-Балалар,мына дорбаны толтыруға маған көмектесесіңдерма?Ол дорбаны толтыру үшін мына жемістерді салуымыз керек.Әрбір жемісте бір сұрақ жасырынған,сол сұрақтарға жауап берейік.
Алма:Щ дыбысы қандай дыбыс?Алмұрт:Щ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?Өрік:Щ дыбысына қатысты сөз айт.Шабдалы:Щетка сөзіне сөйлем құра.Банан:Щетканың неше түрі бар?Мандарин:Щеткалар өлеңін жатқа айт.Сары алма:Дауысты дыбыс қандай түспен белгіленеді?Жүзім:Ащы сөзіне сөйлем құра.
-Рахмет,балалар,дорбамызды толтырдық.
III.Мақсат қою
Елі үшін серт беріп
Ешбір тыным таппаған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Тыныштықты сақтаған.(Полиция)
-Балалар,полиция сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс ?
-Клоун қайда жүреді?-Дұрыс ,клоун циркте жүреді.Олар адамдарды күлдіреді,ол жерде үйретілген хайуанаттар неше түрлі өнерлерін көрсетеді.Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасау.Ц дыбысы дауыссыз дыбыс,ол көк түспен белгіленеді.Ц дыбысы сөздің басында,ортасында кездеседі.