kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздік туы желбіре!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка содержит материалы четвертого класса

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік туы желбіре!»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік туы желбіре»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру. Оқушылардың тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейте түсу.

Көрнекіліктері: компьютерлік слайдтар, рәміздер, елбасының суреттері,т.б.

Барысы:

Жүргізушілер: Роза, Самира

Роза: Бастаймыз ба?

Самира: Нені?

Роза : «Тәуелсіздік туы желбіре» атты тәрбие сағатын

Самира: Бастасақ бастайық.

Роза : Алдымен амандасуды ұмытып кетпейік.

Самира : - Жоқ, біз еш уақытта амандасуды ұмытпаймыз.

Роза : Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар!

Самира : «Тәуелсіздік туы желбіре» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Роза: Биыл еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республикасы атанғанына 23 жыл да болып қалыпты





















Самира : Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.

Роза : Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.

Самира :Абылай заманы – батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.

Роза : - Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

Самира: - Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.

Роза: - 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.

Самира : - Бұл – теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.

Роза: - Бұл күн – халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.

Қазақстан – қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл!
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл:
Т- Білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті
У- уайымсыздық, уақытты,
Е- егемендік, елдікті.
Л- дейді лағып, лепірме,
С- сенімділік секілді ең,
І- ілтипат пен ізет қой,
З- зиялылық тілек қой,
Д- шақырады достыққа,
І- Ізгілікті ниетпен,
К- дейді: күн бол көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

Мұғалім сөзі: Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттігін құра бастаудың алғышарты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын» қабылдау болды. Өзінің толық субъектілігін Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдау арқылы рәсімдеді. Сол нұрлы таңмен арайланып, байтақ еліміздің алтынмен апталған Ата Заңы өмірге келді. Туған еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің қасиетті нышандары аспан түстес зеңгір көк Туымыз, айшықты Елтаңбамыз бен асқақ Әнұранымыз екенін өздеріңізде жақсы білесіздер.

Роза: - Әнұраным-жан ұраным

Айтар әнім,сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп

Самира: Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

























Самира: «Орнында бар оңалар» дегендей, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады; ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағы көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Роза.: Енді өз еліміз өз ұлтымыз туралы не айтасыңдар?

Самира: Еліміздің Рәміздері жайлы не айтасыңдар?

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін.

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

Туған жер, Қазақстан-Отан-Ана,

Атымыз сенен бөлек атала ма?

Күн құшақ сенің ыстық мейіріңе,

Тасың да тебіренбей жата ала ма?


Бәрі болған қазақ деген көне елде,

Ел белгісі де, ерлік, өнерде

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді, ту болмады дегенге?!


Жұлдызбын, көктегі жымыңдаған

Қасиетімді сәуегей дана білген,

Ұрпақпен болашаққа бірге барам,

Ақ сәулемді бойым ала білгем.


Шаттық қонған ұяға,

Шаңырақтан нұр төгер жадырап күн

Бақытқа қолын созған бар қазақтың,

Сан ғасыр отын үрлеп, шамын жақтың


Мен- керегемін, керегемін

Ілінген ақ сауыты берені ердің

Ірге ұрып қараса керегеден,

Кеңестігі көрінер кемел елдің.


Мен тұлпармын, дүлдүлмін, пырақ атпын,

Жаяу жүріп аттыны сынамақ кім?!

Арасында адалдық орнатамын

Жұптасқан ел- жұртпенен жырақ атын.


Мен Қазақстанмын!

Болашаққа сәлемін жолдайтұғын

Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын

Тұғырын сары алтыннан сомдайтұғын.

Батырлыққа уызына жарыған

Ел төркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!


Енді бүгін өлген туым тірілді

Әнұраным жалғап алды ғұмырды

Босағада қалып келген Елтаңба

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Роза: Біз сіздермен бірге тарихқа шолу жасайық. Тәуелсіздігіміз жариаланғаннан кейінгі аз уақытта көптеген жетістіктерге жетті.

Самира: Сол жетістіктерді атап өтейікші.

Роза: «Жас Ұландар» әні орындалады.Хор.











Әдеби монтаж.

Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала

Әр адамда өз анасынан басқада

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

Болу керек құдыретті төрт ана


Туған жері – түп қазығы айбыны.

Туған тілі – сатылмаитын байлығы

Туған дәстүр, салт санасы тірегі

Қадамына шуақ шашар үнемі.


Төрт анасын қорғамаған халықтың

Еш қашанда хақ бақ жұлдызы жанбаған

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырымның тынысы

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы


Отан – тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз халқың.
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтер көкке ел даңқын.

Роза: - Қазақ халқында қорқақтықты, менмендікті, кекшілдікті, жалқаулықты шегіне жеткізе сынап, ал адалдықты, батырлықты еңбекқорлықты мадақ ететін мақал-мәтелдер өте көп.

Самира: Осындай жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп өсейік, ал жаман қаситтерден бойымызды аулақ ұсатайық.

Роза: Осыдан 28 жыл бұрын яғни, 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысты. Дүниенң дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті. Ал енді осы біздің осындай егеменді, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымыз тарихта аты мәңгі қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаммеджанова, Е.Сыпатаев ағаларымыз бен апаларымыздың арқасы.

Самира: Желтоқсан оқиғасы Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев, Л.Асанова, С.Мұхаммеджанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді. Желтоқсан жұлдыздары Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Л.Асанова, С.Мұхаммеджановаға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

Роза: «Нашақор» деп, «Ұлтшыл» деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір түнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Озбырлық күштен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер-Қайрат қыршын кеткен күн.

Самира: Көрініс « Қайратқа тағылған жала»

Роза:«Желтоқсан оқиғасы» қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келегенінің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

Әдеби монтаж:

Көк аспандай - туларың

Желбірейтін күні бұл,

Елім деген ұлдардың

Елжірейтін күні бол.


Атамекен – ақ үйдің

Азат болған күні бол

Құндақтағы сәбидің

Қазақ болған күні бұл.


Жұпар шашқан гүлімнің

Жаңа ашылған күні бұл

Менің ана тілімнің

Бағы ашылған күні бұл.


Алты алаштың баласы

Қауымдасқан күні бұл

Бір бірімен жарасып

Бауырласқан күні бұл.


Қазақстан ! туды алтын дәуірің,

Алған дайсың жұлдыздардың жарығын

Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік – ел бақыты, ертеңі

О , халайық!

Құтты болсын Қуаныш.

Алтын заңың құтты болсын

Туған күнің құтты болсын, алыбым!


Самира: «Жаса Қазағым» әні. Орындайтын: Тасболат Омар


Самира: - Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің елімізге арнаған сөзінде «…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» деген еді.

Роза: Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін хақ тағала баянды еткей!

Мұғалім сөзі:- Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі, - деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Самира: Концерттік бағдарламамызды көріп тамашалаңыздар.

Роза: «Шашу» биі

Самира: «Алға Қазақстан» әні. Орындаитын:Кемелбек Нұрғиса











Роза: «Это мой Казахстан»әні. Орындайтын:Сейтбекова Самира

Самира: Осымен «Тәуелсіздік туы желбіре!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Қорытынды сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Омарова Ғалия Көшерқызы және Тұрғанбай Алмас Баязитұлына береміз.







«Қайнар» мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі










Өнегелі тәрбие сағаты


























Дайындаған: Мамыртаева Д.У.


2014 – 2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Тәуелсіздік туы желбіре!

Автор: Мамыртаева Дана Умирзаковна

Дата: 04.01.2017

Номер свидетельства: 375415

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Т?уелсіздік туы желбіре!"
    ["seo_title"] => string(27) "t-uielsizdik-tuy-zhielbirie"
    ["file_id"] => string(6) "263568"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449573359"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Тәрбие сағатының жоспары "Тәуелсіздік туы желбіре""
    ["seo_title"] => string(55) "t_rbiie_sag_atynyn_zhospary_t_uielsizdik_tuy_zhielbirie"
    ["file_id"] => string(6) "469745"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1526402840"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Сценарий "Тәуелсіздік туы желбіре!""
    ["seo_title"] => string(38) "stsienarii_t_uielsizdik_tuy_zhielbirie"
    ["file_id"] => string(6) "448748"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1515508939"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "«Т?уелсіздік бастауы»"
    ["seo_title"] => string(18) "tuielsizdikbastauy"
    ["file_id"] => string(6) "273353"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452188011"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) ""Т?уелсіздік - ел т??ыры""
    ["seo_title"] => string(20) "tuielsizdikieltugyry"
    ["file_id"] => string(6) "319562"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460886119"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства