kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жа?сылы? жасай жасай білейік » Ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?мола облысы

Жа?сы ауданы

 Жа?сы № 1 орта мектебі

 

 

 

Ашы? саба?

 

 

Та?ырыбы:

 

"Жа?сылы? жасай білейік"

 

4 "а" сынып

 

 

2014 жыл

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жа?сылы? жасай жасай білейік » Ашы? саба? »


Жақсы №1 орта мектебі



Ашық сабақ


Тақырыбы:

«Жақсылық жасай

жасай білейік »


4 «а» сынып








Өткізген: Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ғазез Ж.С













2014, жыл



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп Жақсы №1орта мектебі16

Тақырып Жақсылық жасай жасай білейік

Құндылық Дұрыс әрекет Қасиеттері: кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік қайырымдылық

Мұғалiм Ғазез Жансая Серікқызы Класс 4 Оқушылар саны 14


Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға үйрету.

Міндеттері:

1.Оқушыларға жақсылық пен дұрыс әрекет жасауға үйрету;

2.Оқушылардың бойында кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту;

3.Оқушыларды риясыз жақсылық жасауға тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

слайд,өлеңнің аудиодискісі

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды ата-аналарыңа туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға және ең жақсы көретін адамға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру

№16 Жақсылықпен жамандық (Ертегі) оқып, түсінігін айту. 83 бет

Сұрақтар:

  • Неліктен адам жақсылықтың айтқандарын орындады, деп ойлайсыңдар?


Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» Халық мақалы

(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)



  1. Әңгiмелеу Құм мен тас

Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырсынса да, ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан шапалақпен тартып жіберді».

Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де, батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған досы сұрайды:

-Мен сені ренжеткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.

Досы былай деп жауап береді:

-Бізді біреу ренжеткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.

Сұрақтар:

  • Не себепті ренжегенін құмға жазды деп ойлайсың?

  • Жақсылық жасағанды тасқа неліктен жазды?

  • Бұл оқиғадан қандай ой қорытар едің?



Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Фильмнен үзінді көру және салыстыру, ойларын айту.

«Проста так» мулть фильм көру

Сұрақтар:

  • Мулть фильмнен нені түйдіңдер?

  • Өмірде жақсылық жасаудың маңызы қандай?


1-ші топқа

............................. өзіңнен,

............................. көзіңнен.

..............................өзіңнен,

............................. сөзіңнен.

2-ші топқа

................................. адам,

............................... жасаса.

................................ қадам,

...............................орнатса.


(Өз шығармашылығымнан айтып беру)


Жақсылығың өзіңнен,

Көрінеді көзіңнен.

Жақсылығың өзіңнен,

Айтылған ой мен сөзіңнен.


Жақсылықты тек адам,

Дұрыс әрекетпен жасаса.

Жасағаның әр қадам,

Жүрекке әкеп орнатса.



Топпен ән айту.

«Достар» әні

Әнін жазған: Айжігіт Асанов

Сөзін жазған: Фариза Оңғарсынова

Ақ, қарамыз, сарымыз,

Тату доспыз бәріміз.

Достық жайлы ән салып,

Шырқатайық, қане, біз.


Жүзімізге қараңыз,

Бал-бұл жанған баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат Анамыз.


Күннің нұрын сүйеміз,

Қырдың гүлін сүйеміз.

Бізді ойнатып, тәтелер,

Күлдіргенін сүйеміз.


Балдырғанбыз арай жүз,

Бал-бұл жанып қараймыз.

Ойыншықтар біздерде,

Көп болғанын қалаймыз.


Таласпаймыз біз бірақ,

Отырмаймыз тұнжырап,

Қуысамыз көгалда,

Жүгіреміз құлдырап.


Ән саламыз күнде біз,

Шаттық толы іргеміз.

Біз мәңгіге достармыз,

Біз мәңгіге достармыз.



Үй тапсырмасы.

№17 Б.Әділовтың «Қанат пен Жанат» мәтінін оқып, түсінігін айту. 87 бет.


Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
«Жа?сылы? жасай жасай білейік » Ашы? саба?

Автор: ?азез Жансая Серік?ызы

Дата: 27.01.2015

Номер свидетельства: 162244

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Ашы? т?рбие са?аты. ??стар -к?ктем жаршысы "
    ["seo_title"] => string(48) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-k-u-star-koktiem-zharshysy"
    ["file_id"] => string(6) "160003"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1421992397"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "Күзгі пейзаж"
    ["seo_title"] => string(15) "kuzghi_pieizazh"
    ["file_id"] => string(6) "387019"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486049145"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "«Алтын сақа» (интеллектуалды ойын – сайысы)"
    ["seo_title"] => string(40) "altyn_sak_a_intielliektualdy_oiyn_saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "372940"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1482565569"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) ""Еріндік және езулік дауысты дыбыстар""
    ["seo_title"] => string(42) "ierindik_zh_nie_iezulik_dauysty_dybystar_1"
    ["file_id"] => string(6) "398862"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1489121447"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства