kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тұңғыш ғарышкер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сынып оқушыларына арналған ашық сабақ. 12 сәуір ғарышкерлер күніне арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тұңғыш ғарышкер»

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов.

Сабақтың мақсаты: Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңін түсініп оқуға, ойын толық жеткізе білуге үйрету; мәнерлеп оқу, сөздерді дұрыс айту дағдысын қалыптастыру; елін, жерін сүйетін,елжанды азаматтыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсініп оқу,сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойланып жауап беру.

Құрал-жабдықтар: О.Сүлейменовтың, ғарышкерлердің, ғарыштың суреттері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үй жұмысын тексеру:

Тест сұрақтарын беру.

1. Наурыз мейрамы мейрамның қай түріне жатады?
а. ұлт мейрамы
ә. діни мейрам
б. жанұя мейрамы
2. Ескіше марттың нешесі 22-сіне сай келеді?
а. 9 ә. 16 б. 20
3. «Көтергіш кран жауап бермей, өз жұмысын істеп, құрылысшының керегін әперіп тұра берді» Бұл қай мәтіннен үзінді?
а. Бұлбұлдың әні
ә. Ер еңбекте сыналады
б. Тұңғыш космонавт
4. «Еңбекпен тапқан нан» қай елдің ертегісі?
а. қазақ ә. грузин б. орыс
5. «Жаңбыр» өлеңінің авторы
а. Б. Майлин
ә. О. Сүлейменов
б. М. Төрежанов
6. Әбдеш қай мәтіннің кейіпкері?
а. Ер еңбекте сыналады
ә. Бұлбұлдың әні
б. Көктем сәні


ІІІ. Үй жұмысын пысықтау:

Бұлбұл өз балапандарын қалай қорғады? Оның мейрімділігін неден көруге болады? Сенің анаң саған қандай қамқорлық жасайды? Мейрімділік дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкер кім?

Ол қашан ұшты? (Юрий Гагарин,12 сәуір 1961жылы)

Ү. Жаңа сабақ:

Ұшқыштар, Байқоңыр туралы мағлұматтар беру.

Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда облысы  Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді.

Орыстар американдықтар сияқты маймылдарды емес, зертеуге көбіне иттерді араластырған. 1957 жылы «Спутник 2» ғарыш айлағынан Лайка атты итті ұшырған. Ұшу жолында әлгі ит қатты ыстықтан өліп кеткен. Лайкадан кейін маман­дар төрт жыл бойы ғарышқа жануарларды ұшырып жүрді. Қос-қостап тышқан, қоян, жәндік­тер де ұшқан болатын. Белка мен Стрелка есімді иттердің сапары сәтті болған соң ғана ғарышты игеруге алғашқы адам Ю.Гагарин кеткен болатын. Сонымен қатар маймылдар да бұл тәжірибеден табылды. Оларға арнайы еркін созылуға арналған киім тігілді. Өйткені олар, нысананы танып, көз, аяқ, қол арқылы жұмыс іс­теп, дабыл дыбысына тез арада басу арқылы жауап бере алу керек бол­ған. Осындай тәжіри­беден три­тон­дар, қара қоңыз­дар, жеміс шыбындары, ұлулар, тө­мен және жоғары өсімдіктер өт­кен болатын. Дайындық бары­сында ғалымдар тек май­мыл­­дардың ғана тапсыр­ма­ны екі айда игеріп, адамға же­теғабыл іс істейтіндігін анықтаған. Мы­салы, жылдамдығын тексеру­де, «нысананы өшіруде» маймылға 19 минут, ал адамға бір сағат уақыт кеткендігі белгілі болған.

Юрий Гагариннің өмір жолы

Юрий Алексеевич Гагарин 1934 жылдың 9 наурызында Ресейдегі Смоленск облысының Клушино ауылында дүние келген. Бірінші сыныпқа 1941 жылы барған ол неміс оккупациясының әсерінен 1943 жылы ғана оқуын жалғастырды. Осылайша 6 сыныпқа дейін мектеп табалдырығын тоздырып, одан соң, кәсіптік училищеге түсіп, білім алуын жалғастырды.

Гагарин 1951 жылы Саратовтағы индустриалды техникумға түсті. Сонымен қатар, аэроклубқа барып жүрді. Осылайша бір жылдан соң,алғаш рет Як-18 ұшағына отырып, ұшу бақытына ие болды. 1957 жылы Орынбордағы ұшқыштар училищесіне түсті. Кейінірек медициналық тексеруден өткеннен кейін, 1960 жылы ғарышкерлікке кандидат атанды.

Тоқтар Әубәкіров – авиация генерал-майоры, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер. Ол 1946 жылы 07.27 жылы Қарағанды  обл., Қарқаралы ауданы, 1 май ауылында  дүниеге келген.Ол 1988 жылы кеңес Одағында  алғашқы болып жерге қонбастан, әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдырып,, солтүстік полюске  ұшып барып қайтты. «Тбилиси»  кемесінің палубанына «МИГ -29» әскери әуе ұшағын алғаш рет қондырды. Тоқтар Әубәкіровқа бейбіт өмірдегі осындай ерліктері үшін Кеңес Одағынығ батыры атағы берілді.

  1991 жылы  2 қазанда Байқоңырдан «Союз–ТМ-13» ғарыш кемесі ұшырылды.Халықаралық экипаж құрамында үш ғарышкер: Александр  Волков, Тоқтар Әубәкіров, авиациялық франц Фибек болды.Олар ұшу міндеттерін  орындап, 10 қазанда Қазақстанның Торғай даласына келіп қонды.

Ғарышкер Талғат Мұсабаев  - Ресейдің батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы. Ол 1951 жылы 7-қаңтарда Қазақ   ССР, Алматы обл,. Жамбыл ауданы, Қарғалы кентінде интеллигенция  отбасында  туған. Ол Тоқтар Әубәкіровтен  кейін ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері.1991 жылы ғарышкерлер дайындау курсынан өтеді. Талғат Мұсабаев 1991, 1998 және  2001 жылдары үш мәрте ғарышқа самғады. Ол ғарышта  127 тәулік болып, екі рет ашық  кеңістікке  шықты. Т. Мұсабаев жалғыз өзі 11 сағат бойы  ғарыш кешенінің (станциясының) тағдырын шешетін өте қауіп-қатерлі  жұмысты ойдағыдай  орындады.

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді түсініп оқу. Іштен, жалғастырып тізбектей оқу.

-Ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді? Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді? Гагариннің Жерге қайтып келе жатқан кезін ақын қалай суреттеген? Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтінін қалай бейнелеген? Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышкер Гагарин болса, егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім, ол жайында не білесің? Кей жерлерде былай деп те берілген (1991 жылы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 7 тәулік 22 сағат, 12 минут, 40 секунд ғарыш кеңістігінде болды. Гиннес кітабына енген.)

Дәптермен жұмыс: Тақтадағы сөздерді жаздыру.

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау:

 Жұмбақтар шешу.

1)    Аспанда бір ана бар,

Маңы толған балалар.   (ай мен жұлдыздар)

2)    Сансызбыз, Жансызбыз, Мың-мыңбыз

Жасырынбақ ойнаймыз

Күндіз біз  (жұлдыздар)

3)    Кездеспейді екеуі,

Көк аспанда мекені.   (күн мен ай)

4)    Омырауы оттармен төңкеріліп,

Тас төбеңнен тұрады төңкеріліп.  (түңгі аспан)

- Гагарин ғарышқа қашан ұшты? Тоқтар Әубәкіров ше? Өлеңде қайталанған сөзді тауып, оның әрбір жолындағы мәнісін түсіндір? (ана).

ҮІІ. Қорытынды:

- Бүгін сабақта не істедік, кімдер жайлы білдік? Бір сәт қиялдап көр. Осы сезіммен өлеңді мәнерлеп оқып көр. Ғарышкер туралы өлең неліктен осы бөлімде берілген деп ойлайсың?

(жерді, елді сүйетіндігі, қадірлейтіндігі, табиғаты).

ҮІІІ. Үйге: оқу, әңгімелеу. Бағалау.
























Тоқтар-тұңғыш ғарышкер ашық сабақ.

Сабақ жоспары  

Пәні: Әдебиеттік оқу.

Күні: 25 қыркүйек 2010жыл.

Өтілетін тобы:

Сабақтың тақырыбы: Тоқтар-тұңғыш ғарышкер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өлеңнің  мазмұнын  түсіндіре отырып, қазақтан  шыққан  тұңғыш  ғарышкер  Тоқтар  Әубәкіров жайлы  шығармашылығы мен сіңірген  еңбегі  жайлы  таныстыру, ғарыш айлағы  космос жайлы ұғымдарын  кеңейту.

Дамытушылық: Сөздік  қорларын, дүниетанымын,  тіл байлығын,  шеберлігін, шығармашылығын  дамыту.

Тәрбиелік: Ғалам  құпияларын  оқып  білуге шақыру, өз елін, жерін  сүюге  қадірлеуге, еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтары: көрнекі құралдар,тақтамен жұмыс,суреттер

Сабақтың типі: Білім,білік дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру,ой-қозғау, өзбетінше жұмыс, әңгімелеу,  баяндау,  топтастыру,  сұрақ-жауап,  жеке шығармашылық, ауызша, жазбаша, талдау, жинақтау, көрнекілік.

Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясының  элементтерін пайдалану.

Пәнаралық  байланыс: қазақ тілі, математика, еңбекке  баулу,дүниетану.  

Сабақ  жоспары:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

а) Оқушыларды  сабаққа  даярлау

ә) Назарларын  сабаққа  аудару.

б) Сабақтың   мақсат-міндетімен    таныстыру.

II. Кіріспе-қызықтырушылық  кезең.

Оқушылар  орындарынан  тұрып, қолдарын  жүрек  тұсына  қойып, ана тілі  өлеңін  дауыстап  оқу.

Ақыл-ойын  дананың ,

Ана тілден   аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ  сүтіндей  анамның.

 

Өсірген  ой білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат  етем әр сөздің,

Мәнін   терең  білуді.

III.Мотивациялық  кезең.

IV. Сабақтың  мақсат-міндетімен  таныстыру.

Қазақтың  тұңғыш  ғарышкері Тоқтар  Әубәкіровтың  өмірі,шығармашылығы мен халқына сіңірген  еңбегі жайлы  танысамыз, сонымен  қатар  сендерді  ғалам  құпияларын  зерттеп  білуге   шақырамын.

V.Өткенге шолу.

Өткенді еске  түсіру  кезеңінде  өткен  тақырыптарды  еске  түсіру, шолу жасау.

1.Алтын  бесік.

2.Қазақстан.

3.Туған  өлкем.

4.Астана.

5.Алматы қаласы  тақыырптарын  еске  түсіру  т уған  жер,  туған  өлке  жайлы  мақаладар айту.

VI.Өткенді бекіту.

Жаңа  мағынаны  тану.

Жаңа сабақ.

Бүгін  біз  қазақтың  тұңғыш  ғарышкері Тоқтар Әубәкіров  туралы  кеңінен  мағлұмат  аламыз.

Тоқтар  Әубәкіров  1946 жылы шілденің 27-де Қаарғанды  облысы Қарқаралы  ауданында, 1  май ұжымшарында  дүниге  келеген.  Ұлты –қазақ.Білім  жоғары.

Техника ғылымдарының  докторы, академик авиация генерал-майоры,1965- 1969 жылдары  Армавир әуе қорғанысы  ұшқыштарының  жоғары  әскери  оқу орнында  оқыған, ұшқыш-инженер.(слайдтар арқылы  суреттер  көрсетіліп тұрады)

Біздің  жеріміз орман, тау, өзен, көл,  өмір  сүретін  ортамыз  бәрімізге ортақ.Біздің  өмір сүретін  ортамыз-Жер  планетасы. Ғарыш  әлемін  көру  үшін   Зымыранмен  ұшу қажет. Зымыран  жер мен  аспан арасындағы  ең жедел  транспорт.Зымыранмен  ұшып    барған  ғарышкерлер  ғарыш  әлеміндегі  өзгерістерді  суретке түсіріп, ондағы   ауа мен  топырақты  зерттейді.Оны  жерге  хабарлап  отырады. Ғарышқа    ұшатын  ғарышкерлер  арнайы  киімдер    киеді. Ол  СКАФАНДР  деп  аталатын  киім ғарышқа  ұщуға   лайықталған  киім.

Мінеки  ғарышкерелр  киімі  мынанадай, ғарыш  әлемі  мен ғарыш  әлемінің  құпияларымен  таныстық.

Кітап, дәпетермен  жұмыс.

Өлеңді  талдап,  тізбектей оқу, жаңа мағынаны тану.

Арман  қуып  жасынан,

Көктен  көзін  алмаған

Ұшқыш  болды  жас ұлан,

Аспанда  ееркін   сакмғаған.

Бабасынадай   асауға

Салған  құрық –бұғалық.

Ұшақтарды сныауға

Артқан  еді құмарлық.

 

Самғап  ұшу аспанда

Қауіпті еді, қатал-ды.

Ерлігі  елден  асқанда,

Ол  ғарышкер  атанды.

 

Талай  істе  ғажап, тың,

Туған  ұлы қазақтың ,

Тұңғыш  ұшты  ғарышқа.

 

Сөздікпен  жұмыс.

Құрық-асау жылқыны   ұстау  үшін  арналған  ұшында  ілмегі бар  ұзын  сырық.

Бұғалық – асау атты ұстауға  арналған  мықты  қыл арқан.

Құлаш - ұрды-талапатнды, ұмтылды,  талпынды.

 

Сергіту  сәті

Зеңгір аспан   көгілдір

Алтын  күн  төрінде

Тамылжытып  төгіп   тұр.

Шаттық  сыйлап   көңілге

Көк аспандай  көгілдір

Қазақстан   байрағы

Тұрса  күндей  төгіп  нұр.

Жандарымыз  жайдары.

 

Топтастыру.                          

                                             Профессор

 

депутат,саяси қызметкер                                       ұшқыш

 

инженер             Тоқтар Әубәкіров           ардақты әке

 

                  генерал-майор

                                                                                ғарышкер

                                                       білімді

 

VII. Сабақты  қорытындылау

Мен  ақылдымын,

Қиындықтан  қорықпаймын,

Мен  жаспын, қандай әдемімін,

Мен  ұзақ  өмір  сүремін.

 

 

Менің  қолымнан  көптеген  жақсылық келеді,

Мен  халқыма  қызмет  етемін.

Айға  ұшамын, жерге  түсемін,

Халқыма  тыныштық  тілеймін.

 

Үйге  тапсырма:Өлеңді жаттау, «Ғарышкер  болғым  келеді» тақырыбында  өлең шығару.

 

VIII. Рефлексия бағалау кезеңі.,

Бағалау.Сабаққа  белсене араласқан  оқушыларды  кесте арқылы  бағалау

сұрақтар:

1.      Жердің  табиғи серігі...                             (Ай)

2.      Бірінші  космостық  жылдамдық...          (8км/с)

3.      Күн  жүйесінде  қанша  планета бар?      (9)

4.      Алғашқы қазақ ғарышкері...                    (Т.Әубәкіров)

5.      Біз  тұрған  планета  қалай  аталады?      (Жер)

6.      Ю.Гагарин...                                              (Ғарышкер)

7.      Т.Мұсабаев...                                             (Ғарышкер)

8.      Алғашқы  әйел-ғарышкер...                      (В.Терешкова)

9.      Қазақстанда  ашық  кеңістікке  шыққан  қазақ  ғарышкері...                   

                                                                                            (Т.Мұсабаев)

     10. Алғашқы  ғарыш  саяхатшыс ...              (Деннис  Тито)

     11. Космонавтиканың  негізін  қалаушы...    (К.Э.Циолковский)

     12. Ғарышқа 5 рет ұшқан ғарышкер...          (Жәнібеков)

     13. Ғарыш  идеясын  жүзеге  асырған  ғалым конструктор?  (С.П.Королев)

    

4. Оқушылар  шығармашылығы.

а) Қазақстан  ғарышкерлерінің  атқарған  жұмысы.

б) Қазақстан  ғылымының  жетістіктері.

в) Экологиялық  проблема – ғарыштық  қоқыстар.

 

5. Қосымша  материал: «Сен білесің бе?» компьютерден слайд көрсету.

1. «Ғарыш айлағының» грек тіліндегі баламасы «космодром».

  Бұл  сөздің  қазақша  мағынасы қандай?

*Жылдам  қозғалып  барып  ұшатын  орын.

 

2. Қанша  американдық  астронавт  Айға  ұшты?

* 24, олардың 12-сі Айдың  бетінде серуне құрды.

 

3. ғарышкерлер  отрядына  келіп  қосылған  ұшқыш  қандай  арнайы  дайындықтан  өтеді?

* Теориялық астрономияны, физиканы, аспан механикасын мұқият оқиды, радиотехника,автоматика, телемеханика салаларынан жетілдіріп, дәрігерлік дене шынықтыру дайындықтарының толық курсынан өтеді.

Бүгін Юрий Гагарин (9.03.1934 — 27.03.1968) өзінің 79 жасын тойлаушы еді. Адам баласына ғарышқа жол салған адам. Сіздердің назарларыңызға осыдан 50 жыл бұрын түсірліген «Тұңғыш орбита» фильмін ұсынамыз. Юрий Гагарин ғарышта 108 сағат болды.

Гагарин Юрий Алексеевич (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылыСмоленск облысы — 27 наурыз 1968 жылы, Владимир облысы) – КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961). 1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды. 1951 жылы Мәскеу маңындағы Люберцы қаласыңдағы қолөнер училищесін, 1955 ж. Саратов индустрия техникумын бітірген. 1955 жылдан Кеңес Армиясы катарында. 1-Чкалов әскери- авиац. ұшқыштар училищесін бітіргеннен (1957) кейін Солтүстік флоттың жойғыш авиациялық бөлімдерінде қызмет етгі. 1960 ж. ғарышкерлер қатарына алынды. 1961 жылдан ғарышкерлер отрядының командирі болды. 1961 ж. 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет "Восток" ғарыш кемесімен Байкоңыр ғарыш алаңынан ғарышка ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағ 48 минтан кейін Жерге қайта конды. Бұдан кейін ол ұшкуш-ғарышкер ретінде өзінің ұшу шеберлігін жетілдіріп, ғарышкерлерді ұйретіп - жаттықтыру ісіне тікелей арала- сып, ғарыш кемелерінің ұшу процесін басқаруға қатынасып отырды. 1968 ж. Әскери-өуе инженерлік академиясын бітірді. 1964 — 68 ж. Ғарышкерлерді даярлау орталығы бастығының орынбасары болды. Ол бірнеше елдерде болып қайтты. 1966 жылдан Астронавтика халықаралық академиясының құрметті мұшесі. Ленин орденімен, медальдермен жөне көптеген шет ел ордендерімен марапатталған. ГагарингеЧехословакияның Социалистік Еңбек Ері, Болгарияның Батыры, Венгрияның Еңбек Ері атақгары берілді. Гагарин ұшақпен жаттығу кезінде қаза тапты (Владимир обл. Киржак ауд.Новоселово селоның маңында). Монинодағы (Мәскеу обл.) Әскери-өуе академиясына, Айдың арғы бетіндегі кратердің біріне Гагарин есімі берілген. 1968 ж. Халықаралық авиациялық федерациясы Ю.А. Гагарин атындағы алтын медаль тағайындады. Ресейдегі ғарышкерлерді даярлау орта лығы Гагарин атындағы Ресей ҒА- ның ғылыми-зерттеу кемесі, дұние жұзінің көптеген оку орындары, калалар, көшелер мен алаңдар Гагаин есімімен аталады.Мәйітінің кұлі Мәскеудің Қызыл алаңындағы Кремль кабырғасына қойылған.[1]

 Астономның жауабы: Ю.А. Гагарин – 1934 жылы 9-қыркүйек күні  Ресейде, Смоленск обл., Гагарин ауданы Клушино селосында дүниеге келген. Ғарышқа  тұңғыш ұшқан адам. Полковник (1963ж), Кеңес Одағының батыры (1961). 1951 жылы Мәскеу маңындағы Люберцы қаласындағы қолөнер училищесін бітірген. 1955 жылы Саратов индустрия техникумын бітірген. 1955 жылы Кеңес Армиясы қатарында 1 –Чкалов әскери-авиациясында ұшқыштар училищесін бітіргеннен (1957) кейін солтүстік  флоттың жойғыш  авиациясы бөлімдерінде қызмет етті.1960 жылы ғарышкерлер қатарына  алынды. 1961 жылдан  ғарышкерлер  отрядының командирі болды. 1961 жылы 12-сәуірде  тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін жерге қайта қонды. 1968 жылы әскери әуе инжернер академиясын бітірді. 1966 жылы Ленин орденімен, меделдармен және де көптеген шетел ордендерімен  марапатталды. Гагаринге Чехословакияның Соц. Еңбек Ері. Болгарияның батыры, Венгрияның Еңбек Ері атақтары берілді. Гагарин ұшақпен жаттығу кезінде қаза  тапты.

Тілші: Гагарин туралы басқа не  қосасыздар?

Жауап: техника ғалымдарының  кандидаты

Тілші: Тоқтар Әубәкіров кім?

Жауап: Мадина

    Тоқтар Әубәкіров – авиация генерал-майоры, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер. Ол 1946 жылы 07.27 жылы Қарағанды  обл., Қарқаралы ауданы, 1 май ауылында  дүниеге келген.Ол 1988 жылы кеңес Одағында  алғашқы болып жерге қонбастан, әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдырып,, солтүстік полюске  ұшып барып қайтты. «Тбилиси»  кемесінің палубанына «МИГ -29» әскери әуе ұшағын алғаш рет қондырды. Тоқтар Әубәкіровқа бейбіт өмірдегі осындай ерліктері үшін Кеңес Одағынығ батыры атағы берілді.

  1991 жылы  2 қазанда Байқоңырдан «Союз–ТМ-13» ғарыш кемесі ұшырылды.Халықаралық экипаж құрамында үш ғарышкер: Александр  Волков, Тоқтар Әубәкіров, авиациялық франц Фибек болды.Олар ұшу міндеттерін  орындап, 10 қазанда Қазақстанның Торғай даласына келіп қонды.

Тілші: Талғат Мұсабаев кім?

Жауап: химик Саят

  Ғарышкер Талғат Мұсабаев  - Ресейдің батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы. Ол 1951 жылы 7-қаңтарда Қазақ   ССР, Алматы обл,. Жамбыл ауданы, Қарғалы кентінде интеллигенция  отбасында  туған. Ол Тоқтар Әубәкіровтен  кейін ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері.1991 жылы ғарышкерлер дайындау курсынан өтеді. Талғат Мұсабаев 1991, 1998 және  2001 жылдары үш мәрте ғарышқа самғады. Ол ғарышта  127 тәулік болып, екі рет ашық  кеңістікке  шықты. Т. Мұсабаев жалғыз өзі 11 сағат бойы  ғарыш кешенінің (станциясының) тағдырын шешетін өте қауіп-қатерлі  жұмысты ойдағыдай  орындады.

Химик ағай не айтады:

Гагаринит-фторидтер тобының минералы.Химиялық формуласы

 

Тұңғыш ғарышкер  Ю.Гагариннің  құрметіне аталған .

Тілші: Географиямен байланысы қандай

Жауап: Географ:Гагарин мұздығы- Жетісу Алатауының солтүстік  беткейінде  аңғарлық типтегі  мұздық.Орталық моренамен екіге  бөлінген мұздық  етегі 3140 м биіктікте  аяқталады. Мұздыққа  Гагарин  есімі берілген.

 

 



Юрий Гагарин

Юрий Гагариннің өмір жолы

Порталымыздың тұрақты оқырманы Абзал Сариевтің өтініші бойынша, ғарышқа алғаш ұшып, күллі адамзатты батылдығымен таң қалдырғанЮрий Гагарин жайлы әңгімелемекпіз.

Юрий Алексеевич Гагарин 1934 жылдың 9 наурызында Ресейдегі Смоленск облысының Клушино ауылында дүние келген. Бірінші сыныпқа 1941 жылы барған ол неміс оккупациясының әсерінен 1943 жылы ғана оқуын жалғастырды. Осылайша 6 сыныпқа дейін мектеп табалдырығын тоздырып, одан соң, кәсіптік училищеге түсіп, білім алуын жалғастырды.

Гагарин 1951 жылы Саратовтағы индустриалды техникумға түсті. Сонымен қатар, аэроклубқа барып жүрді. Осылайша бір жылдан соң,алғаш рет Як-18 ұшағына отырып, ұшу бақытына ие болды. 1957 жылы Орынбордағы ұшқыштар училищесіне түсті. Кейінірек медициналық тексеруден өткеннен кейін, 1960 жылы ғарышкерлікке кандидат атанды.

Ю.А. Гагарин мен ғарыш кемесінің конструкторы С.П. Королев. Байқоңыр, 12 қазан, 1964 жыл.


 

1961 жылы оның өмірінде ерекше оқиға орын алды. Осы жылдың 12 сәуірінде Гагарин  «Восток» кемесімен ғарышқа ұшып, жерді айналып шықты. Осы батылдығы үшін ғарышкерге Хрущевтың нұсқауымен майоратағы берілді. Жерге орала салысымен, оны сән-салтанатпен күтіп алып, мақтау мен мадақтаудың астында қалдырды. Кейін Чехословакия, Болгария, Финляндия, Англия секілді мемлекеттерге саяхат жасап, көрген-білгендерімен бөлісіп, ел-жұртты аралады.

Бөлінбелі аппарат. Гагарин осы аппараттың ішінде отырып, атмосфера қабатына түскен еді

 

Кейінірек «Союз-1» кемесінде Владимир Комаровтың дублері болды.

1968 жылдың 27 сәуірінде УТИ МиГ-15 ұшағы апатқа ұшырап, борттағы Юрий Гагарин мен полковник Владимир Серегин қаза тапты. Оның туған қаласы қазіргі таңда өзінің есімімен аталады.

 Жұмбақтар шешу. «Ғарышкер» сөзін ілу

1)    Аспанда бір ана бар,

Маңы толған балалар.   (ай мен жұлдыздар)

2)    Сансызбыз,

Жансызбыз,

Мың-мыңбыз

Жасырынбақ ойнаймыз

Күндіз біз  (жұлдыздар)

3)    Кездеспейді екеуі,

Көк аспанда мекені.   (күн мен ай)

4)    Омырауы оттармен төңкеріліп,

Тас төбеңнен тұрады төңкеріліп.  (түңгі аспан)



Хормен тақпақ жаттау. (Алдын ала маркермен жазып қоямын)

Әубәкіров ағамның Даңқы көкке самғаған

Тоқтар ағам – жан ағам

Бұрыннан да ер еді.

Менің батыр ағадан,

Аумай қалғым келеді.

2-3 оқушыға айтқызу



Шаттық  шеңбер:
Армысың,асыл күн!
Армысың,асыл жыр!
Армысың, көк аспан!
Армысың,жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне,менің қолым.
Шеңбер жасаған балалар бір-біріне ертеңгілік жылы лебіздерін білдіреді
Ұйымдастырушы-ізденушілік:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде қандай табиғи құбылыстарды байқадыңдар?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Сәуір айында қандай мейрам бар?
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді
Шешуін табыңыздар.
-  Айға ұшып,айға сапар шеккен  адамдарды ғарышкерлер дейміз
-  Балалар,кәне сендер ғарышкерлерді білесіңдер ме?
Ең алғаш ғарышқа көтерілген Ресей азаматы Ю.А.Гагарин болды
Ең бірінші айға адамдар ұшпас бұрын,тірі дененің баруы үшін итті ғарышқа ұшырған. Жерге қонғаннан кейін оның денесіне ,қанына тексеру жүргізіп,ғарышқа адамның да баруға болатынын білген.
Ал Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкер 1991жТоқтар Әубәкіров ұшты.

Екінші болып ғарышқа қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ұшты.

Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан.

Ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады. Ғарышта адам дем алатын ауа жоқ, көлеңке жақта қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады.
Сөздік жұмыс:
Космодром-зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы.
Скафандр-арнайы киім.
Сергіту сәті:
Бір,екі,үш,
Қарлығаш боп ұш.
Төрт,бес,алты,
Қарлығаш боп қалқы,
Жеті,сегіз,тоғыз,он,
Қарлығаш боп қон.
Суретпен жұмыс:
-  Ғарышкер  мен  ұшқыштың айырмашылығы неде?
-  Суреттегі кім?
-  Сендер оларды қайдан білесіндер?
Жаңылтпаш
Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер
Айтшы,ғарыш,алыс па?
Ойын:    «Ұшты-ұшты»
«Ұшты-ұшты» зымыран ұшты.
«Ұшты-ұшты» қалам ұшты.
«Ұшты-ұшты» торғай ұшты.
«Ұшты-ұшты» кітап ұшты.
Қорытынды:  Сұрақ-жауап алу арқылы қортындылау
-  Ең бірінші Қазақстаннан ғарышқа ұшқан кім?
-  Ғарышкердің киімі қалай деп аталады?
-  Қазақстанда ғарыш айлағы қай жерде орналасқан?
-  Жарайсыңдар бүгін сендер жақсы жауап бердіңдер!
    Сабаққа өте белсенділік танытқан балаларды жұлдызшамен мадақталады.
-  Ал балалар қазір біз сендермен зымыранның суретін салайық – деп қарындаш,қағаздар беру.

Ғарышқа ұшқан жануарлар

*Ғарышқа ғылыми тәжірибе үшін жануарлардың ұшқаны белгілі. Олар ғарышта қандай тапсырмаларды орындағаны туралы білгім келеді?

Манас ЖӘНІБЕКҰЛЫ,* Семей қаласы

1957 жылы 3 қарашада ға­рыш­қа  ұшу арқылы адамзатқа жол ашып берген жануар – Лайка есімді төбет ит. Ол мінген кеменің түсу аппараты болмағандықтан, атмосфераның жоғарғы қабат­та­рының бірінде спутникпен бірге жанып кеткен болатын. 40 жыл­дан кейін тұңғыш ғарышкер-иттің құрметіне Әуе және ғарыш ме­ди­цинасы институты зертханасының алдында ескерткіш тақтайша қойылды. Лайкадан кейін маман­дар төрт жыл бойы ғарышқа жануарларды ұшырып жүрді. Қос-қостап тышқан, қоян, жәндік­тер де ұшқан болатын. Белка мен Стрелка есімді иттердің сапары сәтті болған соң ғана ғарышты игеруге алғашқы адам Ю.Гагарин кеткен болатын. Сонымен қатар маймылдар да бұл тәжірибеден табылды. Оларға арнайы еркін созылуға арналған киім тігілді. Өйткені олар, нысананы танып, көз, аяқ, қол арқылы жұмыс іс­теп, дабыл дыбысына тез арада басу арқылы жауап бере алу керек бол­ған. Осындай тәжіри­беден три­тон­дар, қара қоңыз­дар, жеміс шыбындары, ұлулар, тө­мен және жоғары өсімдіктер өт­кен болатын. Дайындық бары­сында ғалымдар тек май­мыл­­дардың ғана тапсыр­ма­ны екі айда игеріп, адамға же­теғабыл іс істейтіндігін анықтаған. Мы­салы, жылдамдығын тексеру­де, «нысананы өшіруде» маймылға 19 минут, ал адамға бір сағат уақыт кеткендігі белгілі болған.






















1. Наурыз мейрамы мейрамның қай түріне жатады?
а. ұлт мейрамы
ә. діни мейрам
б. жанұя мейрамы
2. Ескіше марттың нешесі 22-сіне сай келеді?
а. 9 ә. 16 б. 20
3. «Көтергіш кран жауап бермей, өз жұмысын істеп, құрылысшының керегін әперіп тұра берді» Бұл қай мәтіннен үзінді?
а. Бұлбұлдың әні
ә. Ер еңбекте сыналады
б. Тұңғыш космонавт
4. «Еңбекпен тапқан нан» қай елдің ертегісі?
а. қазақ ә. грузин б. орыс
5. «Жаңбыр» өлеңінің авторы
а. Б. Майлин
ә. О. Сүлейменов
б. М. Төрежанов
6. Әбдеш қай мәтіннің кейіпкері?
а. Ер еңбекте сыналады
ә. Бұлбұлдың әні
б. Көктем сәні





 






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тұңғыш ғарышкер

Автор: Шерганакова Алия Асылбековна

Дата: 06.03.2018

Номер свидетельства: 460965

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Т???ыш ?арышкер "
    ["seo_title"] => string(22) "tu-n-g-ysh-g-aryshkier"
    ["file_id"] => string(6) "171137"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423646377"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "То?тар т???ыш ?арышкер! "
    ["seo_title"] => string(30) "tok-tar-tu-n-g-ysh-g-aryshkier"
    ["file_id"] => string(6) "170088"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423499160"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Планирование  урока на тему: "Т???ыш ?арышкер - То?тар ?уб?кіров" "
    ["seo_title"] => string(68) "planirovaniie-uroka-na-tiemu-tu-n-g-ysh-g-aryshkier-tok-tar-ub-kirov"
    ["file_id"] => string(6) "142140"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1418228528"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""То?тар - т???ыш ?арышкер" "
    ["seo_title"] => string(32) "tok-tar-tu-n-g-ysh-g-aryshkier-1"
    ["file_id"] => string(6) "208029"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430729572"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "“Т???ыш ?арышкер  Ю.А.Гагаринге 80 жыл” "
    ["seo_title"] => string(48) "tu-n-g-ysh-g-aryshkier-iu-a-gagharinghie-80-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "162991"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422435111"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства