Сынып: 1 «В» Пәні: Сауат ашу | Мектеп: Абай атындағы жалпы орта мектебі. |
Мұғалім есімі: Аленгалиева Г.Ж |
Қатысқандар саны: 19 Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | Жарыс-соревнования-competition |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 2 минут | Үш тілде амандасу. Сәлеметсіз бе, балалар ?! Здравствуйте, дети! Hello, children! Ширату Сәттілік біздер тілейік, Мен саған,сен маған, Күндей күліп жүрейік, Күннің нұрын төгейік, Мен саған,сен маған – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! | Шаттық шебері |
3 мин | Өткен сабақты пысықтау. Ойын:«Сұрақты қағып ал» Допты лақтырып,сұрақтар қою. -Дыбыс дегеніміз не? -Әріп дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Дауысты дыбыстар қалай аталады? -Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? -Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? -Ә дыбысы кездесетін сөздерді білеміз бе? | Доп |
Сабақтың ортасы. Тыңдалым. 5 мин | №1 .Жарыс. -Жайлауда не өтті? -Кімнің аты жүйрік? -Кімнің жорғасы мықты? -Кім жеңеді? -Кім жарыс мәресіне жетеді? Мәтінге ат қою. -Мәтінде жиі қайталанып тұрған сөз бар ма? Жарыс Жарыс-соревнования-competition -Жарыс сөзінің алғашқы дыбысы қандай дыбыс естіліп тұр? -жжж Ж-дауыссыз дыбыс.Жасалуына қарай-тіл алды дауыссыз.Айтылуына қарай-ызың дауыссыз.Ж дыбысы сөздің басында,сөздің ортасында кездеседі. Мысалы: жуа, ожау | Аудио танытырылым, https://www. youtube.com |
Оқылым. 3 мин | №2 «Тез,әрі сауатты оқиық!» Оқулықтағы сөздерді хормен оқыту,тұтастай оқыту. №6 Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ажырат. Тұрма жай, Қамыр жай. Суға жуа-жуа, Тазаланды жуа. | оқулық |
Жазылым. 3 мин | №1 Дәптермен жұмыс. — Ж әрпінің баспа түрімен таныстыру. — Ж әрпінің элементтерін жазып көрсету. — Ж әрпін ауада жазу. — үлгі бойынша ж дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазу. №2 Талдау -табыс кілті әдісі. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. | Әріп элементтері |
Сергіту сәті 2 мин | Видеоролик ән ырғағына билеу. Сергіту «Қарлығаш» | https://www. youtube.com |
Қызықты тапсырма 25 мин | «Кір жаятын жіп» әдісі. №1 «Сөйлем құра » Жіпке тізілген суреттегі атауларға қарап сөйлем құрау. №2 Ойын:«Жаңбыр тамшылары» Жаңбыр тамшыларынан қандай сөздер құрауға болады? жалау,жасыл,жорық жуа,жылтыр,жүзім т.б №3 Ойын: «Аукцион» Заттардың атауын атайды,сөздерді буынға бөлу. | Кір жаятын жіп,суреттер, жаңбыр тамшыларының суреті, заттар, ойышықтар. |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия. Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. | Микрофонның суреттері |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Дескрипторлар: Мәтінге ат қояды.Мәтінге сәйкес ақиқат ақпаратты табады.Сұраққа жауап бере алады. Сөздерді буынға бөліп немесе тұтас сөздермен оқиды. Буындардан сөз құрайды. Сөздерге дыбыстық талдау жасай алады. Тиісті сөздерді қолдана отырып сөйлем құрастыра алады. | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтар мен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |