Астана - керемет әдемі қала, __________________________. Кешке қарай теміржолға келіп, __________________________. Қайтқым келмеді, бірақ __________________________.


Резерв тапсырма 

Схема бойынша сөйлемдер құрастыру.  
1.———————:——————.  
2. ——————-,- ——————.  
3. ——————- және ————-.  
4 —————, бірақ —————.  
5 Кейде ———, кейде ————.  
6 ——— сонша- ——————. 

Теміржол бекетінде.

Теміржол бекетінде болып көрдіңіз бе? Қанша рет пойызға міндіңіз? Сіз таңғалатын шығарсыз, бірақ мен пойыз дөңгелегінің гүрсілін жақсы көремін. Оның себебі жастық шағымда жатыр ма деп ойлаймын.

Мектепті бітірісімен оқуға түсіп кеттім. Алматыдай әсем қалада оқу бәрінің арманы болатын. Ал менің арманым орындалып, студенттік өмірім осы қалада өтіп жатты. Бірақ өзім шалғай жерден келгендіктен, демалыс болса ауылға кеткім келіп тұратын. Себебі ол жақта анам сағынып, мені күтіп жүретін. Анама тезірек жету үшін пойызға отыру керек. Пойыз маған онша ұнамайтын. Вагондар лық толы адамдар. У-шу, бөтен адамдармен бірге жол тартасың. Мен ол кезде ұялшақ болдым. Қасымдағы адамдармен араласып кету қиын болатын. Қорқатынмын, анам ылғи: "Жолда абайла, жалғыз тамбурға шықпа, заттарыңды ұрлатып алма" деп ескертуден шаршамайтын еді. Ол кісінің айтқаны жадымда тұрады. Қасымдағыларға сенімсіздікпен қарайтынмын. Тезірек ұйықтап қалуға тырысатынмын. Екінші сөреден орын болса, қуанамын. Төменгі сөреге жатсаң, жолаушылар келіп отыра береді, мазаңды алады. Өз орныма орналасқаннан кейін біраз кітап оқимын да, сосын дөңгелектердің бір ырғағындағы гүрсілін тыңдаймын. "Тықыдық-тықыдық", бір гипноз сияқты, "міне, аз қалды, міне, аз қалды" деп сендіретін сияқты. Соны тыңдап жатып ұйықтап қалатынмын...


Сөздік жұмыс

пойыз дөңгелегінің гүрсілі - стук колес поезда

жастық шағымда - в юности

шалғай жерден - издалека

лық толы - битком набиты

жол тарту - здесь: ехать

ескерту - предупреждать

жадымда тұрады - хранила в памяти

Оқушыларды 2 топқа бөлу
Алдымен топқа бөлініп алайық. Ол үшін мына суретті құрастыру керек. Сурет дұрыс құрастырылса Қарағанды және Астана қаласының теміржол вокзалының суреттері шығу керек.

Балалар біздің бүгінгі сабағымыз саяхат түрінде өтеді. Қарағанды қаласынан Астанаға сапар шегеміз. Сапарға аттанбас бұрын сабағымыздың тақырыбын анықтап алайық. Ол үшін сөзжұмбақ шешеміз.

1 - тапсырма   Сөзжұмбақ «Вокзал»
1. Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр. (Автобус)
2. Вагондар неге жалғанады? (паровоз)
3. Транспорт сөзінің аудармасы (көлік)
4. Жүк машинасы (ЗИЛ)
5. Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ.
Май жейді, су ішеді.
Бұл не екен, балалар? (машина)
6. Ұшақ сөзінің орысшасы (самолет)
Поездға міну үшін бізге билет керек. Билетті вокзалдың билет кассасынан сатып алу керек. Ол үшін мына тапсырманы орындауымыз қажет.

2- тапсырма. Мәтінді оқы, аудар.
Вокзалда
Қаланың темір жол вокзалы кең, жап-жарық. Вокзалда жолаушылар көп. Шығарып салушылар да көп. Жолаушылар вокзалдың ішінде жүр, кассаның алдында, перронда тұр.
Біз бүгін Астанаға жол жүреміз. Жаңа кассадан билет сатып алдық. Поездың жүруіне әлі бір сағат бар. Біз өз поезымыздың келуін күтіп тұрмыз.
Қазір ғана бірінші жолға жүрдек пойыздың келіп тоқтағаны хабарланды. Вагонның жанында жолсерік тұр. Ол жолаушылардың  билеттерін тексерді. Жолаушылар вагондарға отыра бастады. Вокзалдың күту залы бос қалды.  Пойыз жайлап орнынан қозғалды да, жүріп кетті.  Алыстан даусы ғана естіледі.Вокзал маңы сәл тынышталғандай болды.

Билет алдық. Поездға отырғызу басталды. Поездға отыру үшін сөздік жұмысын орындайық.

3-тапсырма. Сөздерді аудар.
Темір жол – железная дорога
Жолсерік – проводник
Жолаушы – пассажир
Жүк вагоны – багажный вагон
Жүк қоймасы – багажное отделение
Пойыздардың жүру кестесі – расписание поездов
Жүрдек пойыз – скорый поезд
жолға шығару – провожать
жол полициясы – дорожная полиция


Фонетика станциясы
4-тапсырма. Сөйлемдерді буынға бөл, және буын түрлерін ажырат
Поездың адам және жүк тасымалдайтын түрі болады.
Поездың көп вагондары паровозға тіркеледі.

Лексика станциясы
5-тапсырма Диалогты досыңмен оқы
Анықтама бюросында
- Кешіріңіз, Алматыға дейін поезд неше сағат жүреді?
- Поезд Алматыға дейін 17 сағат жүреді.
- Поезд жолда тоқтайды ма?
- Ия үлкен станцияларға тоқтайды.
- Поездға бір билет бар ма?
- Сізге қай күнге керек?
- Маған қаңтардың жиырма бесіне, кешкі уақытқа керек.
- Қаңтардың жиырма бесінде Қарағандыдан Алматыға  бір поезд жүреді. Осы поездға билет бар. Аласыз ба?
- Жолға өзіммен бірге неше кг жүк ала аламын?
- Өзіңізбен бірге 36 кг жүк ала аласыз. Қалған жүгіңізді жүк вагонына саласыз.
- Билеті неше теңге тұрады?
- Поезд билеті 3000 теңге тұрады.
- Билетті қай кассадан ала аламын?
- Билетті екінші кассадан ала аласыз.
- Берген мәліметіңізге көп рақмет.

Сергіту сәті

Морфология станциясы
6 тапсырма. Сөздерді түбір қосымшасына ажырат
Пойыздардың, жолсерікке, жолаушыларға, билеттерімізді

Синтаксис станциясы
7-тапсырма. Сөйлем мүшесіне талдаңдар
Біз вокзалға келдік. Вокзалда жолаушылар жүр. Жолсерік билетті тексерді. Жолаушылар вагонға кірді.

Астана вокзалы «Домино» ойыны

Бекіту: ТЕСТ, сұрақ-жауап арқылы

Үй тапсырмасы.
1.    Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар.

  Жеңіл

  Қауіпсіздігі

  Қоғамдық

  Газдар

  Қарт           

  Түс

  Жол

  Автобус

  Орын

  Адам

  Жол

  Көлік

  Жасыл

  Беру

  Мәдениетті

  Жүргінші

  Зиянды

  Тәртібі

  Жаяу

  Адам

2. Домино құрастыру.

Бағалау. Білімі мен тақырыпты меңгеру деңгейіне қарай бағаланады.

Рефлекция «Бағдаршам» әдісі бойынша.



ҮІІ. Үйге тапсырма: Салт-дәстүрлер туралы эссе жазу.

- Енді балалар, біз бүгінгі қонақтарымызға «Қазақтың салт-дәстүрлері-ай» атты өлеңімізді сыйға тартайық.



ҮІІІ. Бағалау.



Әдебиет\Литература\Literature:

  1. Исаев С. М. «Қазақ тілі» Алматы -1993

  2. Балақаев М., Жанпейiсов Е., Томанов М., Манасбаев Б. «Қазақ тiлiнiң стилистикасы» Алматы-1974

  3. Бектұров Ш. К. «Қазақ тілі» Атамұра – 2006

  4. Байсақалова Ұ. С. «Қазақ тілі» Астана – 2007

  5. Бектұрова А. «Қазақ тілі для начинающих» Алматы -1994

  6. «Қазіргі қазақ тілі» Алматы – 2004

  7. «Самоучитель казахского языка» Аруна – 2005

  8. Құрманова А. Қ. «Қазақ тілі» Көкшетау -2008


Бұқаралық ақпарат басылымдары:

  1. «Казахский язык и литература в русской школе» журналы

2. «Білім беру мекеме басшысының анықтамалығы» журналы


Әр елдің салты басқа

Шетелге шығып, жергілікті тұрғындардың алдында өзіңізді ыңғайсыз сезініп қалмас үшін сол елдердің ырым-тиымдарына назар аударыңыз. 

Қытайда біреудің үйіне қонаққа барғанда тамақты шылпылдатып жеу керек. Әйтпегенде үй иесі сізге тамақ ұнамай қалды деп ойлауы мүмкін. Қытайда тамақты дыбыссыз жеу - үй иесіне, аспазшыға деген балағат деп есептеледі. Ал соус төгілген дастархан – тәбітіңіздің жақсы екенін, тағамға деген жоғары талғамыңызды көрсетеді.

Сонымен қатар Қытайда үйге бірінші рет келгенде гүл алып келуге болмайды. Бұл олардың үйі көрікті емес, әрлеу керек дегенді білдіреді.

Кейбір елдерде бас бармақты жоғары көтеру «Сені күшті алдап соқтым» дегенді білдіреді.

Оңтүстік Кореяның ұлттық асханасы өте ащы тағамдардан тұрады және жергілікті деликатестен ауыз тиемін деп көзіңізден жас шығып кетсе, ұялмаңыз. Керісінше бұл аспазға деген үлкен құрмет болып саналады.

Моңғолия мен Бурятияда қонақты кекіргенше тамақтандырады. Адам әлі кекірмесе ол әлі тойған жоқ дегенді білдіреді.

Үндістанда отбасы мүшелері бір-біріне ризашылық білдірмейді. Туысқан адамдар бір-біріне «рақмет» деуге міндетті емес деп есептеледі.

Қазақстанның Оңтүстігінде шайды кішкентай пиалаға құйып береді. Кесеге толтырып шай құйып беру сыйламағандық деп есептеледі. Кішкентай пиаламен бірнеше рет шай ішіп, қожайынға деген құрметіңізді білдіресіз. Және пиялаңыз босап, шай сұрап та әуре болмайсыз, үй иесі шайыңыз таусылмауды қадағалап отырады.

Ресейде кішкентай балаларды мақтауға болмайды. «Көз тиеді» деген ырым бар. Сонымен қатар көз тигізіп алмас үшін «Қалың қалай?» деген сұраққа «Бәрі жақсы» деуден қашқақтайды екен.

Бангладеш ұлты дүниеге ұл бала келсе болды, «үйімізге береке келді», — деп қуанады. Ал қыз балалардың туылғанын аса қатты ұната бермейді. Олар қыз баланы өзге шаңырақтың киесі деп санайды. Қыз бала тұрмысқа шыққаннан кейін толықтай күйеуінің меншігіне өтеді. Ал ұл бала олар үшін ұрпағының жалғасы, қартайғанда асырайтын өз үйінің иесі. Бұл елдің жастары үлкендерді қатты сыйлайды. Ата-аналары балаларын бұл қасиетке кішкене күнінен бастап үйретеді. Тіпті олар үлкендерге тіл тигізбек түгілі, қарсы шығып сөйлемейді. Дастархан басында тамақты олар оң қолымен жейді. Ас ішу кезінде қасық шанышқыны пайдаланбайды. Олар жерге дастархан төсеп отырып ас ішкенді дұрыс санайды.


Грамматикалық тапсырма:


1 топ - Мына сөздерді септеңіз, тәуелдеңіз және осы сөзді француз тіліне аударыңыз: салт-дәстүр.


2 топ – Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Жапонияда адамдар көпшілік жерде сіңбіре береді.


3 топҚарамен жазылған сөздердің синонимін табыңыз және сөйлемді орыс тіліне аударыңыз. Бейтаныс жанды үйіне қонаққа шақырған кезде моңғолдар оған "хада" деп аталатын жібек мата сыйлайды.





Саналы

ел

салтын

сақтар.






















Тілі

бөлек

болғанымен

тілек

бір
























Ата

салтым

асыл

қазынам

































































Құрметті әріптестер!



Сіздерді 13.03.2017ж. РТК-11 тобында өтетін «Әр елдің салты басқа» атты ашық сабағыма шақырамын.



Өткізілетін орны: 235 кабинет

Уақыты: 13:30

Оқытушы: Жармухамбетова А.А.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна

Автор: Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна

Дата: 14.05.2019

Номер свидетельства: 510165

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна"
    ["seo_title"] => string(40) "zharmukhambetova_altyngul_aldabergenovna"
    ["file_id"] => string(6) "510164"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1557823093"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна"
    ["seo_title"] => string(42) "zharmukhambetova_altyngul_aldabergenovna_2"
    ["file_id"] => string(6) "526691"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1573541820"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства