Просмотр содержимого документа
«О?у ?дерісінде н?тижеге ба?ыттал?ан SMART ма?сат ?оя білу »
Тақырбы: «Оқу үдерісінде нәтижеге бағытталған SMART мақсат қоя білу»
Мақсаты: Мұғалімдердің сабақтың мақсатын дұрыс таңдау дағдысы мен сабақтың мақсаты мен болжамдалған нәтижені байланыстыра білу өзектілігі.
Міндеттері:
Сабақтың мақсатын қою мәселесі бойынша мұғалімдердің білім мен практикалық дағдыларының деңгейлерін дамыту
Заманауи мектепте оқыту мен сабақ беру тәсілдерінің өзгеруі аясында аталған мәселенің өзектілігін түсіндіру
Мұғалімдердің сабақтың әр кезеңін, әр минутын жоспарланған басты мақсатқа жету екендігін түсінулеріне ықпал ету.
Мектеп мұғалімдерінің қарым-қатынас дағдыларының дамуы мен кәсіби деңгейлерінің артуына әсер ету.
Болжамдалған нәтиже:
Мұғалімдердің сабақ мақсатын қоя білуі, мазмұнын белгілеу, күтілетін нәтижені болжамдау; сабақ мақсаты мен болжамдалған нәтижені байланыстыру; мұғалімдердің оқушыларды сабақта өз мақсаттарын қоюға үйрете алуы.
Коучинг барысы
Кезеңдері
Уақыты
Коучтың іс-әрекеті
Коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
Сәлемдесу
1 мин
Семинарға қатысушыларды қарсы алу.
Мотивация
3 мин
Сіздер бүгінгі семинарға қандай эмоциямен келдіңіз?
Қабырғаға ілінген суреттерді таңдайды. Өз ойларын айтады.
«Мозайка» әдісі
1 мин
Сурет құрастыру арқылы топқа бөлу
Берілген суреттер бойынша топқа бөлініп отырады
Тапсырма
3 мин
1.Бейнесюжет арқылы қытай даналығын тыңдату
2. Сұрақ қою
1.Бұл даналықтың мәні не?
2.Қалай ойлайсыздар, бүгінгі коучингте не туралы сөйлесеміз?
3. Сабақ барысында нені үйренміз?
Бейнекөріністі тамашалайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Тапсырма
5 мин
Әр топ берілген сурет бойынша постер құрастыруды ұсынады.
Берілген сурет бойынша постер құрастырады. Мақсатын жазады.
Постер қорғау
5 мин
Постерлерін қорғауды ұсынады.
Қатысушылар өз постерлерін қорғайды
Презентациямен жұмыс
8 мин
Коуч SMART мақсат туралы түсінік береді.
Қатысушылар SMART мақсат пен дәстүрлі мақсаттың айырмашылығын түсінеді.
Тапсырма
10 мин
Коуч мәтін бойынша сабаққа мақсат қойып, тапсырмалар құрастыруды ұсынады.
Берілген материалдар бойынша тапсырмаларды орындайды.
Постер қорғау
5 мин
Постерлерін қорғауды ұсынады.
Қатысушылар өз постерлерін қорғайды
«Бағдаршам» әдісі
1 мин
Коуч SMART мақсатты оқу үдерісінде қаншалықты қолданатынын смайлик арқылы көрсетуін ұсынады.
Қолданатындар жасыл,
қолданбайтындар сары,
күманданатындар қызыл смайликті көтереді.
Рефлексия
3 мин
Кесте толтыруды ұсынады.
Кестені толтыру арқылы кері байланыс алынады.
Қосымша №1
Қосымша №2
Топқа бөлу
Қосымша №3
Бейнекөрініс
Күннің бір шуақты күні қытай данышпаны Хинг Ши өзінің үш шәкіртімен өзен жағалауына серуенге шықты.
Жағада тоқтап:
Өзен ағысына назар салыңдаршы. Өзен – Өмір, бірде жай, бірде буырқанады. Өзен өз кейпін ешқашан қайталамайды– деді. Шәкірттері өзен ағысын ұзақ тамашалады.Олардың ойын: «Сендер өз мақсаттарыңа жету үшін не істер едіңдер?» деген ұстаздарының сұрағы бұзды.
Бірінші шәкірті:
Мен әрқашан өз мақсатыма жету үшін өмір-өзен ағысына қарсы жүземін, - деді. - Жақсы,- деді дана. Бірақ бірде өмір-өзенінің ағысына шыдамауың мүмкін. Саған айтар ақылым, мақсатыңа жету үшін қарсы жүзу қажеттілік пе? Соны анықтап ал,-деді.
Екінші шәкірті:
Мен анау ағып бара жатқан жапырақ сияқтымын. Өмір-өзен ағысымен жол-жөнекей тәжірибе жинақтаймын,-деді.
Егер Өмір-өзен сені мақсатыңа жеткізсе жақсы. Ағып бара жатқан жапырақтай қайда барарың, қайда тоқтарың белгісіз болса ше?
Сонда үшінші шәкірті: - Мен өз мақсатыма жету үшін, бірде өзеннің ырғағына көне жүзсем, бірде жағалауда демалып, күш жинап алар едім,- дейді. - Сенің жауабың жақсы, бірақ көңіліме қонбады, - дейді. Шәкірттері ұстаз сөзін ақыл таразысына салып: -Ал сіздің Өмір-өзенде жолыңыз қандай?- депті. Данагөй шәкірттеріне күлімсірей қарап:
- Мен тіпті жүзбес те едім,-деген екен. - Сонда сіз алдыңызға қойған мақсатыңызға жеттіңіз бе?,-деген екен шәкірттері.
Сонда:
- Мақсатқа жету үшін өмір ағысымен немесе қарсы жүзудің қажеті жоқ,-депті.
Қосымша №
Қосымша №
Қосымша №
Торкөзге «+» белгісін қою арқылы сұраққа жауап беріңіз.
1. Маған барлығы түсінікті болды.
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
2. Өзіме қажет материалдарды алдым.
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
3. Оқу үдерісінде қолданамын.
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
4. Білімімді толықтыруға маған әлі де осындай коучингтер қажет.