kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??ыпты бала – ?депті бала

Нажмите, чтобы узнать подробности

??ыпты бала ?р?ашан да ?з  ж?мыстарын  уа?ытылы  орындайды. Ал м?ндай ?асиетке ие бала ж?мыс?а да  о?у?а да, ойнау?а да,  серуендеуге де, ?она??а бару?а да, дос, жа?ын, туыс адамдарды? к??ілдерін  к?теруге де ?лгереді. ?дептілік деп  ?лкендерді  сыйлауды,  достарды  айналада?ы  адамдарды  ??рметтеуді айтамыз. ?депті адам  бас?адан сыйласым к?тпей – а?  алдымен ?зі бас?аны  ??рметтеп, арда?тай біледі, к?пшілікке ?зіні? ?дептілігін к?рсетеді. Балалар, ??ыптылы?ты,  ?дептілікті, а?ылдылы?ты,  адалды?ты,  ?арапайымдылы?ты, кішіпейілділікті, инабаттылы?ты,  шыншылды?ты  ата – бабаларымыз, ата – аналарымыз, т?рбиеші,  ?стаздарымыз ?йретеді. Ал біз осындай  жа?сы ?асиеттерді ананы?  а?  с?тімен,  бал  тілінен бойымыз?а  сі?іреміз. ??ыпты,  ?депті бала барлы?   жа?сы  ?асиеттерді  ?йреніп,  жаман мінез,  жаман  ?деттерден  аула?  болу?а тырысу керек  екенін  мына  ?ле?дерден  ты?дайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??ыпты бала – ?депті бала »

Сабақтың тақырыбы: Ұқыпты бала – әдепті бала

Сабақтың мақсаты: оқушыларға әдептілік, сыпайылық, адами қасиеттері туралы түсінік беру; адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру; оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, ұқыптыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, күн режімі, тірек сызбалар.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Сыйлап сәлем береміз,

Үлкендерді көргенде.

Ізетпен бас иеміз,

Бізге қонақ келгенде.

Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз күндегіден ерекше болмақ, себебі біздің білімдерімізді, тәртібімізді тексеріп ұстаздарымыз келіп отыр. Олай болса, біз сабақты бастамас бұрын бір ойын ойнап алайық. Ойын шарты мынадай: үрленген 5 шарға сөздер жазылған қағаз салынған. Сол шарды жарып ішіндегі сөздерді оқып, сөйлем құраймыз. Сонда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы келіп шығады.

Мұғалім: бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ұқыпты бала – әдепті бала» деп аталады. Олай болса:

  • Ұқыпты дегеніміз не? Қалай түсінесіңдер?

  • Ұқыптылық не үшін қажет?

  • Әдепті дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?

  • Әдепті болғың келе ме? Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Ұқыпты бала әрқашан да өз жұмыстарын уақытылы орындайды. Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да оқуға да, ойнауға да, серуендеуге де, қонаққа баруға да, дос, жақын, туыс адамдардың көңілдерін көтеруге де үлгереді. Әдептілік деп үлкендерді сыйлауды, достарды айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей – ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді. Балалар, ұқыптылықты, әдептілікті, ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата – бабаларымыз, ата – аналарымыз, тәрбиеші, ұстаздарымыз үйретеді. Ал біз осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Ұқыпты, әдепті бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.

1 – оқушы: Ата – ананың тілегі адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі – адал болып –өскенің.

Әдептілік дегенің – әрқашан да керегің,

Әсемпаздық дегенің – әуре – сарсаң, әлегің.

2 – оқушы: Спортпен айналыс,

Сұлулық сыйлаған

Сол пайдалы іс,

Сауық пен кинодан.

3 – оқушы: Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

4 – оқушы: Ұрыншақ бала жанында

Ұрыс пен керіс, айқай шу.

Ұстамды бала маңынан

Ұнамды іс байқайсың.

5 – оқушы: Шындықты сақтаймы,

Шыншылды жақтаймыз.

Шарша топ алдында

Шығарып мақтаймыз.

6 – оқушы: Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Сыйлы болмақ өзі де,

Үлкен болған кезінде.

Мұғалім: Өте жақсы, ал енді мына суретке назар аударайық. (Интерактивті тақтада суреттер көрсетіліп, оқушылар сол суретке қарап әңгімелеп береді).

7 – оқушы: Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақтап көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

8 –оқушы: Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты

Жалама аяқ – табақты.

9 – оқушы: Атам маған қашанда

«Кішіпейіл бол» деген.

Ата сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.

10 – оқушы: Өзгелерден өзімді

Санамаймын жоғары.

Артық айтып сөзімді

Желпінгенім жоқ әлі

11 – оқушы: Атам маған қашанда

«Әділетті бол» деген

Ата сөзі санамда,

Жүрем тура жолменен.

12 – оқушы: Қалдыратын ұятқа

Жалған сөзге төзбеймін.

Жеткізетін мұратқа

Тек шындықты көздеймін.

Ән: Бақытты балалық шақ

«Жалғастыр» ойыны.

а) Не істеуге болмайды? Осы сөз үлкен етіліп көрсетіледі.

Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушылар өздері ойланып жауап береді.

  1. Үлкендердің алдын кесіп өтуге ... (болмайды).

  2. Кішкене баланы жылатуға ... (болмайды).

  3. Құстарды атуға ... (болмайды).

  4. Сабақтан кешігуге ... (болмайды).

ә) Не істеу керек? Оқушылар әрі қарай жалғастырады.

1.Үлкендерді сыйлау ... (керек).

2. Ата – аналардың тілін алу ... (керек).

3. Әдептілікті сақтау ... (керек).

4. Оқу құралдарын таза, күтіп ұстау ... (керек).

5. Сабақты жақсы ... (керек).

Мұғалім: Ал енді, балалар, кезекті мақал мәтелдерге берейік.

  1. – оқушы : Ұқыптың тоны тозбас,

Ұқыпсыздың ісі оңбас.

  1. – оқушы: Ұқыптылық – істің көркі.

  2. – оқушы: Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – арсыз бала

  1. – оқушы: Әдептілік белгісі-

Иіліп сәлем бергені,

  1. – оқушы: «Сіз» деген – әдеп,

«Біз» деген көмек.

  1. – оқушы: Әдепті бала ата – анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата – қақсатар.

  1. – оқушы: Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала кездессе , өте шығар кекиіп.

Мұғалім: Тақырыпқа байланысты жаңылтпаш білесіңдерме? Кім айтады?

  1. – оқушы: Ұқыпты бала

Кітапты түптен тастады,

Ұқыпсыз бала

Кітапты бүктеп тастады

Жұмысты біреуге жүктеп тастады.

Көрініс: Байлық пен ақыл. (Ертегі)

Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ – жауап

Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Айтыңдаршы, кім дейміз?

«Әдепті екен бұл» дейміз.

Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы

Айтыңдаршы кім дейміз?

«Ұқыпты екен» бұл дейміз.

Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Айтыңдаршы, кім дейміз?

«Үлгілі екен бұл» дейміз.

Жарайсыңдар балалар енді ұқыпты, әдепті болуға берілген кеңестерге назар аударайық.

  1. Таңертең бір мезгілде тұруға дағдылан.

  2. Кітаптарды тағы да басқа заттарды белгілі бір орынға қоятын бол.

  3. Киімің қарапайым да, ықшамды болсын.

  4. Өз киіміңді, оқу құралдарыңды ұқыпты ұстауға дағдылан.

  5. Күнде таңертең және кешке жуынуды ұмытпа.

  6. Жолдасыңнан бір нәрсе алсаң ұмытпай уақытында қайтарып бер.

  7. Қолыңнан келмейтін істі орындаймын деп кісіге уәде берме, ал уәде берсең, ұқыпты орындауға тырыс.

  8. Мерекелік күндерді белгілеп қой.

  9. Айналаңа мұқият бол.


Ал, балалар бүгінгі сабақта ұқыптылық, әдептілік туралы не білгенімізді ортаға салайық.

«Ұқыпты, әдепті бала» сөзін топтастыру.


Қорытынды.

Балалар, бүгін біз сіздермен ұқыптылық, әдептілік жайлы білдік. Әр адам өзін кез – келген жағдайда, кез – келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
??ыпты бала – ?депті бала

Автор: Борашова Жамила Илесовна

Дата: 18.04.2015

Номер свидетельства: 202774

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "??ыпты бала - ?депті бала "
    ["seo_title"] => string(25) "u-k-ypty-bala-diepti-bala"
    ["file_id"] => string(6) "158516"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421756546"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "??ыпты бала-?депті бала"
    ["seo_title"] => string(27) "u-k-ypty-bala-diepti-bala-3"
    ["file_id"] => string(6) "303505"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457533936"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ұқыпты бала әдепті бала"
    ["seo_title"] => string(25) "u_k_ypty_bala_diepti_bala"
    ["file_id"] => string(6) "414800"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494583694"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "??ыпты бала, ?депті бала "
    ["seo_title"] => string(27) "u-k-ypty-bala-diepti-bala-2"
    ["file_id"] => string(6) "209447"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431170850"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Конспект урока по самопознании " ??ыпты бала-?депті бала " "
    ["seo_title"] => string(57) "konspiekt-uroka-po-samopoznanii-u-k-ypty-bala-diepti-bala"
    ["file_id"] => string(6) "166565"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422973757"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства