kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты: "Менің Отаным Қазақстан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағаты патриоттық түрде құрастылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты: "Менің Отаным Қазақстан"»

Жалпы білім беретін № 4 орта мектеп











Тәрбие сағаты





Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан!»









Сыныбы: 1 «ә»

Өткізген: Касымова Г.А.

Тексерген: Рабаева А.Ж








2016 - 2017 оқу жылы



Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан!

Мақсаты: Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғымдарын қалыптастыру. Отанды сүюге, Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер

Тәрбие сағаттың түрі: сұрақ-жауап, сипаттау,жинақтау.

Тәрбие сағатының барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

– Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Сіздер бүгін ерекше көңіл-күймен, әдемі киімдеріңізбен келіпсіздер.

–Оқушылар,кішкене ойын ойнап жіберейік.Мен сөйлемдер айтамын, дұрыс айтылса шапалақтаймыз, қате айтылса шапалақ соқпаймыз.

1.Бүгін білім күні. (шапалақ соғады)

2.Сіздер бала-бақшаға келдіңіздер. (шапалақ соқпайды)

3.Сіздер сыныпқа келдіңіздер. (шапалақ соғады)

4.Сіздерді дәрігер қарсы алды. (шапалақ соқпайды)

5.Сіздер Ақсай қаласы №4 жалпы орта білім беретін мектепке келдіңіздер.

6.Енді сіздер оқушы атандыңыздар. (шапалақ соғады)

Шаттық шеңбері

Оқушыларды шеңберге тұрғызып, «Гүл сыйлау» ойыны арқылы таныстыру.

II.Негізгі бөлім

–Жарайсыңдар.Енді, тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Психологиялық дайындық

Туған жер – қамқор анамыз,

Біз болашақ панамыз.

Шаттық берген өмірде,

Шамшырақтай жанамыз.

–Балалар, міне сіздер бүгін мектеп табалдырығын аттап, бал дәурен балалық шақтарыңызбен қоштасып, білімге талпынған үлкен қадам жасағалы отырсыздар.

–Сіздердің білімдеріңізді байқап көру үшін, сіздерге сұрақтар қоямын.

Слайд. Қазақстан суреті.

-Біз қай елде тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында

-Дұрыс,Қазақстан – қазақ елі, ертеден ата-бабамыз қоныс еткен жер.Қазақ жері – ұлан байтақ ел.

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Балалар,1991 жылы 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық президент сайлауы нәтижесінде алаш жұртының абзал перзенті, халқы таңдаған қаһарман, елі таңдаған ер тұлға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында жеңіс туы желбіреді.

-Балалар, біздің Отанымыздың астанасы қай қала?

-Астана

-Сіздер, Астанаға барып көрдіңіздер ме?

-Ия

-Астана қандай қала?

-Астана әдемі, жас қала.

-Көркі көз тартатын, сәулетті де сәнді, айшықты да айбарлы Астана – барша Қазақстандықтардың сүйікті қаласы.

Астана қаласына көрік беріп тұрған бұл айшықты ғимараттар.

–Ендеше, қазір сол ғимараттардың бірін көрейік.

-Бұл ғимарат қалай аталады?

-Бәйтерек.

-Дұрыс. «Астана-Бәйтерек» монументі 2002 жылы салынған.Бәйтерек Астана төрінде көк тіреп тұр.Биіктігі 97 метр.


–Қазақ елін,қазақ екенімізді танытатын қандай рәміздеріміз бар?

–Ту. Елтаңба.Әнұран.

–Дұрыс айтасыздар.Әрбір Республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны , елтаңбасы, туы болады.

–Ту, елтаңба, әнұран жайында не айтасыздар? (оқушылар өз ойларымен бөліседі)

–Қазақстан Республикасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі?

1-оқушы

Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.


2-оқушы

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

3-оқушы

Елтаңбасы елімнің,

Қандай әйбат әдемі

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

4-оқушы

Отанды біз мекен еткен

Деп аялап айтамыз

Өйткені онда мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

5-оқушы

Осынау елде бақ табам

Осынау елде шат балам

Мерейін елдің арттырған

Астанам менің – Астанам!

–Өте жақсы, сіздер рәміздер туралы, Отанымыз туралы көп біледі екенсіздер.Барлық сұрағыма жақсы жауап бердіңіздер.Осы рәміздермен қатар құрметтеуге міндет және оған бағынуға тиісті Ата Заңымыз бар.Ол – Конституция.

Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына күні кеше 30 тамызда 20 жыл толды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз – Негізгі Заңға құндылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.» – деген екен.


Рефлексия

Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы.

Қазақ елі – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.Бізде ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар: орыстар, өзбектер, кәрістер,ұйғырлар, татарлар т.б. Қазақстан сондықтанда көп ұлтты мемлекет болып саналады. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отанын жанындай жақсы көреді, сүйеді,көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

III.Қорытыңдылау.

-Балалар, сіздер өміріміздің жалғасы,еліміздің қорғаны, тірегі болыңыздар!

Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта, бар қалан»– деп, бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Тәрбие сағаты: "Менің Отаным Қазақстан"

Автор: Касымова Гульжан Акатовна

Дата: 29.03.2017

Номер свидетельства: 404714

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Т?рбие са?аты"Мені? Отаным -?аза?стан""
    ["seo_title"] => string(41) "t-rbiie-sag-aty-mienin-otanym-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "247637"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446605576"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Т?рбие са?ат. " Мені?   Отаным - ?аза?стан"""
    ["seo_title"] => string(32) "trbiiesagatmieninotanymkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "321609"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1461333657"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Білім к?нінде ?ткізген т?рбие са?аты "Мені? Отаным-?аза?стан" "
    ["seo_title"] => string(67) "bilim-kunindie-otkizghien-t-rbiie-sag-aty-mienin-otanym-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "239471"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444804281"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Т?рбие са?аты "Мені? Отаным-?аза?стан""
    ["seo_title"] => string(43) "t-rbiie-sag-aty-mienin-otanym-k-azak-stan-4"
    ["file_id"] => string(6) "334367"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1465854628"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Ашы?  т?рбие  са?аты   Мені? Отаным - ?аза?стан"
    ["seo_title"] => string(47) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-mienin-otanym-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "253153"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447526110"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства