kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты- "Берекелі дастархан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

пппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппп

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты- "Берекелі дастархан"»

Берекелі дастархан.

Мақсаты:

1. білімділік: оқушыларды дастархан басында сақталатын рәсімдермен, ырым – тыйымдармен таныстыру; ұлттық тағамдарымыздың қасиеті мен ұлттық ыдыс – аяқтармен таныстыру;

2. тәрбиелік: оқушыларды дәстүрді сақтауға, тағамдарды қастерлеуге, ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу;

3. дамытушылық: оқушылардың мәнерлеп айту дағдыларын қалыптастыру, тілдерін дамыту, сөздік қорын байыту;

Көрнекілігі: нақыл сөздер, ыдыс – аяқ суреттері, қанатты сөздер.

Тамақты тарта жесең санаңды ашар, көп жесең ұйқы басар”,

Таспен атқанды аспен ат”, “Дүниедегі байлықтың түрі көп, ішіндегі ең негізгісі де осы нан байлығы”.

Барысы:

Жоспар:

  1. Дастархан басындағы дәстүрлер.

  2. Ырым – тыйымдар.

  3. Асты қалай ішу керек?

  4. Түрлі – түрлі тағамдар.

  5. Ыдыс – аяқ туралы жұмбақтар.

  6. Қорытынды.



I. Дастархан басындағы дәстүрлер.

1) Халық қуанышты да , қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу – бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан халық дастарханды “Құттыханның берекесі” деп қасиет тұтады.

2) Дастарханнан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды.

3) “Таспен атқанды аспен ат” дер халық бекер айтпаған. Себебі дастархан дәмі – киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астың киесі ұрады дейді.

4) Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той – томалаққа, ас – су беруге жайылады.

5) Онда ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады.

6) Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басында асты ең алдымен ата – анаға, үлкенге ұсынады.

7) Ас ішу кезінде ауызды сылпылдатпай тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.

8) Дастархан жанындағы адамдар жасына қарай отырады.

9) Тамақ ішер алдында, тамақтанып болған соң қолға су құйылады. Құйылатын су жылы болу керек.

10) Су құйдым құманмен

Қолына мен әжемнің

Содан кейін оған мен

Орамалды әпердім.

11) Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.

12) Тамақтанып болғаннан кейін дастархан баындағы ең үлкен, әрі құрметті адам асқа бата береді.

13) Тойға жайылған дастарханға қойылатын ас тәртібі оған адамдардың достық, туыстық қатынастарына байланысты орындалады.

14) Қазіргі тойларда дастархан жаю – мәдениетті дәстүр. Онда барлық түрлері болады. Әсіресе жеміс пен көкөніс дастарханның сәні.

15) Той дастархан – той үлгі,

Бай дастархан жайылды.

Атап – атап ас қойдық,

Атаға деп бас қойдық.

16) Жамбас қойдық құдаға,

Жал мен жая сыбаға.

Қалақтай төс жездеге,

Қазы – қарта өзгеге.

17) Балаларға тортымыз,

Барлық жұртқа құртымыз.

Балмен піскен қуырдақ,

Балмен тәтті бауырсақ.

18) Уыз, қаймақ тағы бар,

Уылдырық табылар.

Табан, сазан, майшабақ,

Табақ тартып қайталап.

19) Қауын – қарбыз, көкөкніс,

Қанша жидек, көп жеміс.

Қане, тойда тойыңдар,

Кәдеден соң ойын бар.

II. Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар.

  1. Ас жүрген жер – береке.

  2. Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды.

  3. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

  4. Нанды бір қолмен үзуге болмайды.

  5. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.

  6. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды.

Сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламағандық және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бұл жүзің сынық, көңілің жарым болсын дегенді аңғартады.

7) Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.

8) Ас ішіп болған соң “тойдым” деуге болмайды, “қанағат” деу керек.

9) Дастарханнан аттауға болмайды.

10) Ас үстінен аттама,

Астан үлкен емессің.

11) Ертеңгі асты тастама,

Кешкі асқа қарама.

12) Өле жегенше,

Ағайынмен бөле же.

13) Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.

14) Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.

15) Балаға ми жеуге болмайды.

Ми жемейді жас бала,

Миды ұсын басқаға.

Былжыр болып өсесің,

Ынжық болып – масқара.

16) Жас балаға ұстатпайды бұғана,

Онда қортық өсер дейді бұл бала.

Балаға бұғана ұстауға болмайды,

Бойымыз өспей қалады.

III. Ас ішу тәртібі.

1) Тарта жесең тай қалар,

Қоя жесең қой қалар.

Қоймай жесең не қалар.

Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.

2) Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.

3) Тамақ ішіп отырып кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.

4) Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті витаминдер болады. Сондықтан тамақты талғамай ішу керек.

5) Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдарын адамға өте пайдалы. Ұлттық тағамдарымызға бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз, шұбат, құрт т. б. Жатады.

IV. Түрлі – түрлі тағамдар.

1) Алға жайып тұз – дәмін,

Келтіреді үй сәнін.

Ол халқымның ақ жаны.

Жақсы дәстүр маржаны,

Кең пейіл де арайлы

Осы жерден тарайды.

Бұл не?

(Дастархан)

2) Беттескен қос табақ,

Ортасында бас табақ.

Қоз бен шоққа ораса,

Дәм піседі тамаша.

Бұл не?

(Таба нан)

3) Өзі ащы

Бірақ

Дәмді етер асты.

Бұл не?

(Тұз)

4) Түсі аппақ,

Тысы қатты – ақ.

Екі түрлі уызы,

Жесең тәтті – ақ.

Бұл не?

(Жұмыртқа)

5) Қос басы жұмыр,

Жіңішке құбыр.

Ішіне жинаған,

Дәмі де шымыр.

Бұл не?

(Жілік майы)

6) Аппақ су, дәмі тәтті.

Ішсең сусын, қандырар

Шөлдегенде қатты.

Бұл не?

(Қымыз)

7) Ең мықты дәрі,

Жұрттың бәрі

Аңсап ішер,

Бал татыр дәмі.

Ненің нәрі?

(Шұбат)

8) Сұйық әрі аппақ,

Бауырдай боп қатыпты.

Ішсең дәмі тәтті – ақ.

Бұл не?

(Сүт пен айран)

9) Мал төлдеп,

Әр ауыл

Пісіреді ақ бауыр.

Бұл не?

(Уыз)

10) Әжем уыстап сығып

Далада кептірген.

Қатты әрі тәтті,

Дәмін кім бар жеп көрген.

Бұл не?

(Құрт)

11) Аспан түстес суық,

Әркім ішер сұйық.

Бұл не?

(Су)



V. Ыдыс – аяқ туралы жұмбақтар.

1) Төңкерген күмбез сынды,

Шалқайтсаң құдық сынды.

Жиегінде қос құлағы бар,

Тік көтерген үш бұрағы бар.

(Қазан)

2) Иінінде құлағы,

Ішінде бұлағы.

Көмейіне от салсаң

Ызылдап тұрады.

(Самаурын)

3) Отқа қойсаң елпілдеп,

Быж – быж етіп тұншығар.

Тақиясы селкілдеп,

Танауынан су шығар.

(Шәйнек)

4) Басы құдық,

Сабы сырық.

(Ожау)

5) Сабы бар, басы шатыр.

Табысын өлшеп әкеп

Құдыққа тасып жатыр.

(Қасық)

6) Өткір жүзді келеді,

Өте қажет құрал ол.

Тұтас затты бөледі,

Ұсақтап та турар ол.

(Пышақ)

  1. Шеңберлі есігі бар,

Жүздеген тесігі бар.

Ішіне кіргендердің

Ұсағы жол табады,

Ірісі тор қалады.

(Елеуіш)

  1. Шеңбер түрі,

Ауызы тарлау

Шыны күбі.

(Құмыра)



  1. Балшықтан істеген ыдыс не? (Құмыра)



  1. Күбіге құйып піскен не? (Қымыз)



  1. Ұйытып қойып ішкенім не? (Айран)



  1. Табаға салып жапқаным не? (Таба нан)



  1. Үйтіп қазанға асқаным не? (Бас – сирақ)



  1. Сөреге кептіріп жайғаным не? (Құрт)



  1. Кілегей шайқап алғаным не? (Май)



  1. Тұзын көріп татқаным не? (Сорпа)



  1. Келіге түйіп ақтадым не? (Тары)



VI. Қорытынды.

Балалардың біздің салт – дәстүрлеріміз бен әдет – ғұрыптарымызды білу керек. Соның бірі бүгін қарасырып отырған “Берекелі дастархан” атты тәрбие сағатымызда біраз нәрселерді меңгерсе керек. Тамақтың қалай ішілу керектігі, қонақты қалай күту керектілі, күнделікті тамағымызды қалай ішу барысында қандай жағдайларды ескпру керектігін үйренді. Бұлда бір әдептілікті, тәртіптілікті, қадірлеуді қажет ететін сабақтардың бірі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Тәрбие сағаты- "Берекелі дастархан"

Автор: Нуруллаева Лаззат Кабибуллаевна

Дата: 03.03.2017

Номер свидетельства: 397441

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Т?рбие са?аты: «?желер сыны» "
    ["seo_title"] => string(29) "t-rbiie-sag-aty-zhielier-syny"
    ["file_id"] => string(6) "141293"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1418095797"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Тәрбие сағаты: "Туған жерді сүйемін""
    ["seo_title"] => string(39) "t_rbiie_sag_aty_tug_an_zhierdi_suiiemin"
    ["file_id"] => string(6) "415733"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494910495"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""??да  т?су"  т?рбие  са?аты"
    ["seo_title"] => string(27) "k-u-da-tusu-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "252968"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447497160"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Наурыз думан. Т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(28) "nauryz-duman-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "164178"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422603822"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "?аза?ты? ?лтты? салт-д?ст?рлері. "
    ["seo_title"] => string(35) "k-azak-tyn-u-lttyk-salt-d-sturlieri"
    ["file_id"] => string(6) "164133"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422597872"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства