О?ушылар?а В дыбысы туралы толы? м?лімет бере отырып,В дыбысын толы? игеруге к?мек беру.В дыбысы к?біне орыс тілінен с?здерді? басында,ортасында немесе со?ында келеді.О?ушылар?а В дыбысы туралы к?бірек м?лімет беріледі.В ?я? дауыссыз дыбыс В дыбысы с?зді? барлы? буынында кездеседі.Сидоров,Вагон,Диван секілді мысалдар келтіріеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Плакатпен жұмыс: - Балалар, бүгінгі сабағымызда бота бізге бір тапсырманы жіберіпті. Сол тапсырманы біз орындасақ, бүгінгі біздің тақырыбымыз белгілі болады. Қанекей, барлығымыз назар аударайықшы!
Шарты: Тақтаға әріптері түсіп қалған сөздері бар суреттер ілінеді. Оқушылар жоқ әріпті тауып, жазады. Суреттің ортасында сұрақ белгісі тұрады. Барлық сұрақтың жауабы табылғаннан кейін, сұрақ белгісі алынып тастап, белгісіз әріп ілінеді.
Ережемен жұмыс: Балалар біз бұл сұрақтың жауабын таптық. Белгісіз әрпіміз «В» екен. Ал енді балалар біз сендермен «Нені білемін» деген жерге «В» дыбысы туралы нені білетінімізді жазайық. Балалар, «В» - ұяң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында кездеседі. «В» дыбысы орыс және шет тілдерінен енген сөздерде қолданылады. Біз оны дауысты дыбыстардың көмегімен ғана дауыстап айта аламыз. Ол сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Мысалы: вагон, аквариум, диван.
Көркем жазу: - Ал енді балалар мен тақтада сендерге «В» әрпінің бас және кіші әрпін жазамын. Сендер соны дәптерлеріңе жазып шығыңдар.
Жаттығумен жұмыс:
2 - жаттығу. Оқушыларға жаттығудың берілгенін оқу, салыстыру жұмыстарын жүргізу. Сөздерді оқып б мен в дыбыстарының айқын айтылуында өзгешеліктеріне көңіл бөлу. Оқушыларға бірнеше сөздерді қатыстырып сөйлем құратқызу. Мысалы: Біздің команда волейбол ойынынан жүлделі орынға ие болды.
4 - жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу. Жұмбақтың шешуі болып тұрған сөзі ауызша буынға бөлу. Жұмбақты бірнеше рет оқып, жатқа жазу. Оқушыларға сөйлем құратқызу.
Еңкейіп барып
Асап алады.
Шалқайып қалып
Шаша салады.
(Экскаватор)
Мысалы: Экскаватор жер өңдеуде қолданылатын техниканың бір түрі.
Мәтінмен жұмыс:5 - жаттығу. Оқушыларға мәтінді оқытқызу. Волейбол ойынын ойнап көргендері барма екенін сұрау. Ойын туралы мәлімет беру. Волейбол ағылшын тілінен аударғанда – ұшатын доп деген мағынаны білдіреді. Бұл ойында екі команда бір - бірімен жарысқа түседі. Ойын командасының арасында топ құрылады. Ойын басталғанда қарсылас команда допты ұрып, тордан өткізіп, доп жерге тисе, команда ұпай жинайды. Ал енді балалар волейбол ойыны туралы түсінгенімізді айтып көрейік.
Шығармашылық жұмыс:3 - жаттығу. Оқушыларға сурет бойынша, керекті сөздерді қолданып әңгіме құрастыртқызу.
Керекті сөздер: «Ваня, базардан, иті Сивка, сатып алды, ескерту жасады, жол ережесі». «В» дыбысы кездесетін сөздердің астын сызу.
4. Сабақты бекіту: Оқушылардың бүгінгі тақырыпта алған білімдерін тиянақтау, қорытындылау.