Сыныпты топ?а б?ліп, ?р топ?а с?з табына с?здер ойлау тапсырылады.
ІІІ. Жа?а саба?
Ертеде Зат есім с?з табыны? екі ?лы болыпты. Біреуі ?зімшіл тек ?ана ?з атын айта беріпті. Ал екіншісі к?пшіл жалпылама ??ымды білдіріпті. Зат есім болса екі ?лыны? да мінезін біліп, олармен тіл табысып екеуін де орынды ж?мсай біліпті. Олар да ?келерін сыйлапты. Білесіздерме зат есімні? ?лдарыны? есімдері кім екен? Ендеше, біз де осы саба?та бір – бірімізді сыйлап, ты?дап Жал?ы ж?не Жалпы есім туралы білетін боламыз.
ІV. Суретпен ж?мыс
Мына суреттегі заттар?а назар аударайы?.
(суреттер к?рсетіледі )
Алма(?ыз), алма (жеміс)
Раушан (?ыз,) раушан (г?л)
С?здерді? бірі кіші ?ріптен, екіншісі ?лкен ?ріптен басталып жазылу себебі неде деп ойлайсы?дар?
Кісіні? аты- ж?ні, жер – су аттары, жан – жануар?а ?ойыл?ан атаулар жал?ы есім деп аталады.
Жал?ы есімдер ?р уа?ытта бас ?ріппен жазылады: С?уле,Тараз, А?т?с.
Жал?ы есімдерден бас?а зат есімдерді жалпы есімдер дейміз.
Жалпы есімдер кіші ?ріппен жазылады : ?зен, а??у..
V. Ойын «Кім зерек?»
Астана, ауыл, ??лын, парта, Маржан, Зайсан, жыл?ы, Жайы?, ?сел, ?ке, к?л, Алатау, машина.
Тапсырма : Осы с?здерді? ішінен жал?ы есім мен жалпы есімді тап.
Просмотр содержимого документа
«:Жал?ы есім мен жалпы есім»
Жалпы білім беретін №2 орта мектеп
Сабақ жоспары
Тақырыбы: «Жалқы есім мен жалпы есім »
(2 сынып Қазақ тілі)
Өткізген:Бастауыш сынып мұғалімі Куанова А.А.
2015-2016 оқу жылы
Бекітемін :
Сабақтың тақырыбы : Жалқы есім және жалпы есім Сабақтың мақсаты:
Білімділігі : Зат есім жайында берілген білімді еске түсіріп, жаттығу жұмыстарын орындау барысында жалқы және жалпы есіммен таныстыру.
Дамытушылығы : Дамыта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып,оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру , оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Түрі: жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру, топтастыру, тірек сызба, Венн диаграммасы. Пәнаралық байланыс: өзін өзі тану, әдебиеттік оқу. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау«Кім жылдам ?» ойыны
Сыныпты топқа бөліп, әр топқа сөз табына сөздер ойлау тапсырылады.
ІІІ. Жаңа сабақ Ертеде Зат есім сөз табының екі ұлы болыпты. Біреуі өзімшіл тек қана өз атын айта беріпті. Ал екіншісі көпшіл жалпылама ұғымды білдіріпті. Зат есім болса екі ұлының да мінезін біліп, олармен тіл табысып екеуін де орынды жұмсай біліпті. Олар да әкелерін сыйлапты. Білесіздерме зат есімнің ұлдарының есімдері кім екен? Ендеше, біз де осы сабақта бір – бірімізді сыйлап, тыңдап Жалқы және Жалпы есім туралы білетін боламыз.
ІV. Суретпен жұмыс Мына суреттегі заттарға назар аударайық.
(суреттер көрсетіледі )
Алма(қыз), алма (жеміс)
Раушан (қыз,) раушан (гүл)
Сөздердің бірі кіші әріптен, екіншісі үлкен әріптен басталып жазылу себебі неде деп ойлайсыңдар? Кісінің аты- жөні , жер – су аттары, жан – жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады.
Жалқы есімдер әр уақытта бас әріппен жазылады: Сәуле ,Тараз , Ақтөс.
Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есімдер дейміз.
Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады : өзен, аққу. .
V. Ойын «Кім зерек?» Астана , ауыл, құлын, парта, Маржан , Зайсан , жылқы , Жайық, Әсел, әке, көл, Алатау, машина.
Тапсырма : Осы сөздердің ішінен жалқы есім мен жалпы есімді тап.
Сергіту сәті
Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан, Қар лақтырып ойнасақ. Суық өтер қолғаптан.
VІ . Топтық жұмыс
1 – топ. Зат есімге сөздер ойлау.
2 – топ. Сөйлемдердің ішінен жалқы есімді табу.
Жетісу – көркем өлке. Іле – осы өлкедегі өзен. Ол Балқаш көліне қүяды. Көл жағасында Балқаш қаласы орналасқан.
3– топ.Сөйлемдердің ішінен жалпы есімді табу.
Күзде ағаш жапырақтары сарғайып түседі. Қыста дала ақ қар жамылады. Көктемде мал төлдейді.
4 – топ Жалқы есімдермен сөйлемдерді толықтырып айт.
Менің туған жерім-________.Менің атым-_______Сыныптас досымның аты-____ .
VІІ. Қорытындылау. Венн диаграммасы.
VІІІ. Үйге тапсырма. Күнделікті енді ашайық Үй тапсырмасын жазайық. Бүгінгі алған білімді, Ұмытпай есте сақтап қалайық.
Сабақ ұнаса Бағдаршамның жасыл түсін көтереміз. Бағалау.