Күні:27.10.2016 ж. Сынып: 1 «Ж» | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Сыныптан тыс уақытта. У дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | У дыбысы |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут | Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік. Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі. Алға, артқа қарадық та – үш дедік. Тағы жаңа жаттығулар істедік. Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, Отырайық көңілді енді марқайтып. /Б.Бөрiбаев/ – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Сабақтың ортасы 8 минут | Жаңа сабақты түсіндіру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып кездесетіндігін түсіндіру - У у дыбысын оқушыларға 3 рет хормен айтқызу - А уа, ау, на уа, тау сөздерін айтып, у дыбысы қай жерде кездесіп тұрғанын анықтату - У дыбысының емлесіне түсінік беру - У дыбысы дауысты дыбыстан кейін айтылса дауыссыз дыбыс болады. Мысалы: а - у, та –у - У у дыбысы дауыссыз дыбыстан кейін айтылса дауысты дыбыс болады. Мысалы: н – у, т – у VI. Оқулықпен жұмыс Мақсаты: Оқулықтағы сөздерді дұрыс оқуға, буынға бөлуге, қатесіз оқи білуге дағдыландыру. Оқу дағдыларын қалыптастыру 1)Берілген суреттерге байланысты сөйлем құрату. Сөйлемдерін сызба арқылы көрсету. Сөйлем неше сөзден тұратындығын анықтату 2)Берілген а-уа, ау, ну, на-уа, тау, ту сөздерін тізбектей оқыту. |
Сергіту сәті 1 минут | Оңға түзу тұр, Солға түзу тұр. Алға бір адым Артқа бір адым. Оңға бұрылып, Солға үңіліп Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық. |
Қызықты тапсырма 8 минут | Сурет бойынша тапсырма №1 тыңдалым №2Ертегіні мұқият тыңда. Үш жалқау. |
Аяқталуы 16 минут | №3Ойлан,тап. Шыққан сөздермен сөйлем құрастырып жаз. |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) |