-Балалар, сауат ашу пәнінен қандай бөліммен танысып жатырмыз?
-Ұлттық ойындар.
-Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
-
-Ендеше қазір бәріміз «Теңге алу» ойынын ойнайық.( Ойын ережесімен таныстыру)
Алдыңғы сабақтардағы алған білімдері бойынша сұрақтарға жауап береді.
«Шаттық» шеңбері
Тыныс белгілері
Буклет «Ұлттық ойындар»,
Теңге
Сабақтың ортасы
Ой қозғау. Жұмбақ шешу.
Темір тайым,
Тамақты еш жоқтамайды. ( велосипед )
Велосипед сөзінің қай дыбыстан басталғанын табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Велосипед туралы оқушылардың не білетіндері туралы сұрай келе, оның түрлері жайында білімдерін толықтыру.
Велосипед сөзіне дыбыстық талдау. В-ұяң дауыссыз дыбыс екенін байқату,әріп үлгісімен таныстыру. Орыс тілінен енген сөздердің барлық буынында жазылатынын түсіндіру.
Тыңдалым.
Мерей мен Әлидің диалогін тыңдайды.
Оқылым. Оқулықтағы берілген сөздерді оқиды. Топпен жұмыс.
Нүкте тобы: велосипед
Сұрау белгісі тобы: трамвай
Леп белгісі тобы: автобус сөзіне дыбыстық талдау жасайды, буынға бөледі, в әрпінің орнын анықтайды. Әр топ өздеріне берілген көлік жайлы әңгімелейді.
Топпен жұмыс. Мәтіннен әр топ өз атауларына байланысты сөйлемдерді тауып оқиды. Сөйлемге қойылған тыныс белгілері туралы айтып береді. Мәтінде қандай ұлттық ойын жайында баяндалғанын тауып, ат қояды.
Нүкте тобы: Ат жарысы басталды.
Сұрау белгісі тобы: Алда келе жатқан кім?
Леп белгісі тобы: Бас қамшыны, бас!
Жұмбақ,
Слайд
Әріп үлгісі
Суреттер
Аудиожазба
Ламинадталған қағаз, маркер
«Бағдаршам» әдісімен бағалайды.
«Бас бармақ» әдісімен бағалайды.
«Паровоз» ойыны
Сергіту сәті
Жазылым.
Дәптермен жұмыс. 31-бет.
Үлгі бойынша В- ның бас және кіші әрпін, сөздерді жазады.
Жұмбақ шешу.
Қосылса 13 арасы,
Қандай әріп қарашы? (В)
№3. Жұптық жұмыс. «Бәйге» ойыны. Ат жарысының жеңімпаздарына берілген сыйлықтың не екенін оқулықтағы жұмбақты шешу арқылы табады.(аквариум)
Ауызша сөйлем құрастырады.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау. В әрпі жазылатын сөздерді тауып қоршап сызу.
Сабақ ұнаса және тапсырмалардың барлығын дұрыс орындасаң, қолыңдағы билетті жасыл вагонға жапсырасыңдар.
Егер сабақта белгілі бір қиындықтар болса, билетің сары вагонға, ал сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса билетің қызыл вагонға жапсырылады.