Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мерзiм ______________ № 6
Тақырып Мақсат-жетістік желкені
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: білімді іздену, ойдың, сөздің және істің бірлікте болуы, барлық жағдайда жақсыны көре білу, қарапайымдылық, өз-өзіңе деген адалдық болуы керек, жаманмен жақсыны айыра білу, патриот болу
Cынып 8 Оқушылар саны ________
Сабақ мақсаты:
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: оқушыларға өз мұратына жету жолдары туралы түсінік беру;
2.Дамытушылық: оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын арттыру;
3. Тәрбиелік: оқушыларды өз болашағына деген жауапкершілікке, сенімділікке тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
интерактивті тақта, үнтаспа, бейнематериалдар, қағаз, түсті қарындаштар
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi. № 1 «Нұрға бөлену»
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1-2- тапсырмалар, оқушы дәптері
3. Дәйек сөз.
Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсатына көзден таса етпеген сылбыр адам әлдеқайда артық Э.М.Форстер
4. Әңгiмелеу (сұхбат).
«Ойланайық, пікірлесейік» Сұрақтарға жауап алу
1) Жетістік дегеніміз не?
2) Жетістікке жету үшін адам адам қандай қасиеттер мен дағдыларды өз бойынна сіңіру деп ойлайсыңдар?
3) Өмірілік мұратына, белгілі бір жетістікке жетуге қандай адамның мүмкіндіктері көп болады?
4) Мақсатқа қол жеткізу оңай ма?
«Оқып үйренейік» Мәтінмен жұмыс
Қазақ халқының көрнекті қайраткерлерінің өмір, адамгершілік, мақсат пен мұрат туралы ой-пікірлерімен танысу. М. Әуезовтың, Т. Әубәкіровтың т б.
5. Бейнематериалдар көру:
«Қазақ халқының көрнекті қайраткерлері»
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Тұжырымдамалардағы өзекті ойлардың түйінін тауып, өз ойларын толықтыруға ұсыну.
1) Мақсатыңды нақтылап азуың-жетістікке жасаған алғашқы қадамың
2) Мақсатты өмірдегі нақтылы мүмкіндіктеріңе сай таңдап ал.
3) Ұсақ мақсаттар қою көп күш жұмсауды қажет етеді.
7. Үй тапсырмасы. «Бүгіннен-жарқын болашағыма!» тақырыбында жоба (мақсат, әрекет, құрал, уақыт, нәтиже) құрып келу.
8. Топпен ән айту Қадыр Мырзалиевтың «Мақсат» атты өлеңін бір-біріне шумақтан оқыту.
9. Соңғы тыныштық сәтi. Көздеріңізді жауып, бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді естеріңе түсіріңіздер. Қандай жақсылықты білдік, соны жүректеріңе сақтандар. Рахмет!