Сабақтың тақырыбы: Жж дыбысы мен әрпі |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.9.1Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру 1.2.1.2Оқудың түрлерін(буындап оқу, жиі кездесетінсөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану 1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен) |
Сабақ мақсаттары | Ж дыбысы, әрпін таныстыру. Әріп таңбасының жазылу элементтерін салу жолдарын меңгерту. Сөздерді тұтастай оқыту, сөздік және буындық, дыбыстық талдау жасау, оқу дағдысын қалыптастыру. |
Барлық оқушылар: Ж әрпін таниды, жазады, оқиды. |
Оқушылардың басым бөлігі: Берілген сөздерді оқиды, дыбыстық, буындық талдау жасайды. |
Кейбір оқушылар: Сөздердің мағынасын ашады, жаңылтпашты оқып жатқа айтады. |
Жетістік критерийлері | Білу, түсіну: Әріпті таниды, оқиды, жаза біледі Талдау: Әріптің дауыссыз дыбыс екенін айтылу ережесіне сүйеніп,ажыратады, сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Жинақтау: Сөздерді оқып, танысқан әріптеріне сөз және сызба бойынша сөйлем құрап,қойылған сұрақтарға өмірмен байланыстыра жауап береді. |
Тілдік мақсат | Оқушылардың мәтінді буындап оқу, мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытады, сөздердің мағынасымен танысады, өз ойларын жеткізеді. Пәнге тән лексика мен терминология: әріп, дыбыс, сөз, буын |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, топта бірлесе жұмыс жасау. |
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану, көркем еңбек |
АКТ қолдану дағдылары | Ж дыбысы мен әрпі (Сиқырлы әріптер) бейнежазба |
Бастапқы білім | Дыбыс түрлерін ажырата алады, сөздерді буындап, тұтастай оқи алады. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 минут | Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! | |
Сабақтың ортасы 8 минут Сергіту сәті 1 минут Қызықты тапсырмалар 24 минут | №1 Тыңдалым. Екі баған ортасына ұқсаған Ұқсайды оған қай әріп? Майысып тұр үш таған. (Ж әрпі) Әліппе дәптермен жұмыс. - Балалар, буындарды оқып жіберейікші. Жу, жо, жа, же Жуа, жол, жаз, жел. Жуалы, жолақ, жазық, желмая
Ж дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқу. Дәптермен жұмыс. №4 ҚБ тапсырмалары. №5 «Сұрақты ұтып ал» | Таныстырылым, Видеожазба, Оқулықпен жұмыс Түрлі тапсырмалар Оқулық, дәптер. |
Сабақ соңы 2 минут | рефлексия | Кеменің суреттері |
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар мәтінді буындап оқып, берілген сөздерге дыбыстық талдау жасайды. | ҚБ тапсырмалары. «Смайлик» әдісі «От шашу» әдісі Ауызша ҚБ әдістері: оқушы мәртебесін көтеру мақсатында «Өте жақсы!», «Жарайсың!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы,тағы да ойланып көрейік!» | АКТ құралдарын уақы- тымен қолданамын. Сергіту сәтінде оқушы- ларға дене жаттығула- рын жасатамын |