Күні:
Сынып:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Табиғатқа саяхат. З дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
Сабақтың мақсаттары
Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары
Сергіту сәті,таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
Түйе-верблюд,нар
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
13 минут
Топқа бөлу. Сандар арқылы. Бір таңбалы, екі таңбалы,дөңелек сандар.
Топ ережесін құру.
№1 Оқылым.
Топпен жұмыс. Өркеш
Оқиды,талдайды. Рөлге бөліп оқиды. Аяқтау.
№2 Сурет және тірек сөздердің көмегімен ертегі құрастыр.
Тірек сөздер: ұзақ,шөлдеді,құмыра,тұмсығы,су,тас,салды,көтерілді.
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
1 минут
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Сергіту сәтіне арналған жинақ
Аяқталуы
16 минут
Қызықты тапсырма
8 минут
1 топ:Берілген әріптерден сөз құра: а, с, м, р, к, ж, е
2 топ:Төмендегі сөздерді тиісті әріптермен толықтыр
.лмұрт, .рік, к.ше, жү.ім, кө.ілдірік.
3 топ: Берілген сөздерден дыбыс және әріп санын анықта.
Көгершін, қызғалдақ, қоян, лақ, раушан.
Дәптерге.
Сөздерді жазу.
Шығармашылық жұмыс
Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия Екі жұлдыз,бір тілек.
Бас бармақтар
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін бақылау,мақтау.
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.