Сабақтың тақырыбы: Сыпайылық | Мұғалімнің аты-жөні: Утепбергенова А. Күні: 28.09.2017ж. |
СЫНЫП: 2 «В» | Қатысқан оқушылар саны: 24 | Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.1.1.4 бақылау мен сұрақ-жауап арқылы тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктері нің құрылымын, олардың қайдан келетінін білу |
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
Бағалау критерийі | Жеке,топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған асықтар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Музыка, дүниетану, қазақ тілі. |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланған уақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері |
Басталуы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Оқушыларды асық түстеріне қарай таңдаған топтарға бөлінеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут Бір , екі , үш, Бойға жинап күш. Дүниетану сабағын бастаймыз, Білімнен біз қашпаймыз. «Ребус» шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу. ,,, ,,, ,, ,, Ы | 1-топ:«Тәртіпті» 2-топ: «Әдепті» 3-топ: «Үлгілі» 4-топ «Ұқыпты» Ребустың шешуі: «Сыпайылық» |
Жаңа білім 10 минут | Білу және түсіну Үш тілділік: Сыпайылық-Вежливость-polit Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Сыпайылық (әдептілік, ізеттілік) — адамдарды сыйлау, қарым-қатынас пен өзара қатынастың күнделікті нормасы мен ережесіне айналған, айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың әдетті тәсілі болып табылатын тұлғаның адамгершіліктік-психологиялық қасиеті, мінез бітісі. Сыпайылық – адам бойындағы құнды қасиеттердің бірі. Сыпайы болу, әйел затына да, ер адамға да тән. Әсіресе бұл қасиет, қыз баласының бойынан табылу қажет. Сонау ата-баба заманынан, біздер үшін, яғни, қазақ халқы үшін тәрбиенің маңызы зор екені бәріне белгілі. Ал тәрбиелікке не жатады?! Оған: үлкенге құрмет, кішіге ізет, қарапайымдылық сынды қасиеттер жатады, ал айтылған қасиеттердің барлығы сыпайылықтан бастау алмайды ма?! Демек, сыпайылық – тәрбиенің белгісі... Қазақ қашанда қызын төрге шығарып, гүлге теңеп өсірген. Оған берілетін тәрбие де бөлектеу болған. Ұл баланы былай қойғанда, қыз баланың бойында сыпайылық міндетті түрде болу керек. Өткені, қыз бала – ол болашақ жар, бір үйдің түтінің түтіндетіп отыратын келін, аяулы ана. Сыпайылық таныта білетін қыздың бойында, басқа да жақсы қасиеттердің болатыны сөзсіз де түсінікті. Мұндай қыз – ата-анасының абыройы, қуанышы мен мақтанышы. «Жариялау» әдісі арқылы «Сиқырлы сөздерді» қолдана отырып, дәлелдеу. | Үштілділік Оқулық, мәтіндер. |
Ортасы 10 минут | Қолдану Оқулықпен жұмыс. Суреттерге қара. Балалар әдеп ережесін сақтай білді ме? Оларды әдепті деуге бола ма? Қоғамдық орындарда қандай ережелерді сақтау керек?. Талдау Жаңа тақырыпты қиынды суреттер арқылы бірге отырып талқылап, постер қорғайды | Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады. |
Сергіту сәті 2 минут | Сергіту сәті. «Қара жорға» | видеожазба |
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут | Синтез «Зырылдауық» ойыны арқылы сұрақ –жауап әдісін қолдану Балалар сыпайы сөздерді қолданып біледі ме? (Көрініс көрсету) | «Зырылдауық» әдісі арқылы оқу әрекетін ұйымдастыру. |
Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут | Фигуралар арқылы бағалау. «Бағдаршам» | Фигуралар |
Үйге тапсырма: Мазмұндау. |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.Көрініс 2.Ребус шешеу Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.«Зырылдауық» ойыны 2. Топтық жұмыс |