Математика | Уақыты: 25.11.2016 ж | Сыныбы: 4 «а» | Мұғалімі: Әбжами Гүлназ |
Сабақтың тақырыбы | Теңдеу және оны шешу тәсілдері |
Сілтеме | Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор |
Сабақтың жабдығы | қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер |
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі | Есепті теңдеу құру арқылы шығару қабілетін қалыптастыру,есептеу дағдысын жетілдіру. |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
Топқа бөлу | Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз. | Сол суреттерге байланысты төрт топқа бөлініп отырады |
Ынтымақтастық атмосферасы | Күн жарығын алақанға саламын. Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. | Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. |
Бағалау парақшасымен таныстыру | Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген. | Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады |
Үй тапсырмасын пысықтау | Сұрақтарға жауап беріңдер. 1)Жұмыстың жылдамдығы (өнімділік) 2) Әріппен белгіленіп,ауыспалы шамамен берілген теңдік (теңдеу) 3) Арифметикалық амал, кері көбейту (бөлу) 4) Бұрыштарды өлшеуге арналған құрал ( транспортир) 5) Бөлу амалының нәтижесі (бөлінді) Ауызша тапсырма Жай теңдеу тақтаға орындаңыз. Х+160 = 350 120+х = 205 х= 350-160 х= 205-120 х= 190 х = 85 190+160 = 350 120+85 = 205 |
Жаңа сабақ | Оқулықтағы тапсырмаларды топпен бөліп орындау. Дәптермен жұмыс. Екі теңдеудің шешу тәсілдерін салыстыр не байқадың? х+420=567420 х+420=567000+420 х=567420-420 х+420=567420 х=567000 х=567420-420 567000+420=567420 х=567000 |
Ой толғаныс | №7 есеп Арасы 27 км екі ауылдан бір мезгілде екі жаяу адам бір-біріне қарама-қарсы шықты да, 3 сағаттан кейін кездесті.Біріншісінің жылдамдығы 4 км/сағ. Екіншісінің жылдамдығы қандай? (дұрысы тышқанмен шерткенде жасыл түске боялады) №8. Есепті әртүрлі тәсілмен шығар. Оқушы үш күнде көркем шығарманың 90 бетін оқыды.Күніне осындай шапшаңдықпен оқыса, ол 6 күнде неше бет оқиды? (дұрысы тышқанмен шерткенде жасыл түске боялады) |
Шығармашылық тапсырма | |
Үй тапсырмасы | 106-бет шығармашылық тапсырма | Оқушылар күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Кері байланыс:«Екі жұлдыз, бір тілек» | Бағалау парақшасын толтырады |
Кері байланыс |