Мақсаты: 1. Ақпараттық: Ауыз қуысы гигиенасы туралы білімдерін кеңейту;
Тісті қалай аман сақтау керектігі туралы түсінік беру.
2. Проблеманың шешімін табу: - мұғалім құрастырған проблеманы шешуге қай тұрғыдан әрекет ететінін түсіндіреді;
- шынайы және ойлаған жағдаяттарды бір-бірінен айырмашылығын көрсете отырып, жалпы мазмұнда сипаттайды.
Технология: Сын тұрғысынан ойлау және жазу, дамыта оқыту
Стратегия: Бес жолды өлең, эссе
Керекті құралдар: оқулықтар, интерактивті тақта,ойынға керек құралдар.
Сабақтың барысы:
Сабақтың бөлімі
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Күтілетін нәтиже
Бағалау балдық жүйе
Ұйымдатыру бөлімі
Амандасу
Түзу тұру, амандасу
Сабаққа назарын аудару.
Психологиялық дайындық. Ауа райын болжату
Күн ашық,қар жауды. – 13 С0
Оқушылар ауа райын болжай алады
Үй тапсырмасын текеру. П-1
Алмат бақшадан қияр үзіп алып, оны бірден жеді.бір сағаттан соң, Алматтың іші ауыра бастады. Алматтың іші неге ауыра бастады? Алмат қандай қателік жіберді.
Эссе сұралады.
Алмат қиярды жумай жеді.сол себептен іші ауырды.Адам дұрыс тамақтану үшін алдымен қолын және тамағын таза ұстауы керек.
Эссе оқылады.
Тазалықты есте сақтайды. Кез-келген жеміс немесе көкөністі пайдаланар алдында тазалап жуу керектігін біледі.
2 балл
2 балл
Негізгі бөлім.
Қызығушылығын ояту
Видео ролик көрсетіледі.
Сұрақтар беріледі.
Көреді. Өз ойларымен бөліеді.
Көрген көрінісі туралы бөліседі.
Мағынаны таныту. А-1
-Суретті қара қай баланың тісі ауыруы мүмкін?
Кәмпит жеген баланың тісі ауыруы мүмкін. Өйткені тәттіні көп жегенде тістің ауруына әкеп соқтырады.
Тістің қандай жағдайда ауыратынын есте сақтайды.
1 балл
Оқулықпен жұмыс
Сау тіс жаүсы ма? Әлде ауру тіс жақсы ма? Жауаьһбын оқулықтан іздейік. «Тісіңді сақта» мәтінің оқып, кестені толтыр.
Сау тіс
Ауру тіс
Мәтінді оқып, берілген кестені толтырады.
Сау тіс
Ауру тіс
Тамақты жақсы шайнайды, адам келбеті әдемі, көрікті болады.32 тіс. Сөз дұры шығады.Күніне екі рет жуады.
Тамақ нашар шайналады.Адамкелбеті әдемі болмайды. 32 тістен аз болады. Көптеген аурулар туғызады.
Мәтіннен алған білімін кестеге толтырады. Таза қатесіз жазады. Нақты жауап береге үйренеді.
Оқушылар алдарына хатқалталар таратылып берідеді. Хатқалтаның ішінде тіске қажетті және қажетті емес құралдар беріледі. Сол заттарды тауып, дәлелдейді.
Тіске зиянды; ине,жіп,қалам, шөп,ермексаз кесугк арналған қалақша.
Тіс пастасымен тісті күніне екі рет тазалау үшін керек.
Шөп өте лас онымен тісті тазалауға болмайды.
Инеті тіске жағындатуға болмайды.Ол өте қатты зиян келтіреді.
Тісті қандай құралдар арқылы тазалауды біледі де, сол қажетті заттармен қалай пайдалану керектігін үйренеді.
2 балл
3балл
Бес жолды өлең
1.Не?
2.Қандай?
3.Не істейді?
4.Сөйлем
5.Мәндес сөз
Тіс
Ақ, таза
Тазалайды, жуады, ауырады
Тісті күніне екі рет жуады.
Тіс-мүше
Нақты жуап беруге дағды-ланады.
2 балл
Үйге тапсырма
Мәтінді оқып, тіс сөзі шығатындай сөзжұмбақ құрастыр.
т
а
р
а
Қ
і
н
с
а
ғ
а
т
1.Шашқа керекті құралды ата.
2.Жануарлар үйі.
3.Уақытты көрсететін құрал
Бағалау парағы
Үй тапсырмасы
сұрақтар
Ведио ролик
ойын
Бес жолды өлең
Жалпы балл
17
Қосымша материалдар
Тіс жібін қалай қолдану керек?
Тіс жібі тіс арасында тұрып қалған тамақ қалдықтары мен тіс дақтарын тазалауға арналған. Щетка оны толық тазалай алмағандықтан, тіс жібі міндетті қосымша құрал болып есептеледі. Сондықтан тамақ ішкеннен кейін, тісті щеткамен уқалап, кейін тіс жібімен тазалау қажет.
Тазалау барысы:
1. Кассетадан 30-40 см жіп тартып шығарасыз.
2. Жіптің көп бөлігін сол қолыңыздың ортаңғы саусағына орайсыз.
3. Қалған бөлігін оң қолыңыздың ортаңғы саусағына ораңыз. Сонда саусақтар арасында 10 см жіп қалу керек.
4. Жіпті сұқ саусақ пен бас бармақтың көмегімен тартып, тіс арасына абайлап өткізіңіз.
5. Жіпті тістің өткір жағына қарай қозғалта отырып, тазалаңыз. Яғни, астыңғы жақ үшін төменнен жоғары қарай, үстіңгі жақ тістерін жоғарыдан төмен қарай тазалайсыз.
6. Одан кейін жіп қызыл иектен шығарылады, бірақ тіс арасынан алмаңыз.
7. Дәл осылай қасындағы келесі тіс тазаланады.
8. Енді барып, жіпті тіс арасынан шығаруға болады.
9. Жіптің қолданылған бөлігі оң қолдың ортаңғы саусағына оралады.
10. Ал сол қолдың ортаңғы саусағынан жіптің жаңа бөлігі тарқатылады.
11. Осындай тәртіппен барлық тіс тазаланады.
12. Есіңізде сақтаңыз: екі тістің бір аралығын тазалаған жіп бөлігін екінші рет қолданбаңыз. 40 см барлық тісіңізге жетеді.
Ауыз шайқауға арналған сұйықтықтар
Бұл сұйықтықтар тіс тазалығын арттырады, тіс дағының алдын алып, ауыз қуысын жағымсыз иістен қорғайды. Биологиялық белсенді компоненттері бар біртекті сұйықтықтың белгілі бір иісі мен түсі болуы мүмкін.
Дегенмен, сұйық тазалағыштың әсері болу үшін, міндетті түрде алдымен тісті щеткамен, жіппен, тілді арнайы қасықпен тазалап алу керек. Ал ауызды бұл сұйықтықпен шайқаған соң, оны бірден түкіріп тасатаңыз.
Тілді тазалау жолдары
Ауыз қуысының күтімінде тіс тазалығы өте маңызды. Көптеген микроағза тілдің түбіндегі қыртыстарында жиналып қалады. Сондықтан, тілдің арт жағын жақсылап тазалау қажет.
Тілді тазалаудың екі тәсілі бар:
- тіс щеткасымен және пастамен;
- арнайы қасықпен.
Тілді қасықпен тазалағаннан кейін ауызды арнайы сұйықтықпен шайған дұрыс. Ал арнайы қасықты сумен жуыңыз.
Тілді паста жағылған щеткамен тазалағанда да, тіл түбінен бастап, ұшына дейін жүргіземіз. Және щетканы тілге басыңқыраған дұрыс.
Тіс пастасы құрамындағы бактерияға қарсы және күкіртті қосындыларды жоятын заттар тілді өте жақсы тазартады. Күкіртті қосындылар жағымсыз иіс тудыратындықтан, тіс пастасы тынысыңызды кеңейтеді.