?2. ?ріптерді? дыбысталу ерекшелігіне ?арай отырып, ішіндегі орнын аны?тау да?дыларын дамыту. Юю дысыны? й ж?не у дыбыстары т?рінде естіліп жазуда Юю ?рпімімен та?балану ерекшелігін с?здерге дыбысты? талдау жасай отырып, о?ушыларды? ?здеріне а??арту. Дауысты дыбысты? шартты белгісін ?олдана отырып, Юю дыбысыны? буында?ы орнын аны?тату. М?тінді м?нерлеп о?у?а, т?сінгендерін айту?а ?йрету.
?3.А?дарды? тіршілігі, оларды? пайдасы туралы ??гімелесе отырып, оларды ?ор?ау, ?ызыл кітап туралы ??гімелеу, а?дар?а ?ам?орлы? жасау?а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Урок обучения грамоте "Буква ю"»
Сабақтың тақырыбы: Юю дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды Юю дыбысы және әрпімен таныстыру. Юю дыбысының артикуляциясының дұрыс қолданып, Ю дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Дыбыстың бас әрпі және кіші әріптерін көрсету және таныстыру.
2. Әріптердің дыбысталу ерекшелігіне қарай отырып, ішіндегі орнын анықтау дағдыларын дамыту. Юю дысының й және у дыбыстары түрінде естіліп жазуда Юю әрпімімен таңбалану ерекшелігін сөздерге дыбыстық талдау жасай отырып, оқушылардың өздеріне аңғарту. Дауысты дыбыстың шартты белгісін қолдана отырып, Юю дыбысының буындағы орнын анықтату. Мәтінді мәнерлеп оқуға, түсінгендерін айтуға үйрету.
3.Аңдардың тіршілігі, олардың пайдасы туралы әңгімелесе отырып, оларды қорғау, Қызыл кітап туралы әңгімелеу, аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: А – дан Я- ға дейін кестесі, әліппе беті, баспа, жазба әріп үлгісі, дауысты дыбыстар үйшігі, аю, қоян, түлкі, арыстан, жолбарыс, піл суреттері.
Итерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Жаңа технологиялар: дамыта оқыту технологиясының элементтері.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдістері:сұрақ-жауап, түсіндіру, ертегіге негізделген түсіндірме сабақ, ойын сабақ.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
- Амансың ба, Алтын күн,
- Амансың ба, Көк аспан,
- Амансың ба, достарым,
- Амансыздар ма , қонақтар,
Сабағымызды бастайық,
Жамандықты тастайық
- Жарайсыңдар, балалар, көңіл-күйіміз жасқы, қазір сабағымызды бастаймыз.
Балалар, сендер мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
Түлкіні.(слайд)
Бұл түлкі бүгін сендерден көмек сұрап келіп отыр.
Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен. Үйіне барайын десе барлық аңдар жолына тұрып алыпты. Балалар, түлкіге көмектесеміз бе?
Иә.
Олай болса түлкіге шытырман жолдар арқылы үйіне жетуге көмектесейік. Ол үшін мына жолда тұрған аңдардың тапсырмаларын орыңдауларын қажет.
ІІ Үй тапсырмасы
«Аң патшасы арыстанның» тапсырмасы.
Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
Я әрпі қандай дыбыс?
Қандай дыбыстар орнына я әрпі жазылады?
Сұр қоян (Жатқа айту)
Қай үйшікте орналасады?
Сөздің қай жерінде келеді?
ΙΙΙ. Жаңа сабақ.
«Қорбандаған аюдың тапсырмасы»
Жұмбақ шешу.
Балпаң-балпаң басады,
Қыр-жотадан асады.
Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны.
(АЮ)
«Аю»сөзіне дыбыстық талдау жасалды. Өздеріне таныс емес дыбыс аталып, оның дауысты екендігін анықтап, дыбыстың орнына ю әрпінің таңбасын қойып, ю әрпінің жазылу емлесімен таныстыру. Бас әрпі, кіші әрпі ,баспа түрі, жазба түрімен таныстырып, қызыл сандыққа салу. Ю дыбысының орнына й және у дыбыстарының естілетінін аңғарту. Жазуда й және у дыбыстарының орнына ю әрпі жазылатынын түсіндіру.
Ю дыбысының артикуляциясына сай дыбыстатып, бірнеше рет қайталату керек.
- Ерніміз алға қарай созып айтамыз, тілімізді төмен түсіріп артқа тартамыз.
- Ю қандай дыбыс?- Ю дауысты дыбыс.
- Оны қалай ажыраттыңдар? – Созылып айтылады. Өз алдына буын жасай алады.
- қызыл, көк төртбұрыштар арқылы сөз жазғызу.
3) «Қоянның» тапсырмасы
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық,
Себеттерге салайық
«Пілдің» тапсырмасы
Оқулықпен жұмыс. Ою, аю туралы мәліметтер беру.Бағандағы сөздермен таныстыру.
Ою мәтінін, «Жақсы көрем» өлеңін мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап алу.
Менің әжем не істеді?
Сырмаққа не салды?
Оюы қандай болды?
Тұтас оқыту.
Хормен оқыту.
Тізбектей оқыту
Сөздік жұмысын жүргізу.
«Ою, аю,» сөздеріне сөйлем құрау.
5) «Кірпінің» тапсырмасы
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық,
Көркем етіп жазайық.
Дәптерге Ю ю әрпін жазғызу.
Ең алдымен ауада жазып көрсету. Дәптердегі үлгіні басшылыққа алады. Қай жерде келетінін айтады.