Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік таңы"»
«Қамысты ауданы әкімдігі білім беру
бөлімінің №2 Қамысты орта мектебі» ММ
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тәуелсіздік таңы
Мақсаты:
1. Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларғажелтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
2. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
3. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе
-Қазақстан Республикасының гимні. Хор.
(Боран, дауысы).
Мұғалім сөзі
-Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Мұғалім сөзі
1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды.
Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды.
Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс - Қыздар, мен газет әкелдім. - Не жаңалық шығыпты? - КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді тағайындапты. - Колбин деген кім екен? - Қайдан келіпті? - Колбин Ульяновтан келіпті. - Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын! - Біз демократияны талап етеміз. - Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік! 1-оқушы Әділет
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
2-оқушы Бекзат
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата-баба аруағына сыйынып.
3-оқушы. Тамирлан
«Нашақор»-деп, «ұлтшыл»-деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп, бір түнде
Қайғыға халық батқан күн.
4-оқушы. Арман
Намыс үшін күрессең мазақтар кім?
Құлға айналу азабы азаптардың.
Қаны төгілді желтоқсан алаңында,
Бодандыққа көнбеген қазақтардың.
Көрініс
-Қайрат пен тергеуші
Тергеуші:
-Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?
Қайрат
-Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде
Тергеуші
-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.
Қайрат
-Мен оны көргенім жоқ
Тергеуші
-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.
Қайрат
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар... (сүйреп әкетеді).
-Желтоқсан желі өлеңі орындайтын,
Мұғалім сөзі
-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы , бостандығы егемендігі үшін күресті.
-Мың рет естігенше бір рет көр демекші назарымызды тақтаға аударайық.
Слайд (Желтоқсан ызғары)
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.
Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік)
Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Халқымыздың егемендік жолында құрбан болғандарын дәлелдеп желтоқсан қаһармандарын ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа Ахмет ағаларымыз көп еңбек етті.
Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толуда.
Көрініс Күй «Детство»
«Мейіржанның хаты»
-Мейіржан сен не жазып отырсың?
-Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атама хат жазып отырмын.
-М-м-м.
Құрметті Нұрсұлтан ата!
Сізді бүкіл еліміз жақсы көреді. Елге сіңірген еңбегіңізді
ата-аналарымыз ауыздарынан тастамай үлгі етіп айтып отырады. Біз онсыз да сіздің ерлік істеріңізді жақсы білеміз.
Бүгінгі таңда осындай жарық та әсем мектепте оқып жатқанымыз сіздің адал еңбегіңіздің арқасы .Жыл сайын бізге жақсылық жасап ортамызда жүре беріңіз. Сіздің өміріңіз қашанда бізге үлгі. Өскен соң біз де сіз сияқты «Халықтың ұлы болғымыз келеді». Өміріңіз ұзақ болсын, ата! Келешекке сеніміміз мол. «Тәуелсіздігіміздің 25жылы құтты болсын»!
Тамирлан
16-желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Томирис
Азат өлкем күндей күлген шығыстан, Асыл елім жан - жүректі ұғысқан. Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Диана
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Әділет
Қуанбас ем күлмес ем,
Отан сені сүймесем
Сенің арқаң гүлденсем
Анам да сен, үй де сен.
Мұрат
Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш! Дайана
Астана біздің сәніміз,
Білім біздің нәріміз
Азат елдің тірегі
Болайықшы бәріміз.
Тәуелсіздіктің шыңы
1. 1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.
2. 1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.
3. 1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.
4. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.